ИБЖ "Light" және "Mobile" нұсқалары
Интернет банкинг жүйесінің стандартты нұсқаларының негізінде жүйенің қосымша "Light" және "Mobile" web-нұсқалары іске асырылды. Бұл нұсқалардың арасында толық үйлесімділік бар, яғни Интернет банкинг жүйесінің стандартты нұсқаларында жасалған төлемдер ИБЖ-нің "Light"және "Mobile" нұсқаларында қарау және мақұлдау үшін қолжетімді.
"ИБЖ Light" және "ИБЖ Mobile" нұсқалары Банкке төлемдерді жөнелтуді көздемейді, себебі электрондық құжаттарды жөнелту үшін жүйеде электрондық сандық қолтаңбаны пайдалану қажет.
Банкке теңгемен жасалған төлемдерді, валютамен операцияларды жүргізу туралы өтініштерді жөнелту тек ЭСҚ-ны пайдалану арқылы ИБЖ-нің стандартты нұсқаларында ғана мүмкін болады.
"ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГ" ЖҮЙЕСІНІҢ "LIGHT" НҰСҚАСЫ (lib.bcc.kz) – БҰЛ ЭСҚ-НЫ ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІН, ДИНАМИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ҚҰРАЛДАРЫН (ОТР-КАРТА, ОТР-ТОКЕН) ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНАТЫН ИБЖ-НІҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НҰСҚАСЫ.
ИБЖ-нің "Light" нұсқасының және ИБЖ-нің стандартты нұсқаларының интерфейсі бірдей.
Бұл нұсқа Банкке жөнелтпейтін, тек құжаттарды, өтініштерді жасап және импорттайтын және банктік есепшоттар бойынша есеп құрастыратын және т.б. пайдаланушы компаниялар үшін өте ыңғайлы.
ИБЖ-нің "Light" нұсқасында банкке төлем құжаттарын жөнелтуден басқа, ИБЖ-нің стандартты нұсқаларындағы барлық қызметтерге қол жеткізуге болады.
"ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГ" ЖҮЙЕСІНІҢ "MOBILE" НҰСҚАСЫ (mib.bcc.kz - тек смартфондар мен планшеттерден кіруге арналған) – БҰЛ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ МОБИЛЬДІ ҚҰРЫЛҒЫЛАР (СМАРТФОН, ПЛАНШЕТ) АРҚЫЛЫ ЖҮЙЕГЕ ҚОСЫЛҒАН ЕСЕПШОТТАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАУЫНА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН "ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГ" ЖҮЙЕСІНІҢ МОБИЛЬДІ НҰСҚАСЫ.
"STARBUSINESS" МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ – ДИНАМИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ҚҰРАЛДАРЫН НЕМЕСЕ МОБИЛЬДІ ҚҰРЫЛҒЫ КӨМЕГІМЕН СМС-КОДТЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНАТЫН «ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГ» ЖҮЙЕСІНІҢ МОБИЛЬДІ НҰСҚАСЫ.
Бұл нұсқа банктік есепшоттарының қозғалысын үнемі бақылап отыратын компаниялардың басшыларына өте ыңғайлы.
"MOBILE" ИБЖ-дағы ҚОЛЖЕТІМДІ ҚЫЗМЕТТЕР ИБЖ-нің "Mobile" нұсқасы:
- Ұлттық валютамен жүргізілген төлем құжаттарын қарауға/мақұлдауға;
- Өз есепшотыңыз/есепшоттарыңыз бойынша үзінді көшірме алуға;
- Анықтама алу, кепілдіктер шығару, қолма-қол ақша беру, ақша қаражатын аудару (экспорттық түсім) туралы Банкке өтініш жолдауға;
- Анықтамалық ақпаратты қарауға;
- Пайдаланушының күйге келтірулерін және т.б. басқаруға мүмкіндік береді.
ИБЖ-нің "Light" және "Mobile" нұсқаларында электрондық төлем құжаттары клиенттерді динамикалық сәйкестендіру құрылғысын (ОТР-құрылғыны) пайдалану арқылы мақұлданады. Қазіргі кезде Банкте ОТР-құрылғының екі түрі пайдаланылады: ОТР-карта және ОТР-токен.
Банк бөлімшесіне келіп, есепшот менеджері ұсынатын қажетті құжаттарға қол қою арқылы "Интернет-Банкинг" жүйесіне және оның жаңа нұсқаларына қосылуыңызға болады.
Орындаған кезде жоғарғы қауіпсіздік деңгейін талап ететін операциялардан тұратын "Интернет-Банкинг" жүйесінің стандартты нұсқаларын пайдалануға рұқсат алу үшін электрондық сандық қолтаңбаны, ОТР-құрылғыны және USB-токенді алу қажет.
Light и Mobile ИБЖ презентациясы