Қазақстанда ЖК-ны ашу бизнесті заңды түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Алайда заңдылық – жалғыз артықшылық емес. Біріншіден, сізде ресми жұмыс өтілі болады. Екіншіден, бизнесмендер ай сайын зейнетақы аударымдарын жасайды. Үшіншіден, ҚР-да жеке кәсіпкерлер үшін бизнесті дамыту және оны ауқымдау үшін барлық жағдай жасалған.
Қазақстанда ЖК-ны екі тәсілмен: онлайн режимінде немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жеке өзіңіз барып, офлайн режимінде ашуға болады. Бірінші тәсіл өзінің жеңілдігімен және жеделдігімен тартады: сіз ХҚКО-ға баруға уақыт жоғалтпай, санаулы минутта жеке кәсіпкер атана аласыз. Екінші тәсіл уақытты үнемдемейді, бірақ қызметкерге барлық сұрақтарды қойып, толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Екі нұсқаны да егжей-тегжейлі қарастырайық.
Интернет арқылы жеке кәсіпкерді тіркеу үш жолмен мүмкін:
Нақты мысалды зерттеп, «Egov» порталы арқылы ЖК-ны ашу жолдарын қарастырамыз: :
ЭЦҚ-ны алдын ала ресімдеу керек екеніне назар аударыңыз. Бұл да Egov.kz электрондық үкімет сайтында қашықтан жүзеге асырылады.
Қазақстанда ЖК-ны онлайн ашу қанша тұрады? Тіркеу процедурасы тегін
Мұнда да барлығы Egov.kz платформасындағыдай өте оңай. ЦентрКредит Банкі өз сервисін іске қосты: сіз тіркеуден қосымша арқылы да, арнайы web-ресурста да өте аласыз. Сервис жеке басыңызды растауды сұрайды: сәйкестендіруден Egov.kz порталы арқылы немесе бейне арқылы өтуге болады. Бұдан әрі пайдаланушы өз бизнесі туралы ақпаратты (қызмет түрі, мекенжайы, салық салу жүйесі) толтырады. Дайын! Бүкіл процедура 5 минуттан аспайды.
Банк арқылы тіркелудің бір маңызды артықшылығы бар: сіз бірден шот ашып, корпоративтік карточканы ресімдеп, бизнес үшін интернет-банкингті қоса аласыз, тіпті онлайн-бухгалтерия сервистеріне қол жеткізе аласыз.
Бизнесті классикалық «қағаз» форматында тіркеу үшін қызметтің жүзеге асырылатын жері немесе сіздің тіркелген орныңыз бойынша жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына немесе салық органына жүгіну қажет. Мысалы, егер сіз дүкен ашатын болсаңыз, онда дүкеніңіздің орналасқан жері бойынша салық органына хабарласуыңыз қажет. Онлайн-ресімдеуде болғандай, құжаттар бір күннен кейін дайын болады.
Кейбір жағдайларда ЖК қызметі жүзеге асырылатын алаңды жалға алу туралы анықтама талап етілуі мүмкін екеніне назар аударыңыз.
Қазақстанда ЖК қызметін бастау үшін сізге тіркеу туралы электрондық хабарлама алу қажет. Бүгінде бизнесменге ЖК-ны тіркеу туралы куәлік алудың қажеті жоқ, ерекше нысанды толтырып, Elicense.kz электрондық лицензиялау порталындағы Жеке кабинеттен тіркеу туралы хабарламаны жүктеп алу жеткілікті. Бұл үшін құжатта кәсіпорынның мекенжайы мен атауы жазылады, ЭҚЖЖ
Қазақстанда бизнес (ЖК) ашпас бұрын нені білу қажет
Болашақ кәсіпкерлердің жиі қоятын сұрақтарына жауап беріп өтейік.
ЖК ретінде тіркелмей-ақ, бизнес жүргізуге бола ма?
Иә, ЖК мәртебесінсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысуға болады. Бірақ ескертетін жайт: бұл жағдайда кәсіпкерлер жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайды, ал кәсіпорынның жеке тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түскен жылдық пайдасы 12 ең төменгі жалақыдан аспайды.
ЖК-ны тіркеуден бас тартылуы мүмкін бе?
Қазақстанда ЖК-ны тіркеу процедурасы өте қарапайым әрі түсінікті болып көрінеді. Алайда мұнда да өзінің күтпеген кедергілері бар. Кейбір жағдайларда уәкілетті орган бизнесті ашудан бас тартуы мүмкін. Егер:
ЖК-ны кәмелетке толған адамдар аша алады. Алайда кейбір жағдайларда 18 жасқа толғанды күтпей, тіпті 14 жаста да толыққанды бизнесмен болуға болады.
Ол үшін дайындалуға тура келеді. Бизнесті тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесіне заңды өкілдердің келісімін қоса беру қажет. Егер келісім болмаса, басқа құжаттарды ұсыну қажет. Бұл неке қию туралы куәліктің көшірмесі (егер кәмелетке толмаған тұлға некеде тұрса) немесе кәмелетке толмаған тұлға толық әрекетке қабілетті (бұл процесті эмансипация деп атайды) деген сот шешімі болуы мүмкін. Алайда эмансипация тек 16 жасқа толған тұлғаларға қатысты болуы мүмкін.
Қандай салық салу режимін таңдаған жөн?
Жеке кәсіпкерлер төрт режимнің бірін таңдай алады:
1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі.
Тек өз бетінше, яғни жалдамалы жұмыскерлерді тартпай-ақ жұмыс істейтін ЖК үшін қолайлы. Барынша қолайлы жағдайларды көздейді. Мәселен, салық мөлшерлемесі барлық кәсіпкерлер үшін бірыңғай және кірістің 1%-ына тең.
Алайда бір шарт бар: бір жыл ішіндегі ең жоғары кіріс 3 528 АЕК-тен (айлық есептік көрсеткіш) аспауы тиіс. 2023 жылы 1 АЕК 3450 теңгеге тең.
2. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
Бұл режим бойынша жұмыскерлердің ең көп саны 30 адамнан аспайды (бизнесменнің өзін ескере отырып). Бірақ бұл жағдайда міндеттемелер де көбірек.
2023 жылы Қазақстанда ЖК оңайлатылған режим бойынша қандай салықтар төлейді? Кірістің 3%-ы, бұл жерде табыс салығы 1,5%-ды ғана құрайды, ал тағы 1,5%-ы – әлеуметтік салық. Бұдан басқа жеке кәсіпкер өзі үшін келесіні төлейді: 10% – зейнетақы, 3,5% – әлеуметтік, 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы – медициналық сақтандыруға.
Оңайлатылған жүйе жарты жылдықта ең жоғары кірісі 24 038 АЕК-тен аспайтын ЖК-ларға сәйкес келеді. Қосымша шарт та бар: ҮИЖ (үш компонентті интеграцияланған жүйені) қолданған кезде, кіріс шегі ұлғаяды.
Егер ЖК кірісі күнтізбелік жыл ішінде 20 000 АЕК-тен (20 000 * 3450 = 69 000 000) асып кетсе, кәсіпкер ҚҚС куәлігін (ҚҚС 12%-ды құрайды) алуы тиіс.
3. Тіркелген шегерімді пайдалана отырып қолданылатын арнаулы салық режимі.
Бұл салық салу жүйесі кәсіпкерден басқа тағы 49 адам жұмыс істейтін компаниялар үшін қолайлы. Мұндай жағдайда салық мөлшерлемесі кірістің 10%-ына тең.
Бірақ режим 6 айдағы ең жоғары кіріс 144 184 АЕК-тен аспаған кезде ғана өзекті.
Егер сіздің бизнесіңіз үш жүйенің ешқайсысының шарттарына жауап бермесе, не істеу керек? Бұл жағдайда төртінші нұсқа – салық салудың жалпы белгіленген режимі оңтайлы нұсқа болып табылады. Ол кірістің 10% мөлшерлемесін қарастырады, оның үстіне кіріс мөлшері бойынша ешқандай шектеу қойылмайды. Мұндай жағдайда салық органына есептілік жыл сайын және жыл қорытындысы бойынша берілетініне назар аударыңыз. Жалпы белгіленген режим үлкен айналымы бар бизнеске сай келеді. Сонымен қатар мұндай жүйе алкоголь мен темекі өндірушілер, қаржылық және бухгалтерлік қызмет көрсететін мамандар, мұнай өнімдерін сататын немесе табиғи ресурстармен жұмыс істейтін компаниялар үшін міндетті.
Жалдамалы жұмыскерлер үшін қандай салықтар төлейді?
Патенттік жүйеден басқа барлық салық салу жүйелерінде қызметкерлерді жалдауға болады. Демек олардың кірісінен ай сайын ұстап, келесіні төлеу қажет:
Сондай-ақ ЖК «есебінен» келесі төленеді:
Аталған режимде жеке кәсіпкерлер қызметкерлерге салынатын әлеуметтік салықтан босатылады.
Ал егер салық есептерін уақытылы тапсырмай, салықтарды аудару мен өзге де төлемдерді кешіктірсе не болады?
Бұл жағдайда кәсіпкер айыппұл алады. Егер бизнесмен төлемдерді «кешіктірсе», онда әрбір «мерзімінен кешіктірілген» күнге де өсімпұл есептеледі.
Егер кәсіпкер тіркелген кезде берген қандай да бір деректер өзгерсе, ол туралы салық органына хабарлау қажет. Бұл үшін сізде 10 күн бар.
Өзгерістер Elicense.kz порталы арқылы енгізіледі. Жеке кабинетте сіз қолжетімді қызметтер тізімін көресіз – «Қызмет көрсету» бөлімін таңдау қажет («Хабарлау тәртібі» кіші бөлімі). Бұдан әрі «жол» мынадай: «ЖК ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама» – «ЖК тіркеу деректерін өзгерту». Келесі қадам – «Қызметті онлайн сұрау» батырмасын басу.
Содан кейін тіркелген орны бойынша салық органын таңдау қажет – тіркеу деректерін өзгерту туралы өтінім салық органына автоматты түрде жіберіледі.
Бұдан әрі сіздің ЖК туралы барлық ақпараты бар нысан ашылады – бұл жерде қажетті мәліметтерді өңдеуге болады. Соңғы кезең – өзгерту туралы хабарламаға өзіңіздің электрондық қолтаңбаңызбен қол қою. Бұл жерде жаңа (яғни енгізілген өзгерістермен) хабарлама мен ЖК талонын жүктеп алуға болады.
Сонымен біз Қазақстанда ЖК-ны ашу үшін не қажет екенін білдік. Процедураның өзі барынша қарапайым әрі жылдам, ең аз құжаттар жиынтығы талап етіледі. Сондықтан да Қазақстан бизнеске қолайлы микроклиматы бар елдердің бірі болып есептеледі. Көріп отырғанымыздай, көптеген процедураларды (ЭЦҚ алу, деректерді өзгерту) онлайн орындап, уақытты үнемдеуге болады. Алайда процестің қарапайымдылығына қарамастан, жеке кәсіпкердің міндеттерін, оның ішінде салықтарды уақытылы төлеу мен өзге де төлемдерді орындауды ұмытпаған жөн.
ЖК салық режимі | Салық мөлшерлемесі | Порог дохода | Жалдамалы жұмыскерлердің ең көп саны | Салық кезеңі | |
ҮИЖ қолдана отырып | ҮИЖ қолдана отырып | ||||
Патент | 1% | 3 528 АЕК | 3 528 АЕК | Х | Күнтізбелік жыл |
Оңайлатылған режим | 3% | 94 086 МРП АЕК (оның ішінде 70 048 АЕК міндетті түрде банк карталарының көмегімен) | 24 038 АЕК | 30 | Күнтізбелік жартыжылдық |
Белгіленген шегерім | 10% | 144 184 АЕК | 144 184 АЕК | 50 | Күнтізбелік жыл |
Авторы - Наталья Брославская
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 10 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 510,08 тг., ал ресей рублінің курсын 5,15 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы нығайды. 2024 жылғы 9 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, төмендеу -4,57 тг. құрады (514,65 тг.-ден 510,08 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, төмендеу -0,02 тг. болды (5,17 тг.-ден 5,15 тг.-ге дейін).
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 9 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 514,65 тг., ал ресей рублінің курсын 5,17 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы нығайды. 2024 жылғы 6 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, төмендеу -10,00 тг. құрады (524,65 тг.-ден 514,65 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, +0,03 тг. өсті (5,14 тг.-ден 5,17 тг.-ге дейін).
USD/KZT жұбының курсы 2,64%-ға нығайып, сауда көлемі 280 млн USD болғанда 508 теңгені құрады.
RUB/KZT жұбының курсы +1,08%-ға өсіп, 6 663 млн RUB сауда көлемінде 5,14 теңгені көрсетті.
Теңге күрт әлсірегеннен кейін, әдеттегідей, оның нығаюы байқалады.
ЖК-ні 10 минутта
онлайн тіркеңіз