Құрметті клиенттер!
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен (ҚҚҚ) бірге Екінші деңгейдегі банктердің, соған қоса ЦентрКредит Банкінің салымшылары арасында пікіртерім жүргізеді.
Бұл пікіртерім клиенттердің депозиттер бойынша берілетін кепілдік пен салымшылар банкті және депозитті таңдаған кезде ескеретін факторлар жөнінде қаншалықты хабардар екенін айқындау үшін қажет. Пікіртерім өткізу халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру бойынша ҚДКБҚ, ҚҚҚ мен банктердің бірлескен жұмысы аясындағы алғашқы қадам болып табылады.
Сіздерден қолдау көрсетіп, сілтеме бойынша өтіп, онлайн-пікіртерімге қатысуды өтінеміз.
Көрсеткен қолдауларыңыз үшін алдын ала алғысымызды білдіреміз.
ЦентрКредит Банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады.
Мемлекет Өзіңіз таңдаған банктегі депозитіңіздің сақталуына кепілдік береді. Жинақ ақша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорында сақтандырылған.
Кепілдік:
-мерзімді депозиттерге, талап еткенге дейінгі депозиттерге, шартты депозиттерге;
-ағымдағы шоттардағы және төлем карталарындағы ақшаға беріледі.
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.