ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІНЕН
МИКРО ЖӘНЕ ШАҒЫН
БИЗНЕС ҮШІН
6%
БЕРІЛЕТІН КРЕДИТ
Бағдарламасы |
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясындағы шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін және ішінара кепілдік беруді портфельдік субсидиялау |
Кәсіпкерлік субъектісі |
Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері |
Салалары |
Ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, сондай-ақ сауда саласындағы (тамақ өнімдерін сатуға жол беріледі) салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады. Ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, жобаларды моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз жүзеге асыратын шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне арналған.
|
Мақсатты нысаны |
Инвестициялар Айналым қаражатын толықтыру |
Бір қарыз алушы үшін қарыздың ең жоғары сомасы |
Инвестицияларға - 20 000 000 теңгеден аспайды Айналым қаражатын толықтыруға - 5 000 000 теңгеден аспайды |
Қарыз мерзімі / субсидиялау мерзімі |
Инвестицияларға - субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жыл; Айналым қаражатын толықтыруға - субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 2 жыл |
Валютасы |
Теңге |
Сыйақы мөлшерлемесі |
ҚР ҰБ негізгі мөлшерлемесі + 7%, оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды
Моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін: ҚР ҰБ негізгі мөлшерлемесі + 7%, оның 5%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды |
«Даму» КДҚ» АҚ кепілдігінің мөлшері |
Қарыз сомасының 85%-нан аспайды |
Игеру түрі |
Қолма-қол ақшасыз |
Қарызды қарағаны және бергені үшін алынатын комиссия |
Қарастырылмаған |
Қарыз талаптарын бұзғаны және/немесе өзгерткені үшін алынатын комиссия |
Қарастырылған |
Толығырақ ақпаратты Сіз:
- Банк бөлімшелерінде немесе Call-орталыққа, 605 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы;
- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-та:
«Даму» КДҚ» АҚ сайтынан
+7 (800) 080 18 90 Call-орталыққа:
1408 қысқа нөміріне қоңырау шалу,
E-mail: info@fund.kz арқылы білесіздер.
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.