Жеке тұлғалар үшін
mob (1).png 505


 
Бизнес-клиенттер үшін
mob (1).png 605


Пікір қалдыру Жеке кабинет
Жеке кабинетке кіру
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Несиелер
Депозиттер
Кредиттік карталар
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Депозиттің түрі:*
Барлық жағдайларға қатысты жеңімпаз болып үйренген адамдарға арналған депозит.
Сіздің ақшаларыңыз сізге алғыс айтады
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Пікір қалдыру
Түрін таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
Телефон нөміріңіз:*
Басқа байланыс деректері:
Сіздің қалаңыз:*
Хабарлама мәтіні:*
 
CAPTCHA
Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
 
 
Жөнелту
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.

* - Міндетті түрде толтыру қажет.
Қолданбаның саны -
Сіздің сауалыңыз қарастыруға жөнелтілді.
Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Басқа жазу
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА
БИЗНЕС-КЛИЕНТТЕРГЕ
ФИЛИАЛДАР МЕН БАНКОМАТТАР
БІЗДІҢ БАНК
ГЛАВНОЕ МЕНЮ
Басты  / 
 
Теңге депозиттерін қорғау бағдарламасы








 
Сипаттамасы

Сипаттамасы

Өтініштерді қабылдау 2023 жылғы 10 ақпанда аяқталды.

Мемлекеттен өтемақы төлеу 2023 жылғы наурызда жүргізіледі.

Теңгемен ашылған депозиттерді қорғау бағдарламасы аясында 10% өтемақыны алған кезде нені білген маңызды? ⠀

1) Өтемақы 23.02.2022 ж. бастап теңгемен ашылған және қоса алғанда 23.02.2023 ж. дейін жабылмаған депозиттегі қалдық соманың 10%-ын құрайды. ⠀

2) Өтемақы бір адамға бір рет есептеледі. ⠀

3) Өтемақы мөлшері барлық депозит бойынша 20 000 000 теңгеден аспайтын ең төменгі қалдыққа есептеледі.

Мысалы: 23.02.2022 жылы салым сомасы 1 000 000 теңге болды. Егер 12 ай ішінде ақша алынбаса, онда өтемақы сомасы 100 000 теңгені құрайды.

Егер, мысалы 23.02.2023 ж. кейін депозиттен 500 000 теңге алынған болса және кейін салым 200 000 теңгеге толықтырылса, онда өтемақы сомасы 50 000 теңгені құрайды – депозиттегі ең төменгі қалдық мөлшерінің (мөлшері бастапқыда 1 000 000 теңгені құрады) 10%.

4) Өтемақы ағымдағы шотқа 2023 жылғы 23 ақпаннан кейін түседі.

СҰРАҚ

ЖАУАП

Өтемақы бағдарламасына қандай салымдар қатысады?

Жеке тұлғалардың 23.02.2022 жылғы жай-күйі бойынша актуалды салымдары, бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сонымен қатар талап еткенге дейінгі депозиттерге және шартта депозиттерге қатысты қолданылмайды.

Шетел валютасымен ашылған салымдар бойынша қалдықтарға өтемақы есептеле ме?

Жоқ, өтемақы теңгедегі қалдықтарға ғана есептеледі.

Өтемақыға жеке табыс салығы салына ма?

Жоқ, салынбайды.

Бағдарламаға бейрезидент-салымшылар қатыса ала ма?

Бағдарламаның талаптарында ҚР резиденттері мен бейрезиденттерінің қатысуы көзделген

Өтемақы (сыйлықақы) алу үшін қандай талаптарды орындау қажет?

Өтемақы (сыйлықақы) алу үшін депозитті 23.02.2022 ж. бастап кемінде 12 ай мерзімге сақтау қажет (яғни қоса алғанда 23.02.2023 ж. дейін)

Бағдарлама аясында қандай өтемақы (сыйлықақы) көзделген?

23.02.2022 ж. бастап 23.02.2023 ж. дейін (қоса алғанда) 12 ай ішінде бекітілген ең төменгі соманың 10%

Өтемақы (сыйлықақы) келесідей есептеледі:
қоса алғанда 2023 жылғы 23 ақпанға дейін өтемақы төленетін депозиттен ішінара ақша алу болмаған кезде – 2022 жылғы 23 ақпанда операциялық күннің соңында өтемақы төленетін депозиттегі соманың, бірақ 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайтын соманың 10 %-ға көбейтілген мөлшері түрінде есептеледі;
2022 жылғы 23 ақпаннан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 23 ақпанға дейін өтемақы төленетін депозит толықтырылған, депозиттен ішінара ақша алынған кезде, өтемақы (сыйлықақы) 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 23 ақпанға дейінгі кезең үшін операциялық күннің соңында бекітілген өтемақы төленетін депозиттің 10% (он пайызға) көбейтілген ең төменгі қалдығы сомасына, бірақ 20 млн теңгеден аспайтын сомаға есептеледі.

Өтемақы (сыйлықақы) бойынша шектеулер бар ма?

Өтемақы (сыйлықақы) 10% мөлшерінде депозит қалдықтарына (23.02.2022ж.), бірақ 20 млн теңгеден аспайтын қалдыққа 1 салымшыға 1 рет есептеледі, ішінара ақша алған кезде - 23.02.2022 ж. бастап 23.02.2023 ж. дейін (қоса алғанда) бекітілген ең төменгі сомаға есептеледі

1-мысал: банкте 2 депозитіңіз бар: № 1 депозит – 23.02.2022 жылғы жай-күйі бойынша депозиттегі қалдық 15 000 000 KZT, № 2 депозит – 23.02.2022 жылғы жай-күйі бойынша депозиттегі қалдық 3 000 000 KZT, екі депозиттегі жиынтық сома 18 000 000 KZT

бұл жағдайда өтемақы 18 000 000 KZT 10%-ын құрайды = 1 800 000 теңге.

2-мысал: банкте 2 депозитіңіз бар: № 1 депозит – 23.02.2022 жылғы жай-күйі бойынша депозиттегі қалдық 15 000 000 KZT, № 2 депозит – 23.02.2022 жылғы жай-күйі бойынша депозиттегі қалдық 10 000 000 KZT, екі депозиттегі жиынтық сома 25 000 000 KZT

бұл жағдайда өтемақы 20 000 000 KZT 10%-ын құрайды, өйткені өтемақы депозиттегі жиынтық сомаға, бірақ 20 000 000 KZT аспайтын сомаға төленеді, яғни өтемақы сомасы 2 000 000 теңгені құрайтын болады

Бағдарламаға ағымдағы шотқа, карточкаға орналастырылған ақшалар қатыса ма?

Жоқ, Бағдарламаға тек депозиттер қатысады

Депозиттен ақшаның бір бөлігі алынса, өтемақы қандай сомаға есептеледі?

өтемақы бір жыл ішінде (23.02.2022ж. бастап 23.02.2023ж. дейін) бекітілген ең төменгі қалдыққа есептелетін болады

Мысалы: 23.02.2022 жылғы жай-күйі бойынша депозитіңізде 15 000 000 қалдық болды, 12 ай ішінде сіз 01.03.2022 жылы 5 000 000 шешіп алдыңыз, кейін 01.09.2022 жылы қайтадан 5 000 000 теңге салып, қалдықты 15 000 000 теңгеге дейін толықтырдыңыз, алайда өтемақы ең төменгі сомаға, яғни 10 000 000 теңгеге төленеді, өйткені өлшенетін кезеңде ең төменгі қалдық бекітілді және өтемақы сомасы = 1 000 000 теңге болады

Өтемақы (сыйлықақы) қайта есептеледі?

өтемақы 2023 жылғы наурызда Сіздің «Банк ЦентрКредит» АҚ-та ашылған ағымдағы шотыңызға аударылады

Егер депозиттің мерзімі 24.02.2023 ж. дейін аяқталатын болса, онда депозит Бағдарламаға қатыспайды ма?

Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін депозитті банк Бағдарлама қатысуға мүмкіндік беру үшін ұзартатын болады

Егер мен Бағдарламаға қатысуды қаламасам, шартты бұза аламын ба?

иә, депозитті 24.02.2023 ж. дейін жабу, автоматты түрде салымыңыздың Бағдарламаға қатыспайтынын білдіреді

Менің «Банк ЦентрКредит» АҚ-та және басқа Банкте депозитім бар, бұл жағдайда өтемақы қайда төленеді?

Өтемақы салымдарды кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылатын әр банкте ашылған депозитке төленеді

Менің «Eco Center Bank» АҚ-та (бұрынғы «Альфа-Банк Қазақстан» ЕБ АҚ) депозитім болды, аталған депозит Бағдарламаның талаптарына сәйкес келеді, бірақ ол «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа ауыстырылды, бұл депозит Бағдарламаға қатыса ма?

иә, «Eco Center Bank» АҚ-тан (бұрынғы «Альфа-Банк Қазақстан» ЕБ АҚ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа көшірілген жеке тұлғалардың депозиттері Бағдарламаның талаптарына сәйкес келген жағдайда, Бағдарламаға қатысады.

Бағдарламаның талаптарына сәйкес:
Қайта ұйымдастыру және борышты аудару шеңберінде қатысушы банктің депозиторлар алдындағы міндеттемелерді беруі депозитті толық алып қою/банктік салым шартын мерзімінен бұрын тоқтату ретінде қаралмайды

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті қалай беруге болады?

Егер "Банк ЦентрКредит" АҚ-та Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін қолданыстағы депозитіңіз болса, - мобильді қосымшада Сізге парақшаға өтетін белсенді сілтемесі бар баннер қолжетімді болады, онда Сіз ОТР пароль (СМС-код) арқылы өтінішке электронды түрде қол қоя отырып, Бағдарламаға қосыла аласыз.

Өтініштерді қабылдау 2023 жылғы 10 ақпанда аяқталды.

Мұрагерге өтемақы төлеу туралы өтінішті қалай беруге болады?

Мұрагерлік құқықты растайтын құжаттар болған кезде Банктің кез келген бөлімшесінде.

Өтініштерді қабылдау 2023 жылғы 10 ақпанда аяқталды.

 Менің «Банк ЦентрКредит» АҚ-та депозитім бар, сондай-ақ мұрагерлік бойынша маған өткен депозитім де бар. Мұндай жағдайда өтемақы қалай төленеді?

    Өтемақы қайтыс болған салымшыға және мұрагерге тиесілі салымдар бойынша жеке-жеке жүргізіледі, бірақ қайтыс болған салымшының барлық салымдары бойынша жиынтығы 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайды және мұрагерге тиесілі барлық салымдар бойынша жиынтығы                       20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайды.

 23.02.2023 жылдан кейін депозитті өтемақыны жоғалтпай жаба алам ба?

    Иә, 23.02.2023 жылдан кейін сіз өтемақыны (сыйлықақыны) жоғалтпай өтелетін депозитті талап ете аласыз. 

 Егер мен қайтыс болған салымшының салымы бойынша мұрагерлік құқығына әлі кірмеген болсам, Бағдарламаға қатысуға өтініш бере алам ба?

    Салымшы қайтыс болған жағдайда, 2023 жылғы 10 ақпанға дейін салымшының қайтыс болғаны туралы растайтын құжаттарды ұсынған кезде өтемақы (сыйлықақы) төлеу үшін өтініш беру талап етілмейді. Мұрагерлерге өтемақыны одан әрі төлеу мұрагерлікке қабылданғанын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда жүргізіледі.

 Егер Мен қандай да бір себептермен 2023 жылдың 10 ақпанына дейін бағдарламаға қатысуға уақытым болмаса, кейінірек өтініш беруге мүмкіндігім бола ма?

    Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген 10.02.2023 жылға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде қатысушы банкке келісім туралы өтініш бермеген депозиторларға (салымшыларға) өтемақы (сыйлықақы) төленбейді. 

 


Документтер пакеті


ЗТ резидент, егер бір құрылтайшы болса:
  • Жарғы
  • Заңды тұлғаның жалғыз қатысушысының шешімі;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама;
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ЗТ резидент, егер бірнеше құрылтайшы болса:
  • Жарғы;
  • Жалпы жиналыстың хаттамасы;
  • Бірінші басшының тағайындау туралы хаттама;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама (Тұрғындарға қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz беріледі);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жеке кәсіпкерлерге арналған құжаттар
  • жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  • Клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (мемлекеттік кірістер органы берген);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса).
Банктің тарапынан берілетін құжаттар:

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға, сонымен қатар өз бейнесін (суретін) беруге және пайдалануға келісім.

Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.