Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
22 қаңтар 2026
Жаңартылды: 3 ақпан 2026

Бизнеске арналған мемлекеттік қаржы: мемлекеттен субсидияны қалай алуға болады?

Бизнестің дамуы үшін жабдықтарды сатып алу, өндірістік қуатты арттыру, шикізат сатып алу және жайларды жаңарту қажет. Бизнес бұл міндеттерді әрдайым өз күшімен орындай алмайды, бірақ компания мемлекеттік көмекті пайдалана алады. Мемлекет бизнесті қолдаудың бірнеше құралын ұсынады, соның бірі – субсидия. Ал субсидия дегеніміз не? Қазақстанда шағын бизнеске субсидияны қалай алуға болады?

Субсидиялау дегеніміз не?

Бұл – мемлекет тарапынан бизнеске берілетін өтеусіз қаржылай көмек. Бұл қаражат бюджеттен немесе арнайы қорлардан бөлінуі мүмкін. Субсидияның бірқатар ерекшелігі бар:

  • Ақшалай қаражат компанияға тек нақты мақсатқа беріледі – оны жеке қажеттіліктерге жұмсауға болмайды.
  • Ақшаны пайдалану мақсаты құжаттармен, мысалы, чектер, шот-фактуралар, актілер арқылы расталады.
  • Қаражатты тек мемлекеттік бағдарламада көрсетілген қызмет түрі аясында пайдалануға болады. Мысалы, егер кәсіпкерге кофехана ашу үшін жайды жалға алу мақсатында қаражат бөлінсе, ол бұл жайды жалға бере алмайды немесе онда дүкен аша алмайды.
  • Субсидия бизнестің барлық шығынын емес, тек бір бөлігін қамтиды.
  • Мемлекеттен алынған ақшаны кәсіпкер қайтаруға міндетті емес. Дегенмен бизнес өкілінің міндеттемелері бар, мысалы, екі жылдан кейін қызметкерлер құрамын кеңейту, кірісті 10%-ға арттыру және т.б.
  • Егер кәсіпкер талаптарды бұзса, субсидия тоқтатылады, ал алынған қаражатты мемлекетке қайтару қажет болады.

«Даму» қорының бірыңғай кешенді бағдарламасы бизнес өкіліне пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтеуге мүмкіндік береді. Егер кәсіпкер ресімдейтін кредит мөлшерлемесі 20%-ға тең болса, кәсіпкер тек 7%-ын төлейді, қалған бөлігін «Даму» қоры өз мойнына алады.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Шағын бизнесті дамытуға берілетін өтеусіз субсидия қандай мақсатқа бағытталады

Инвестиция.

Мемлекеттік қаражатты тарту бизнестің ауқымын кеңейтуге, өндірісті жаңартуға, жылжымайтын мүлік немесе жабдық сатып алуға мүмкіндік береді.

Айналымдағы қаражатты толықтыру.

Мысалы, кәсіпкер тауарларды сатып ала алады, сатушылармен немесе жалға берушілермен есеп айырыса алады, қызметкерлерге жалақы төлей алады, салық немесе әлеуметтік жарналарды төлей алады.

Субсидиялау бағдарламаларын шағын, орта және ірі кәсіпкерлікке, сондай-ақ микрокәсіпкерлікке жататын компаниялар пайдалана алады.

Сонымен қатар мемлекет ауылдарда, шағын қалаларда және моноқалаларда жұмыс істейтін компанияларға субсидия береді. Қолдауға әлеуметтік жобалар, сондай-ақ қор биржаларында (АХҚО, KASE) жұмыс істейтін компаниялар да үміт арта алады.

Қазақстанда жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға субсидия берудің мақсаты

Бизнеске көмектесу арқылы мемлекет тұрақты экономиканы қалыптастыруға және ЖІӨ-ні арттыруға инвестиция салады. Субсидия басқа да міндеттерді шешуге көмектеседі, соның ішінде:

  • Экономиканың басым салаларын дамыту. Қазақстанда бұл ауыл шаруашылығы, байланыс, көлік, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі.
  • Шағын кәсіпкерлікті қолдау. Жергілікті шағын компаниялар көбінесе ірі бизнес сияқты қаржыландыру мүмкіндіктеріне ие емес. Субсидиялау кәсіпорындардың қалыптасуына және дағдарыс кезеңдерін еңсеруіне көмектеседі.
  • Әлеуметтік қолдау. Жас кәсіпкерлерге, әйелдер бизнесіне, сондай-ақ өз ісін ашқысы келетін мүгедектігі бар адамдарға арналған бағдарламалар бар. Сонымен қатар кәсіпкерлікпен айналысуды жоспарлап отырған жұмыссыз азаматтарға да субсидиялау қарастырылған. Мемлекеттік қолдау олардың экономикалық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
  • Инновацияларды енгізу. Бұл бағытта мемлекет инновациялық шешімдерді әзірлеп, енгізетін компанияларды қолдайды. Нәтижесінде экономика заман талабына сай дамып, бәсекеге қабілетті бола түседі.
  • Жұмыс орындарын құру және жұмыссыздық деңгейін төмендету.
  • Экспортты қолдау, бұл мемлекеттің халықаралық нарықтағы позициясын нығайтады.
  • Жаңа экономикалық модельге өту.

Қазіргі таңда бизнеске субсидия беру жоғары сұранысқа ие. Бұл әлемдегі жағдайдың тұрақсыздығына, тауар ағындарының қайта құрылуына және цифрлық экономикаға көшу қажеттілігіне байланысты.

Қазақстандағы 2026 жылға арналған өндірістік күнтізбе: мерекелер мен демалыс күндері
Paloma365 және ЦентрКредит Банкі: бизнесті автоматтандырудағы жаңа қадам
ҚР заңнамасындағы өзгеріс: 2026 жылдағы бизнестің жұмысы туралы

Қазақстанда қандай субсидиялау бағдарламалары бар?

Қазақстанда субсидиялаудың бірнеше бағыты дамып келеді:

Портфельдік субсидиялау.

Микрокәсіпкерлік пен шағын бизнеске арналған. Кредит берген кезде пайыздық мөлшерлемені төмендетуді қарастырады. Бұл нұсқаны жеке кәсіпкерлікке субсидияны қалай алуға болатынын білмейтін кәсіпкерлер қарастырған жөн.

Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті субсидиялау

Қазақстан экономикасының басым салаларында қызмет ететін компанияларға бағытталған.

Ауыл шаруашылығын субсидиялау

Мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ынталандыруға және экспорт үлесін арттыруға бағытталған. Мысалы, мал шаруашылығымен және өсімдік шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар бар.

Әлеуметтік жобаларды субсидиялау

Әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды қолдауды, жұмыссыздар мен жастарға көмек көрсетуді, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігінің тартымдылығын арттыруды қамтиды.

Мысалы, өз бизнесін ашқысы келетін жұмыссыз азаматтар кредит ресімдеген кезде пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау мүмкіндігіне ие бола алады. Сонымен қатар жұмыссыздарды жұмысқа қабылдайтын компаниялар да субсидия ала алады: әдетте мемлекет жаңа қызметкерге төленетін жалақының бір бөлігін өтейді.

«Даму» қоры әйел кәсіпкерлерге арналған бірнеше бағдарламаны жүзеге асырады. Мысалы, қор жеңілдікті талаптармен қарыздар мен кепілдіктер ұсынып, оқыту бағдарламаларын өткізеді.

BCCBOX

  • POS-терминал
  • Касса + ТИС от Учёт.kz
  • Бизнес-карта
  • Айналым есебінен шот бойынша кредиттік лимит

Қазақстанда бизнеске мемлекеттен қаражатты қалай алуға болады?

Ауыл шаруашылығына немесе басқа да қызмет салаларын қаржыландыруға субсидия алудың ең оңай жолы – «Даму» қорының сайтында онлайн-өтінім толтыру. Бұл ұйым Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға маманданған.

Алдымен үміткер өзіне сәйкес бағдарламаны таңдайды. Онлайн іріктегіш іздеуді жеделдетуге көмектеседі. Бағдарламаның талаптарын мұқият оқып шығып, кәсіпкерлік қызметіңіздің көрсетілген критерийлерге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Одан кейін:

  • «Қызметті алу» батырмасын басыңыз.
  • Электронды нысанға деректерді енгізіңіз. Көптеген жолдар мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтер негізінде автоматты түрде толтырылатынын ескеріңіз.
  • Өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

Өтінім мәртебесінің өзгерістерін Жеке кабинетте («Өтінімдер» бөлімі) бақылауға болады.

Өтінім беру үшін құжаттар жиынтығы қажет, оның ішінде жобаны іске асырудың жоспар-кестесі мен бизнес-жоспар болуы тиіс. Қосымша құжаттар да талап етілуі мүмкін – толық тізімді «Даму» қорының қызметкері ұсынады. Қызметкерлер өтініш берушінің төлем қабілеттілігін тексеріп, кепіл мүлкін бағалайды және соның негізінде өтінімді мақұлдау туралы шешім қабылдайды.

Мемлекеттік қолдауды әрдайым алуға бола ма?

Субсидиялау туралы өтінім әрдайым мақұлдана бермейді. Өтінімнің қабылданбауына келесі себептер әсер етуі мүмкін:

  • Компанияның қарыздарының болуы (мысалы, төленбеген салық немесе әлеуметтік жарналар), сондай-ақ бизнестің сот процестеріне қатысуы.
  • Құжаттардың дұрыс ресімделмеуі, оның ішінде бизнес-жоспарда қателіктердің болуы (есептеулердегі дәлсіздіктер, өтелімділік мерзімінің тым ұзақтығы, нақтылықтың болмауы), сондай-ақ құжаттар тізімінің толық болмауы.
  • Қызметтің мемлекеттік бағдарламалар аясында субсидияланатын бағыттарға сәйкес келмеуі.
  • Бизнестің бұрын субсидиялау құралдарын пайдалануы. Бұл жағдайда өтінімнің мақұлдану ықтималдығы төмендейді, себебі субсидияланған қаражатты жиі тарту бизнестің өз бетінше даму әлеуетінің жеткіліксіз екенін көрсетуі мүмкін
  • Компанияның бұрын субсидия алып, оларды пайдалану талаптарын бұзуы.
  • Кәсіпкердің субсидияланған қаражатты пайдалану мақсаттарын және оны іске асыру тәсілдерін нақты сипаттамауы.
  • Кәсіпкерлік қызметтің ашық болмауы (мысалы, комиссия қызметтің заңдылығына күмән келтіреді).

Субсидиядан бөлек, азаматтардың жекелеген санаттары грант алуға да үміт арта алады. Мысалы, Enbek.kz электронды еңбек биржасының бастамасымен жүзеге асырылатын бағдарлама аясында жас кәсіпкерлерге гранттар беріледі. Мемлекет бизнесті қолдаудың басқа да форматтарын ұсынады, олардың қатарында бизнесті басқару дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беретін оқыту бағдарламалары, кепілдіктер, сондай-ақ ислам қаржыландыруы (шариғат талаптарына сай көрсетілетін қаржы қызметтері) бар. Сонымен қатар инвестиция жасағанда, лизинг шарттарын ресімдегенде және қайта қаржыландырғанда берілетін жеңілдіктерді пайдалануға болады.

Қолдау құралдарының әртүрлілігі кәсіпкерлерге нақты қажеттіліктеріне сай өнімді таңдап, бизнесті бастау немесе дамыту үшін оңтайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді