Жаңа жылда дәстүр бойынша Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар да «іске қосылады». Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР-дағы компаниялар өздерінің мамандары үшін ЖМЗЖ (толық жазылуы: жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары) төлеуге міндетті. Бұл ретте жұмыс берушілер жарналарды 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған қызметкерлер үшін ғана төлейтінін ескерген жөн.
1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған жұмыскерлермен қатар 2026 жылдан бастап ҚР-да ЖМЗЖ төленбейтін тұлғалардың тағы бес санатын бөліп көрсетуге болады. Олардың қатарында:
Онлайн-бухгалтерия
Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!
2026 жылдан бастап ЖМЗЖ есептеуде екі мәселе маңызды – өзекті мөлшерлеме және жұмыскер табысының мөлшері.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мөлшерлеме 3,5% - ға жетеді. Кейінгі жылдары ол артады және 2028 жылғы 1 қаңтарға қарай 5% -. құрайды. Біртіндеп ұлғаю жұмыс берушілерге қаржылық жүктемені азайту, оларға жаңа шындыққа бейімделуге уақыт беру қажеттілігімен байланысты.
Мөлшерлеме қызметкердің ай сайынғы табысына қолданылады. Бұл ретте табыс деп жалақы ғана емес, сонымен қатар ақшалай түрдегі еңбекақының барлық түрі (сыйлықақы және т.б.) түсініледі. ЖМЗЖ аударылатын ай сайынғы табыс ең төменгі жалақыдан кем және ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен артық болмауы тиіс.
Жарналар жұмыс берушінің есебінен төленіп, БЖЗҚ-да әрбір жұмыскер үшін ашылған шартты зейнетақы шотына ай сайын аударылып отырады. Операциялар «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы жүргізіледі, бұл ретте жұмыс беруші төлем жасаған кезде, ЖМЗЖ төлейтін мамандардың тізімін қоса беруі тиіс.
Зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) аудару мерзімі жұмыс беруші компанияның түріне байланысты. Жұмыс берушілердің көпшілігі аударымдарды жұмыскер ақша қаражатын алған айдан кейінгі айдың 25-ші күніне дейін жасайды. Бұл мерзімдер, мысалы, ЖК, фермер шаруашылықтары, сақтандыру компаниялары үшін өзекті.
Бірақ ерекшеліктер де бар. Мәселен, мемлекеттік кәсіпорындар есеп айырысуды төлем айынан кейінгі айдың 15-ші күніне дейін жүргізеді. «Салық туралы» Кодексте патенттік режим бойынша жұмыс істейтін ЖК үшін де ерекше мерзім қарастырылған.
ЖМЗЖ енгізу – Қазақстандағы зейнетақы реформасы бойынша іске асырылып жатқан шаралардың бірі. Жарналардың мақсаты – азаматтарға лайықты зейнетақыны қамтамасыз ету, зейнетақы төлемдерінің еңбек өтіліне сәйкестігі және зейнеткерлікке шыққан жұмыскерлердің өмір сүру деңгейін арттыру.