Бұл салада тек ТМД елдері ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттер арасында да көшбасшы болуды қамтамасыз ететін қарқынды түрде жаппай цифрландыруға қарамастан, ел экономикасындағы криптовалютаның ресми орны көлеңкеде қалып отыр. Бір жағынан, реттеушілер қазіргі экономикалық үрдістер ағынына ілесуге тырысса, екінші жағынан, билік блокчейннің орталықтандырылмауынан және бұдан туындайтын көлеңкелі экономика тәуекелдерінен қауіптеніп, сақтықпен әрекет етеді, ал мемлекеттік кірістер органдары криптовалюта нарығының барлық қатысушысы үшін айқын әрі түсінікті салық салу механизмінің құралдарын әзірлеп болған жоқ.
Қазақстан криптовалютаның даму тарихында шағын болса да, ойып тұрып орын алады. 2018-2019 жылдардан бастап осы жаңа саланың реттелмеуі және қандай да бір қолданылатын заңнаманың болмауы (ал бізде тыйым салынбаған нәрсеге рұқсат етілетіні белгілі) және салыстырмалы түрде арзан электр энергиясы елге көптеген майнерлерді тартты, олардың заңды және жартылай заңды майнинг-фермаларының 2021 жылға қарай әлемде өндірілетін криптовалюта көлемі бойынша Қазақстанды екінші орынға (АҚШ-тан кейін) шығарғаны көпшілік үшін тосынсый болды. Елдің жер қойнауынан барынша материалдық шикізатты өндіруге дағдыланған билік дер кезінде қимылдап, салық заңнамасына түзетулерді асығыс енгізді де, майнерлер үдемелі шкала бойынша салық төлеуге мәжбүр болды, алайда еш керемет болған жоқ, өйткені көлеңкедегі майнерлердің көпшілігі әлемнің аз реттелетін экономикаларына жылыстағаннан кейін елдегі майнингке байланысты дүрлігу басылып қалды.
#IronCard – жоғары мәртебе
Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта
Қазіргі уақытта заңнама тұрғысынан криптовалюта шекаралық мәртебеге ие: Қытайдағыдай толық тыйым жоқ, бірақ крипта төлем құралы ретінде ресми түрде танылған да жоқ, сондай-ақ бұрын эмиссия мен айналымға тыйым салынған болатын. Криптовалюта мәртебесінің ұдайы жаңарып отыратынына (мысалы, 2024 жылғы сәуірден бастап негізгі цифрлық валюталардың баға белгіленімі ҚР Салық комитетінің сайтында жарияланып отырады деген жаңалық) қарамастан, токендер пайдаланылатын операцияларды реттеуге, салық салуға және тіпті көлеңкелі құрылымдар мен терроризмді қаржыландыру қаупіне байланысты шешілмеген мәселелердің көптігінен бұл процесс тежелуде.
Алыпсатарлыққа қолайлы, реттелмейтін және барынша құбылуға бейім криптовалюта нарығына билік сенім артпайды. Сансыз дүбір салдарынан инвесторлар қомақты сомадағы ақшадан айырылып, алаяқтық нарықтың айналасында кей кезде мүлдем қисынсыз түрде кең етек алды (әлдебір адамдардың биткоин логотипі бар физикалық металл монеталарды мұны түсіне бермейтін көшедегі кездейсоқ адамдарға сатқан жағдайларын естеріңізге саламыз), ірі биржалардың күйреуі мен айла-шарғылар туралы алғашқы жанжалдар пайда бола бастады.
Әйтсе де реформалар реттеушінің кабинетінде және заң шығару палаталарында пісіп-жетілгенше елдің ерекше заңнамалық мәртебесі бар бас қаржы орталығы – «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) аясында фиаттық емес ақша айналымына рұқсат етілді. Бұл ретте АХҚО-да криптовалюта айырбастау және жинақтау құралы, есеп айырысу бірлігі ретінде қарастырылады. Фиаттық валютаға (яғни елдің ресми валютасына) сатып алу немесе сату сияқты виртуалды ақшамен операциялар жүргізуге рұқсат етіледі. Бұл транзакциялардың барлығы бұрын тек заңды тұлғалар мен ЖК-ге бағытталған болатын. АХҚО криптовалютамен транзакцияларды нарықтық операциялардың жеке түрі ретінде қалыптастырып, контрагенттерге криптовалютаны сатып алуға, сатуға және фиаттық валютаға айырбастауға, сондай-ақ бір цифрлық активті екіншісіне айырбастауға көмектесетін қызметтер көрсетеді, бірақ бұл операциялардың барлығын АХҚО қатысушылары ғана жүргізе алады.
Сонымен, 2024 жылдың басынан бастап тағы да АХҚО аясында белгілі бір түрдегі стейблкоиндер эмиссиясына рұқсат етілді. Сегіз криптобиржа ресми түрде лицензияланды: Binance, Bybit, ATAIX Eurasia, Biteeu, CaspianEx, BigOne, Delta DA және Xignal&MT, бұлардың ішінде тек ATAIX – қазақстандық криптобиржа. Биржалар болса сауда-саттық процедураларын оңайлату үшін кейбір ЕДБ-мен интеграцияланды: биржалық шотқа тікелей картадан ақша салуға болады. Бұл ретте АХҚО-ның міндетті талабы бойынша әрбір алаңда ақшаны жылыстату жағдайы жөнінде есеп беретін офицер (MRLO) болады.
Бұл ретте реттеуші процесті барынша бақылауға тырысып, криптовалюта нарығын біртіндеп ырықтандыруда: АХҚО лицензиялаған валюталармен ғана (қазіргі уақытта олардың саны – 106) сауда жасауға болады, ал валюталар қатаң тексеруден өтеді, мысалы, жасырын етуге болатын токендер әдетте бұл тексеруден өтпейді. Жаңа криптовалютаны сауда-саттыққа қосу туралы шешім шығарған кезде көптеген аспектілер қарастырылады: айқындық –хаттамалар, блокчейн құру, негізін салушының мақсатында, басқа елдердің юрисдикцияларында мақұлдануы, қадағалануы, токен саны, капиталдандыру, өтімділік және құбылмалылық.
Внешнеэкономическая деятельность
Все необходимое в одном банке
Операциялардың түрлері де салыстырмалы түрде реттелген: барлық жерде Binance клиенттері жүргізе алатын P2P, Binance earn операцияларын, фьючерстермен сауда жасауды қазақстандық ойыншылар жүргізе алмайды. Реттеуші өкілінің айтуынша, бұл ретте жаңа өнімдерді енгізу алаңдармен қызу талқылануда.
---
Кейде криптовалютаға болашақтың әдеттегі қаржы құралы ретінде кереғар баға берілуіне қарамастан, әлемдік экономикаға барынша интеграциялануға бағыт алған, ішкі экономиканы цифрландыру мен біртіндеп ырықтандыруда үлкен жолды жүріп өткен Қазақстан сөзсіз еркін әлемдік криптовалюталар нарығының қатысушысы болуы әбден мүмкін. Бірақ барлық ішкі проблемалар мен геосаяси құбылыстар аясында бұл процесс ұзаққа созылуы мүмкін.
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 10 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 510,08 тг., ал ресей рублінің курсын 5,15 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы нығайды. 2024 жылғы 9 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, төмендеу -4,57 тг. құрады (514,65 тг.-ден 510,08 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, төмендеу -0,02 тг. болды (5,17 тг.-ден 5,15 тг.-ге дейін).
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 9 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 514,65 тг., ал ресей рублінің курсын 5,17 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы нығайды. 2024 жылғы 6 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, төмендеу -10,00 тг. құрады (524,65 тг.-ден 514,65 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, +0,03 тг. өсті (5,14 тг.-ден 5,17 тг.-ге дейін).
USD/KZT жұбының курсы 2,64%-ға нығайып, сауда көлемі 280 млн USD болғанда 508 теңгені құрады.
RUB/KZT жұбының курсы +1,08%-ға өсіп, 6 663 млн RUB сауда көлемінде 5,14 теңгені көрсетті.
Теңге күрт әлсірегеннен кейін, әдеттегідей, оның нығаюы байқалады.