Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алу – көпшілік армандайтын сол бір «сән-салтанаттың шыңы» іспеттес. Әлеуметтік желілерде қаладағы бір шаршы метрдің құны Дубайдағы құнға жақындап қалды деп әзілдейді. Дегенмен тауға қарайтын екі бөлмелі пәтер туралы арман әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Осы мақсатқа жету үшін көпшілік демалыссыз жұмыс істеуге, басқа өңірлерге баруға, тіпті айлап вахталық әдіспен еңбек етуге дайын. Тұрақты жалақы, тегін жатын орын мен тамақ, шығынның аз болуы қаражат жинаудың мінсіз тәсілі сияқты көрінеді. Бірақ вахта шынымен де пәтер туралы арманды шындыққа айналдыра ала ма?
Біз осы жолды өткен мамандармен сөйлестік. Олар вахта тек табысты ғана емес, әдеттерді де өзгертетінін айтты: ол адамды тәртіпке, төзімге үйретеді және ақша жинау көбіне саналы шектеулерге негізделетінін көрсетеді.
Цифрлық ақша – бұл Қазақстан экономикасын белсенді түрде цифрландырудың қисынды жалғасы. Нәтижесінде 2021 жылы ҚР Ұлттық банкі нарық өкілдерінің, сарапшылар мен халықаралық серіктестердің қатысуымен құрылған «Цифрлық теңге» пилоттық жобасын іске қосты.
Бұл салада тек ТМД елдері ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттер арасында да көшбасшы болуды қамтамасыз ететін қарқынды түрде жаппай цифрландыруға қарамастан, ел экономикасындағы криптовалютаның ресми орны көлеңкеде қалып отыр. Бір жағынан, реттеушілер қазіргі экономикалық үрдістер ағынына ілесуге тырысса, екінші жағынан, билік блокчейннің орталықтандырылмауынан және бұдан туындайтын көлеңкелі экономика тәуекелдерінен қауіптеніп, сақтықпен әрекет етеді, ал мемлекеттік кірістер органдары криптовалюта нарығының барлық қатысушысы үшін айқын әрі түсінікті салық салу механизмінің құралдарын әзірлеп болған жоқ.