Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Журнал таспасы
6 тамыз 2024
Жаңартылды: 3 қараша 2024

Қазақстандағы цифрлық теңге дегеніміз не және ол қазақстандықтарға не үшін қажет

Цифрлық ақша – бұл Қазақстан экономикасын белсенді түрде цифрландырудың қисынды жалғасы. Нәтижесінде 2021 жылы ҚР Ұлттық банкі нарық өкілдерінің, сарапшылар мен халықаралық серіктестердің қатысуымен құрылған «Цифрлық теңге» пилоттық жобасын іске қосты.

Пилоттық жоба цифрлық валютаның (атап айтқанда цифрлық теңгенің) қазақстандық шындықтағы өміршеңдігін тексеру жаһандық мақсатын көздейді.

Алтынға инвестиция салыңыз

Онлайн режимінде алтын құйма сатып алыңыз

2022 жылы Digital Tenge Hub бірлескен платформасы іске қосылды, ол тәжірибеге қызығушылық танытқан барлық тарапты біріктірді. Платформада қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасуға және цифрлық теңгені енгізудің қыр-сырын бірлесіп зерделеуге жағдай жасалған. 2022 жылдың соңында тестілеу өткізіліп, оған қаржы нарығының нақты ойыншылары – сатып алушылар мен жеткізушілер қатысты. Тест нәтижелері ҚР цифрлық ұлттық валютасын қолдану қазіргі ақша саясатына және елдің қаржы саласындағы тұрақтылығына қауіп төндірмейтінін көрсетті. Мәселен, сауалнамаға қатысушылардың 60%-дан астамы цифрлық теңгені күнделікті өмірде пайдалануға дайын екенін мәлімдеді.

2023 жылы жоба іске асырылуын жалғастырды. Мысалы, Алматы қаласының бірнеше мектебінде оқушылардың тамақтану ақысын төлеу жүйесінде пайдаланылған «цифрлық ваучер» енгізілді. Ал екінші деңгейдегі банктер халықаралық төлем жүйелерінің көмегімен цифрлық шотқа тіркелген карточка шығарды. Айтпақшы, мұндай карта әлемдегі алғашқы бірегей өнімге айналды.

Цифрлық теңге дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?

Цифрлық теңге Қазақстанның ұлттық валютасының үшінші нысаны ретінде қарастырылады. Цифрлық теңгенің бірегейлігі оның қолма-қол ақша мен қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың артықшылықтарын біріктіруінде. Мысалы, цифрлық теңгемен төлем жүргізу үшін интернет қажет емес.

Басқа электрондық валюталар сияқты цифрлық теңге де токендермен, яғни әріптер мен цифрлар жиынтығымен ұсынылған. Бұған қоса, әдеттегі қолма-қол ақша сияқты токендер де әртүрлі номиналға ие.

Цифрлық валютаның нақты көрінісі жоқ, бірақ оны әлі де «көруге» болады: цифрлық теңгенің логотипін Ұлттық банк қызметкерлері әзірледі. Мамандар «теңгені» білдіретін ₸ деген белгіні негізге алды. Бейне ақ және жасыл реңктерде жасалған.

Электрондық ақшаның негізгі артықшылықтарының бірі – олардың бағдарламалануы. Мысалы, пайдаланушы ақшаны нақты бір мақсаттарға пайдалануға болатындай етіп белгілей алады. Айталық, ата-ана баласының зиянды тәттілерді сатып алмауын қалайды. Ол үшін ата-ана токенді мысалы, тек мектеп асханасында немесе нақты тауар сатып алған кезде есеп айырысуға болатындай етіп бағдарламалай алады. Алайда мұндай кеңейтілген функционал арнайы инфрақұрылымды дайындауды және қызмет пен тауар жіктегішін әзірлеуді талап етеді.

Премиум карта дегеніміз не?
Қазақстандағы криптовалюта: онымен не істеуге болады, не істеуге болмайды

«Цифрлық теңге» не істей алады?

Ұлттық цифрлық валютамен қолма-қол ақшамен немесе карточкадағы ақшамен жасалатын операциялар тәрізді барлық операцияны орындай беруге болады деп жоспарлануда. Басқаша айтқанда, пайдаланушылар шот ашып, көрсетілген қызмет немесе тауар үшін есеп айырыса алады, ақша аудара алады. Барлық транзакция банк қолданбалары мен төлем жүйелері арқылы жүргізілетін болады. Сондай-ақ пайдаланушылар NFC және QR-код арқылы есеп айырыса алады.

#IronCard – жоғары мәртебе

Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта

Цифрлық теңгенің басқа криптовалютадан айырмашылығы неде?

Ұлттық цифрлық валютаның бірнеше айырмашылығы бар:

  1. Криптовалюта оның эмитенті жоқтығымен танымал, яғни іс жүзінде оны бірде-бір ұйым шығармайды. Ал цифрлық теңгенің нақты эмитенті бар – ол Ұлттық банк.
  1. Цифрлық теңгеге майнинг, яғни криптовалюта өндіру қолданылмайды. Майнинг орталықсыздандырылған, оған кез келген адам қатыса алады. Цифрлық теңгемен жұмыс жүргізудің өз ережесі бар және оның сақталуын Ұлттық банк бақылайды.
  1. Цифрлық теңге ресми төлем құралы ретінде айқындалады. Ол 1-де 1 қатынасында ұлттық валютаға тең бағамға ие. Демек Қазақстанның электрондық валютасын айырбастауға болады.

Цифрлық теңгені қайдан және қалай сатып алуға болады?

Цифрлық валютамен операция жүргізу үшін жаңа төлем инфрақұрылымы қажет болмайды – ҚР-да бұрыннан үйлесімді жұмыс істеп келе жатқан инфрақұрылым пайдаланылады. Осылайша пайдаланушылар цифрлық теңгемен операцияны екінші деңгейдегі банктің қолданбасы арқылы жүргізе алады. Мысалы, цифрлық валютаны карточкадағы ақшаға сатып алуға немесе керісінше операция жүргізуге, яғни теңгені қолма-қол ақшасыз нысанға айырбастауға болады.

Қазақстанда цифрлық теңге қашан енгізіледі?

2025 жылдан бастап электрондық ұлттық валютаны және оның барлық функционалын пайдалана беруге болады деп жоспарланып отыр. Пилоттық жобаның қолданыс мерзімі 2024 жылы аяқталады: жылдың соңына қарай мамандар цифрлық теңгені толыққанды енгізу үшін қажетті деректерге ие болады.

Әлемнің көптеген елі сияқты Қазақстан да электрондық валютаны болашақтың ақшасы ретінде қарастырады. Олардың басты ерекшеліктерінің бірі – өзара есеп айырысуды жеделдету. Бүгінде қолма-қол ақшасыз операция жүргізген кезде де, төлем біраз уақыт алады, ал цифрлық теңгені пайдалану бұл кемшілікті жоюға мүмкіндік береді. Демек, еліміз қазіргі әлемнің динамикалық даму қарқынына сай бола алады.

Автор
Алим Сеитжанов
Сізге ұнауы мүмкін
Обзор валют
2024 жылғы 6 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 6 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 524,65 тг., ал ресей рублінің курсын 5,14 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 5 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +1,07 тг. құрады (523,58 тг.-ден 524,65 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, +0,13 тг. өсті (5,01 тг.-ден 5,14 тг.-ге дейін).

Обзор валют
BCC Invest-тің 2024 жылдың 5 желтоқсанына арналған валюта бағамдары бойынша аналитикасы

5 желтоқсандағы валюта сауда-саттығының жабылу кезіндегі теңге бағамы 0,61%-ға нығайып, сауда көлемі 219 млн АҚШ долларын құрап, 1 доллар үшін 521,79 теңге деңгейінде қалыптасты.

Теңгенің рубльге қатысты бағамы, керісінше, 0,99%-ға әлсіреп, 1 рубль үшін 5,085 теңгеге жетті.

Сарапшылар теңгенің нығаюының ағымдағы үрдістерінің сақталуын және орташа құбылмалылықты болжайды.

Обзор валют
2024 жылғы 5 желтоқсандағы валюта бағамдары

2024 жылғы 5 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын Қазақстанның Ұлттық банкі 523,58 тг. деп белгіледі, ал ресей рублінің курсы – 5,01 тг.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 4 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +0,41 тг. құрады (523,17 тг.-ден 523,58 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, +0,08 тг. өсті (4,93 тг.-ден 5,01 тг.-ге дейін).

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды