Күнделікті тұрмыста қолма-қол ақшасыз сауда жасап, зат сатып алу әрбір қазақстандықтың өміріне етене еніп кетті. Дегенмен биылдан бастап елімізде кәсіпкерлердің аударымдар арқылы төлем қабылдауына шектеу қойылған болатын. Бүгінгі материалымызда қолма-қол ақшасыз төлем жасау жайлы әңгіме өрбітеміз.
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
Қолма-қол ақшасыз төлем деген не
Атауы айтып тұрғандай төлем жасаудың бұл түрінде қолма-қол ақша пайдаланылмайды. Яғни, қаражат бір банк шотынан екінші шотқа аударылады. Ақша аударушы мен қабылдаушыдан бөлек, төлемнің бұл түріне үшінші тарап – банк немесе төлем жүйесінің операторы қатысады.
Қолма-қол ақшасыз төлемді компаниялар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар жүзеге асырады. Мұндай төлемді онлайн жүргізуге болады.
Қолма-қол ақшасы төлем жүргізу тәртіптері ҚР «Төлем және төлем жүйелері туралы» заңымен реттеледі.
Қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың кең таралған түрлері
Банк картасы арқылы төлем жасау
Қазақстандықтар арасындағы кең танымал әрі ыңғайлы төлем жүргізудің түрі. Төлемнің бұл түрінде сатып алушы қажетті соманы өз шотынан саудагердің шотына карта арқылы аударады. Карта көмегімен кассалық аппарат, төлем терминалы, банктің мобильді қосымшасы, QR код немесе Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay сынды жүйелер арқылы төлем жасауға болады. Тіпті, интернет арқылы зат сатып алғанда қолданылатын төлем түрі де осы картаның көмегімен жүзеге асады.
Электронды әмиян арқылы төлем жасау
Төлем жасаудың аталмыш түрінде банк клиенті болудың қажеті жоқ, бұл ретте электронды әмиян шот қызметін атқарады. Әмиянды арнайы аппараттардың көмегімен, банк қосымшасы немесе ұялы теңгерімнен толтыруға бболады. Электронды әмияндағы ақша қолма-қол ақшамен барабар, оларды кез келген уақытта шығарып алуға болады. Бір айта кетері, мұндай әмияндағы ақшамен тек онлайн жүзінде төлем жасай аласыз.
SMS арқылы төлем жасау
Әдетте SMS арқылы төлеу сомасы үлкен емес цифрлық төлем үшін пайдаланылады. SMS арқылы төлем жүргізгенде қаражат ұялы теңгерімнен алынады, ал сатып алушы көрсетілген нөмірге SMS хат жолдайды. Аталмыш жолмен төлем жасағанда мобильді оператор делдал қызметін атқарады.
Төлем тапсырмасы
Заңды тұлғалар қолданатын төлем түрі. Төлем тапсырмасы – клиент белгілі бір қаражат сомасын белгіленген мерзімде алушының шотына аудару туралы нұсқаулармен өз банкіне жіберетін құжат. Оның көмегімен клиент контрагенттерге ақша аудару, салық төлеу, қызметкерлеріне жалақы төлеу және несиелерді өтеу сынды қаржы операцияларын жүзеге асырады. Бұл процеске төлем тапсырмасында көрсетілген нұсқауларға сәйкес аударым операциясын орындайтын төлеуші, алушы және банк қатысады. Қаражат алушыға құжатта көрсетілген мерзімге сай аударылады, әдетте бұл 10 күннен аспайды.
Ақша аударымдары
Баршамыз күнделікті қолданатын ақша аударымдары да қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың бір түрі. Дегенмен соңғы енгізілген өзгерістерге байланысты кейбір кәсіпкерлер төлемді бұлай қабылдаудан бас тартып отыр. Мұның себебі егер бір банк шотына 100-ден аса адамнан ақша түсіп, қаражат сомасы 3 ЖТМ (Жалақының ең төменгі мөлшері – 2024 жылы бұл көрсеткіш 255 000 теңгеге тең) асса, құзырлы органдардың тексерісіне алып келеді. Өз кезегінде егер қаражат түскен шот иесі кәсіпкер екені анықталса, оған айыппұл салынып, тиісті салық төлеу қажет болады.
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау төлем және төлем жасаушының түріне (жеке немесе заңды тұлға) байланысты іске асырылады.
Жеке тұлғалардан түсетін төлемдер. Жеке тұлғалар сауда жасағанда банк картасы, электронды әмиян немесе SMS көмегімен төлем жасай алады. Сатып алушының төлемін қабылдау үшін қызмет көрсетуші кассалық аппарат қолданып, тұтынушыға чек табыстауы қажет.
Банк карталары арқылы жасалған төлемдерді қабылдау үшін эквайринг қызметіне жүгіну керек. Бизнестің қажеттіліктеріне байланысты төменде көрсетілген қызметтерді қолдануға болады:
Заңды тұлғалардан түсетін төлемдер. Заңды тұлғалар тек банк шоттары арқылы төлем жасай алады. Олардан түсетін төлемді қабылдау үшін кассалық аппарат қажет емес. Заңды тұлғалардан қаражат алу үшін қолданыстағы шоттың болуы жеткілікті.
Эквайринг кәсіпкерлерге банк карталары арқылы төлем қабылдау мүмкіндігі сыйлайды. Бұл қызметке ие болуы үшін кәсіпкер банк көмегіне жүгініп, қаржы институтына белгілі бір мөлшерде пайыз төлейді. Ал банк тұтынушы тауар немесе қызмет сатып алғанда оның картасындағы қажетті соманы кәсіпкердің шотына аударады.
Эквайринг қызметін бизнестің кез келген түрі қоса алады, алайда осы орайда оның қандай түрі нақты қажет екенін анықтап алу керек.
Бизнесіңіз үшін эквайринг жүйесін қосуды ұйғардыңыз делік. Ендеше, өзіңізге қолайлысын таңдау керек.
Онлайн-бухгалтерия
Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!
Интернет эквайрингін қосу үшін қызмет көрсететін сайттың URL мекенжайын көрсету қажет болады.
Бір айта кетері, эквайринг қызметіне жүгіну үшін міндетті түрде банктен шот ашу керек болады. Қызметті қосу көп уақытты алмайды, әдетте бұл үрдістердің барлығы 1-3 күн ішінде аяқталады.
ЦентрКредит Банкінде жоғарыда аталған эквайринг қызметтерінің барлық түрлері қарастырылған. Ең төменгі қызмет ақысы 0,9%, ал банк шығарған карталар үшін 0,4%-ға тең. Қызметтерді BCC Business мобильді қосымшасы арқылы немесе банктің ресми веб-сайтында қосуға болады. Толық ақпаратты мына сілтемеден оқи аласыздар.
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 6 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 524,65 тг., ал ресей рублінің курсын 5,14 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 5 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +1,07 тг. құрады (523,58 тг.-ден 524,65 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, +0,13 тг. өсті (5,01 тг.-ден 5,14 тг.-ге дейін).
5 желтоқсандағы валюта сауда-саттығының жабылу кезіндегі теңге бағамы 0,61%-ға нығайып, сауда көлемі 219 млн АҚШ долларын құрап, 1 доллар үшін 521,79 теңге деңгейінде қалыптасты.
Теңгенің рубльге қатысты бағамы, керісінше, 0,99%-ға әлсіреп, 1 рубль үшін 5,085 теңгеге жетті.
Сарапшылар теңгенің нығаюының ағымдағы үрдістерінің сақталуын және орташа құбылмалылықты болжайды.
2024 жылғы 5 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын Қазақстанның Ұлттық банкі 523,58 тг. деп белгіледі, ал ресей рублінің курсы – 5,01 тг.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 4 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +0,41 тг. құрады (523,17 тг.-ден 523,58 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, +0,08 тг. өсті (4,93 тг.-ден 5,01 тг.-ге дейін).