Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) деректері бойынша 2024 жылдың 9 айында АҚШ долларына шаққандағы айырбас бағамы орта есеппен 458,7 теңгені құрады. 2023 жылғы орташа жылдық бағаммен салыстырғанда, 0,5%-ға немесе 2,5 теңгеге өскені байқалады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен (2023 жылдың 9 айы) салыстырғанда, 1,3%-ға немесе 5,8 теңгеге өскені байқалады.
Орташа мәннің салыстырмалы төмен деңгейі валютаға қатысты жыл басындағы қолайлы тенденциялармен түсіндіріледі. Айырбас бағамының динамикасына әсер еткен негізгі фактор – Ұлттық қордың (бұдан әрі – ҰҚ) шетел валютасын сату жөніндегі операциялары. ҰҚ-дан қаражат алу ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 2024 жылы жүргізілетін трансферт көлемі 3,6 трлн теңгені құрайды деген 2024 жылғы 3 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (бұдан әрі – ӘЭДБ) жоспарлы көрсеткіштерінен 300,4 млрд теңгеге асып түсті. Алайда ҚРҰБ Төрағасының 2024 жылғы 11 қыркүйектегі мәлімдемесіне сәйкес ел бюджетінің тапшылығын жабу мақсатына ҰҚ-дан одан әрі қаражат алуға қатысты белгісіздік белең алып отыр, бұл проинфляциялық қысым тәуекелінің өсуіне және мемлекеттің ақша-кредит саясатының тиімділігінің одан әрі төмендеуіне әкеледі.
1-сурет. 2024 жылғы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айлық айырбас бағамының динамикасы.
Ескертпе: авторлар ҚРҰБ деректерінің негізінде жасаған.
1-суртте ҰФ-дан жүргізілетін трансферт көлемі ұлғайғанда, теңге АҚШ долларына қатысты нығаятыны, ал трансферт көлемі азайғанда, теңге маусым және шілде айларында әлсірейтіні көрсетілген. 2024 жылдың басынан қыркүйекке дейінгі кезеңдегі корреляция коэффициенті (-)55,8% құрады, бұл теріс жағынан байқалатын корреляциялық байланысты көрсетеді. Өткен жылдармен салыстырар болсақ, корреляция коэффициенті айтарлықтай төмен болды, өйткені трансферт көлемі азырақ болды және трансферттердің әсері биылғы жылдағыдай айқын болмады.
Соңғы толық емес деректер бойынша 2024 жылғы қазандағы айлық орташа айырбас бағамы 485 теңгені құрап, осылайша жыл басында бағам 5,9%-ға немесе 27,2 теңгеге құнсызданған. Қыркүйек айының басынан бастап Ұлттық валютаның біртіндеп құнсыздануы байқалып, 2024 жылғы 11 қазанда 1 АҚШ доллары үшін 490,8 теңге мөлшеріндегі ең жоғары мәніне жетті.
Дүниежүзілік Банктің (бұдан әрі – ДБ) деректері бойынша Brent маркалы мұнайдың бағасы Ұлттық экономика министрлігінің баррель үшін 80$ деп белгілеген болжамдары шегінде және 9 айдың қорытындысы бойынша баррель үшін 82,7$ құрайды (айырбас бағамымен корреляция коэффициенті (-)51,7% құрады, бұл – бірқалыпты теріс корреляциялық байланыстың көрінісі. Яғни, мұнай бағасының өсуімен айырбас бағамы нығаюы керек және керісінше). Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – ҰСБ) деректері бойынша 2024 жылдың 9 айында ӘЭДБ-ге сәйкес жоспарлы көлемнің 63,6%-ы өндірілді.
Ағымдағы жағдайларда, теңге бағамына АҚШ долларына қарай қысқамерзімді бағыт бере алатын нарықтық озыңқы индикатор рөлін РЕПО операциялары бойынша кірістілік атқара алады. Қыркүйек айының соңында біз TONIA индексінің кірістілігі 13,38%-дан 14,44%-ға дейін күрт өскен кезде, бағамның 0,4%-ға немесе 1,96 теңгеге одан әрі нығайғанын байқадық. Осыған ұқсас көрініс, индикатор 13,77%-дан 14,52%-ға дейін өсіп, бағам 1,5%-ға немесе 7,25 теңгеге нығайғандағы соңғы тенденциялар бойынша да байқалады. Жыл басынан бастап ағымдағы жылдың 23 қазанына дейінгі кезеңдегі корреляция коэффициенті (-)38% құрады, бұл айнымалылар арасындағы теріс бірқалыпты байланысты көрсетеді.
Бұл ретте жыл соңына дейін, өзге де тең талаптар сақталғанда, BCC Invest болжамдық моделіне сәйкес, айырбас бағамы 95% сенімділік интервалы аясында 1 АҚШ доллары үшін 483-тен 492 теңгеге дейінгі ауқымда қалыптасады.
Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 6 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 524,65 тг., ал ресей рублінің курсын 5,14 тг. деп белгіледі.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 5 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +1,07 тг. құрады (523,58 тг.-ден 524,65 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, +0,13 тг. өсті (5,01 тг.-ден 5,14 тг.-ге дейін).
5 желтоқсандағы валюта сауда-саттығының жабылу кезіндегі теңге бағамы 0,61%-ға нығайып, сауда көлемі 219 млн АҚШ долларын құрап, 1 доллар үшін 521,79 теңге деңгейінде қалыптасты.
Теңгенің рубльге қатысты бағамы, керісінше, 0,99%-ға әлсіреп, 1 рубль үшін 5,085 теңгеге жетті.
Сарапшылар теңгенің нығаюының ағымдағы үрдістерінің сақталуын және орташа құбылмалылықты болжайды.
2024 жылғы 5 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын Қазақстанның Ұлттық банкі 523,58 тг. деп белгіледі, ал ресей рублінің курсы – 5,01 тг.
Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 4 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +0,41 тг. құрады (523,17 тг.-ден 523,58 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, +0,08 тг. өсті (4,93 тг.-ден 5,01 тг.-ге дейін).