Биылғы жылы инвесторлар барлық бағалы металл арасынан ең алдымен алтын мен күміске баса мән бергені жөн. Алтын біздің күткенімізді ақтап, бұған дейін жариялаған мақсатты деңгейге – унциясына 3500 долларға жетті. Қазіргі макроэкономикалық жағдайды ескере отырып, алтынның әрі қарай өсу әлеуеті сақталып отыр. 2025 жылдың соңына дейін алтын бағасы унциясына 4000 долларға жақындайды деп болжап отырмыз.
2024 жылы елдер бойынша Орталық банктің алтын резервтерінің ең үлкен өсімі/төмендеуі.
Дереккөз: World Gold Council
Бұл өсімнің негізгі қозғаушы күштері ретінде нақты пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі, әсіресе Қытай, Үндістан, Әзербайжан, Түркия және басқа да дамушы елдердің орталық банктерінің резервтерін белсенді түрде әртараптандыруы, сондай-ақ геосаяси тәуекелдердің күшеюі мен АҚШ-тың экономикалық саясатының белгісіздігі болып қала береді.
Сонымен қатар жыл басынан бері бағалардың күрт өскенін ескере отырып, қысқа мерзімді түзету болуы мүмкін, алайда ол қалыпты деңгейде өтеді және позицияларды арттыруға қолайлы жағдай туғызады.
2025 жылғы сәуір айындағы деректер бойынша. Дереккөз: Халықаралық валюта қоры (IFS, 2025 жылғы сәуір) және басқа дереккөздер.
Алтын нарығын қолдайтын қосымша факторлардың бірі – әсіресе Қытай инвесторлары тарапынан алтын ETF-қорларына қаражаттың тұрақты құйылуы. Қазіргі уақытта жеке инвесторлардың құймалар, монеталар және ETF арқылы алтынға салған жиынтық инвестиция көлемі шамамен 4,2 триллион долларға жетіп, өсуді жалғастырып келеді. Бұл алтынға стагфляция, рецессия және геосаяси белгісіздік тәуекелдерін хеджерлеу құралы ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
Бұған қоса, алтын портфельдің экономикалық циклдік ауытқуларға тәуелділігін азайтуға қабілетті және қор нарықтары күрт құлдыраған кезеңдерде тиімді қорғаныс активі ретінде қызмет етеді.
Күміс те өсу әлеуеті жоғары тартымды актив болып саналады. Оған деген сұраныс технология секторында, әсіресе күн батареялары мен электроника өндірісінде белсенді қолданылуына байланысты артып отыр. Бұл жаһандық энергетикалық ауысу жағдайында тұрақты өнеркәсіптік сұранысты қамтамасыз етеді. 2025 жылдың соңына қарай күміс бағасы унциясына 38 долларға жетуі мүмкін, бұл оны инвестициялық портфельге тартымды қосымша етеді.
Биыл инвесторларға палладийге инвестиция жасаудан аулақ болуды ұсынамыз. Негізгі себеп – автомобиль өнеркәсібінде осы металға деген құрылымдық сұраныстың төмендеуі. Өйткені сала автокатализаторларда дәстүрлі түрде қолданылатын палладийді аз қажет ететін электромобильдерге біртіндеп көшіп жатыр. Соның нәтижесінде палладий бағасы жылдың соңына қарай төмендеуі мүмкін.
Ал платинаға келер болсақ, оның ұзақ мерзімді перспективасы біршама оң көрінеді, алайда биыл айтарлықтай өсім күтпейміз. Платина нарығы артық ұсынысты бастан кешіріп отыр, ал сұраныстың қалпына келуі болжанғаннан баяу жүріп жатыр. Сондықтан платинаға инвестиция салу ұзақ мерзімді перспективаға есептегенде ғана тиімді болуы мүмкін.
Кірістілікті салыстыруға арналған бағалы металдар мен S&P 500 индексінің нормаланған графигі. Дереккөз: Yahoo Finance
Бағалы металдар нарығындағы негізгі тәуекелдер АҚШ долларының нығаюымен және ірі орталық банктердің монетарлық саясатты қатаңдатуымен байланысты, бұл металдар бағасына, әсіресе алтын бағасына уақытша теріс әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ геосаяси қақтығыстардың кенеттен бәсеңдеу қаупін және сауда тарифтерінің енгізілуінен туындайтын салдарды ескеру маңызды, өйткені олар экономикалық өсімді баяулатып, стагфляциялық үрдістерді күшейтуі мүмкін.
Осылайша жылдың соңына дейін біз алтын мен күміске басымдық беруді, платинаға қатысты сақтық танытуды және палладийден аулақ болуды ұсынамыз. Алтын бағасы айтарлықтай өскеннен кейін аздаған түзету болуы мүмкін, соған қарамастан бағалы металдар нарығындағы жалпы бағыт оң сипатқа ие болып отыр.
Шолуды дайындаған: Ануарбеков Алдияр
Бұл материал тек ақпараттық мақсатта қолданылады. Бұл материалды тарату инвестиция жасау жөнінен кеңес беру қызметі болып табылмайды. Осы материалда берілген ақпарат жеке инвестициялық ұсыным емес.
Бұл материалды алушы шешім қабылдау үшін ұсынылған осы ақпаратты ғана негізге алмауы керек. Осы материалда көрсетілуі мүмкін есептерді, тарихи деректер мен өзге ақпаратты бұқаралық ақпарат көздерінен алынған ақпарат пен деректер негізінде BCC Invest қызметкерлері дайындаған. BCC Invest мұндай ақпараттың толықтығын, дәлдігін және шынайылығын тексермейді және тексеруге міндетті емес.
BCC Invest ұсынатын кез келген ақпаратты клиент тек өз қалауы бойынша пайдаланады және тәуекелді өзі көтереді. BCC Invest ұсынатын ақпарат белгілі бір бағалы қағазды сатып алу туралы ұсыныс және/немесе сату жөніндегі міндеттеме, мәміле жасауға ынталандыру және Клиентке инвестициялық, салық және заң мәселелері бойынша, оған қоса зейнетақы активтерін инвестициялаудың Клиенттің нақты мақсаттарына сәйкестігі туралы мәселе бойынша ұсыным болып табылмайды.
Бағалы қағаздармен, оның ішінде шетелдік бағалы қағаздармен, валютамен, базистік активтері әртүрлі туынды қаржы құралдарымен (бұдан әрі — «Қаржы құралы», олар туралы ақпаратты BCC Invest ұсынады) операция жүргізу алдында осы ақпаратты алушылар көрсетілген қаржы құралдарын сипаттайтын құжаттармен (эмиссиялау проспектісі және т.б.) танысуы қажет және қаржы құралдарымен мәміле жасағанға дейін өзінің қаржы, заң, салық, бухгалтерлік және өзге де кеңесшілерінен жан-жақты кеңес алуы тиіс.
Қаржы құралдарымен мәміле жасау белгілі бір тәуекелдермен ұштасқан, олар үшін жауапкершілік BCC Invest компаниясына жүктелмейді, өйткені олар тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс, тараптардың осындай тәуекелдердің салдарын болжау және болдырмау мүмкіндіктері шектелген немесе жоқ.
Клиент қаржы құралдарымен мәміле жасау мүмкіндігін өз бетінше бағалауы тиіс. Егер мәміленің экономикалық және заңдық мәні, құжаттамасы, шарттары және оған байланысты тәуекел айқын болмаса немесе Клиенттің мақсаттарына, ниеті мен үмітіне сәйкес келмесе, клиент мәмілені жасамауы тиіс.
Қаржы құралдарымен мәміле жасау елеулі қаржылық және өзге де тәуекелдерді туғызуы мүмкін. Осы себеппен бұл мәмілелер сәйкес тәуекелдерді өзіне қабылдауға және оларға байланысты ықтимал қаржылық шығынды көтеруге дайын тұлғаларға арналған. Кез келген мәмілені жасайтын кезде, клиент сәйкес мәмілені жасауға байланысты туындайтын тәуекелдерді түсінетініне және оқиғаның даму сценарийі қандай болса да, өзіне қабылданған міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және өзге ресурстарға ие екеніне көз жеткізуі қажет.
Қаржы нарығында операция жүргізу туралы шешім қабылдай отырып, қаржы құралдарына инвестициялау күтілетін кірісті алмау, инвестицияланған қаражаттың бір бөлігін немесе тіпті бәрін жоғалту тәуекелін, ықтимал шығыс пен шығын көтеретінін ескеруі қажет.
Болжанатын оң кірістілік туралы ақпарат тек болжам ретінде бағалануы мүмкін. Бұрынғы инвестициялық қызметтің нәтижелері болашақтағы нәтижелерді айқындамайды, ал активтердің құны ұлғаюы да, кемуі де мүмкін. Шетел валютасының айырбас бағамының өзгеруі де инвестиция құнының кемуіне немесе көбеюіне негіз болуы мүмкін. BCC Invest ақпаратты пайдалану негізінде Клиент алуы мүмкін қаржылық нәтижелерге қатысты кепілдік немесе растау бермейді және қандай да бір жауапкершілікті қабылдамайды.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген 10.07.2018 жылғы № 3.2.235/12 мемлекеттік лицензия.