Алтынның жиынтық кірістілігі, %
Жыл басынан бері алтын 13%-ға өсіп, трой унциясы үшін $3 000 шегінен асып түсті, бұл – тарихи тұрғыдан ең үздік көрсеткіштердің бірі. Өсімнің негізгі себептері:
ОБ-ның алтын сатып алу көлемі, тонна
Орталық банктер
ОБ-ның алтынға деген сұранысы артып келеді деген кең таралған пікірге қарамастан, деректер керісінше көрсетеді. 2024 жылы әлемдік орталық банктердің алтын сатып алу көлемі 265 тоннаға жетті, ал 2023 жылы – 371 тонна, 2022 жылы – 377 тонна болды. Орталық банктер алтынды тым жоғары бағамен сатып алуға мүдделі емес, бұл алтын қорын толықтыру қарқынының баяулауына әкеледі.
Алтын бойынша ұзын және қысқа позициялар көлемі, тонна
2025 жылдың басынан бері алтын бойынша ұзын және қысқа позициялар арасындағы айырмашылық азайып келеді. Алтынға қатысты ең жоғары "бұқа" болжалы 2024 жылғы қыркүйек айында байқалды. Жыл басынан бері алтынның 13%-ға күрт өсуі оның әрі қарайғы өсу әлеуетін төмендетіп, "аю" болжалының артуына әкеледі. Дегенмен 2022 жылдың басындағы деректермен салыстырғанда, инвесторлардың алтынға деген "бұқа" көзқарасы әлі де сақталып отыр. Бұл ұзақмерзімді "бұқа" трендінің жалғасып жатқанын көрсетуі мүмкін.
Сұраныс пен ұсыныс динамикасы, тонна
Алтын бағасының әрі қарай өсуі шектеулі болуы мүмкін. Сұраныс пен ұсыныс, орталық банктердің сатып алуы және жылдың басынан бергі аса жылдам өсу сияқты іргелі факторлар алтын бағасының өсу қарқынының баяулау мүмкіндігін көрсетеді. Алайда алтын әлі де белгісіздік аймағында тұрған инфляцияның және геосаяси тәуекелдердің өсуіне қарсы тиімді хедж құралы ретінде тартымды актив болып қала береді. АҚШ, Қытай және Еуроаймақ арасындағы сауда соғыстары инфляциялық қысымның қайта оралуына деген алаңдаушылықты күшейтеді, ал Таяу Шығыстағы әскери белсенділіктің артуы қақтығыстардың өршуін көрсетуі мүмкін. BCC Invest пікірінше, 2025 жылы алтын бағасы негізгі сценарий бойынша $3 200-ға дейін, ал инфляция күрт өсіп, қақтығыстар ушыққан жағдайда $3 500-ға дейін көтерілуі мүмкін.