"ҚазЭкспортГарант" АҚ бағдарламасы бойынша экспорттық қаржыландыру
Экспорттаушы үшін артықшылығы:
Экспорттаушы аккредитив талаптарына сәйкес құжаттарды берген кезде келісімшарт бойынша кепілдік берілген төлем жасау.
Серіктесті тартымды бағамен қаржыландыру, яғни егер ықтимал сатып алушының Сіздің тауарды сатып алуға ақшасы болмаса, онда біз Сіздің серіктесіңізді қаржыландыра аламыз.
Серіктестерін қаржыландыру есебінен экспорттаушының өткізу желісін кеңейту мүмкіндігі.
Қаржыландыру мерзімі: 6 айға дейін, кейбір жағдайларда 1 жылға дейін
Тауар: минералды шикізаттан басқа кез келген зат
Экспорттаушы мен Импорттаушы келісімшарт жасайды.
Импорттаушы өз банкіне аккредитив шығару туралы өтініш береді.
Импорттаушының банкі аккредитив шығарады.
"ҚазЭкспортГарант" АҚ сақтандыру өтемін береді.
"Банк ЦентрКредит" АҚ растауды қоса отырып, аккредитивті авизолайды.
Экспорттаушы тауарды жөнелтеді.
Экспорттаушы аккредитив бойынша құжаттарды ЦКБ-ға береді.
"ҚазЭкспортГарант" АҚ қор бөледі.
ЦКБ құжаттарды тексереді (5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде) және олар аккредитив талаптарына сай келген кезде 3-5 жұмыс күні ішінде Экспорттаушының пайдасына төлем жасайды.
ЦКБ негізгі борыш пен пайызды өтеу кестесін Импорттаушының банкіне жібереді.
Импорттаушы немесе Импорттаушының банкі белгіленген өтем жасау күні ЦКБ алдындағы берешегін өтейді.
Импорттаушының банкі үшін қаржыландыру құнының есебі: сақтандыру сыйақысы (жылдық 1-5% ) + CIRR мөлшерлемесі + 1.5-2% ЦКБ маржасы. Бүгінгі таңда қаржыландыру құны АҚШ долларымен шамамен жылдық 4,32-8,82% құрайды.
Тауар партиясына бір рет берілетін құжаттар пакетінің сомасы қазақстандық 150 млн теңгеден (немесе АҚШ доллары/еуро баламасынан) аспауы тиіс.
2. ҚР заңнамасы және халықаралық конвенция бойынша тыйым салынбаған.
3. CIRR -ні ЭЫДҰ мүше-елдердің экспорттық-несиелік агенттіктері ай сайын мерзіміне байланысты жергілікті валютамен мемлекеттік облигациялар мөлшерлемесінің негізінде белгілейді және әр айдың 15-інен келесі айдың 14-іне дейін қолданылады. Мысалы, АҚШ доллар үшін 5 жылға дейінгі мерзімге 2014 жылғы 14 мамырға дейінгі мөлшерлеме 1,82%-ды құрайды.