StarBanking
ЦентрКредит Банкінің StarBanking тегін мобильді қосымшасы Сіз қай жерде болсаңыз да, смартфоныңыздан 24/7 режимінде өз қаражатыңызды басқарудың ең қолайлы әрі оңай тәсілі болып табылады.
StarBanking жүйесінің артықшылықтары:
- Комиссиясыз төлемдер;
- 2000-нан аса қызмет жеткізушілер;
- Тиімді бағам бойынша валюта айырбастау;
- Саусақ таңбасы, бет әлпетті сканерлеу немесе PIN-код арқылы жүйеге баламалы кіруді күйге келтіру.
Банк бөлімшелерінің жұмыс кестесіне тәуелсіз, StarBanking жүйесінің көмегімен Сіз төменде көрсетілген қызметтерге қол жеткізе аласыз:
- Барлық банктік шоттардағы қалдықтарды қадағалау;
- Кредит бойынша берешек пен өтеу кестесін тексеру;
- Брокерлік шоттарды басқару ("BCC INVEST" ақ-пен бірге), яғни брокерлік шоттағы қалдықты қарау, брокерлік шотты толықтыру;
- Өз шығыстарыңызға талдау жасау;
- 2000 аса қызмет түрлеріне төлем жасау;
- Центркредит банкіндегі және тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі кредитті өтеу;
- Өз шоттарыңыздың/карталарыңыздың арасында, сондай-ақ үшінші тұлғалардың шоттарына/карталарына ақша аудару;
- Телефон нөмірі бойынша starbanking жүйесін пайдаланушыларға жедел ақша аудару;
- Картадан қазақстандық кез келген банктің (р2р) картасына ақша аудару;
- Деректемелер бойынша банкаралық ақша аудару;
- Валюта айырбастау;
- Айыппұл және салық төлеу;
- Депозиттер мен ағымдағы шоттарды онлайн ашу;
- Жеке дизайндағы картаға тапсырыс беру;
- Visa/master card/union pay карталарын шығару/қайта шығару;
- Банкомат арқылы қолма-қол ақша алу үшін карта бойынша лимит белгілеу, интернет-транзакция жүргізу, сауда орындарында төлем жасау;
- "SMS-хабарлама", "E-mail-хабарлама", "Ай сайынғы үзінді көшірме" қызметтеріне қосылу;
- Картаны бұғаттау/бұғаттан шығару;
- Карта бойынша бұғатталған соманы нақтылау;
- Жасалған төлемдер мен ақша аударымдарын тексеру;
- Картадан жақын маңдағы банкоматты немесе банк бөлімшесін жылдам табу және т.б.
Жүйеге қалай қосылуға болады?
Жүйеге төменде көрсетілген 3 тәсілмен қосылуға болады:
- Жүйенің сайтында m.bcc.kz;
- Банкомат арқылы;
- Банк бөлімшесінде.
Сайтқа тіркелу:
- m.bcc.kz сілтемесі бойынша өтіп, "Тіркелу" таңдаңыз;
- ЖСН мен карта нөмірін енгізіңіз;
- Телефон нөмірін растау процедурасынан өтіңіз;
- Мобильді телефоныңызға логин, уақытша пароль және StarBanking жүйесіне сілтеме көрсетілген SMS келеді.
Банкомат арқылы қосылу:
- ЦКБ-нің кеңейтілген функционалы бар банкоматына төлем карточкасын салыңыз;
- ДСН кодты енгізіңіз; "Қызметке қосылу" операциясын таңдаңыз;
- Мобильді телефоныңыздың 10-таңбалы нөмірін енгізіңіз (оператордың кодымен бірге);
- Терілген мобильді телефон нөмірін растаңыз;
- Мобильді телефоныңызға логин, уақытша пароль және StarBanking жүйесіне сілтеме көрсетілген SMS келеді.
Қосылғаннан кейін 1 тәулік ішінде жүйеге кіріп, уақытша парольді тұрақты парольге ауыстыру қажет.