Банкоматтар (ATM), ақпараттық-төлем терминалдары (АТТ), автоматтандырылған депозит машиналары (АДМ).
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін.
Банкоматтың басты экранында тіл ауыстыру мәзірі экранның жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан. Ақпараттық-төлем терминалы мен депозит машинасында — экранның жоғарғы бөлігінде орналасқан.
KZT номиналдары: 500, 1000, 2000, 5000, 10000, 20000
RUB номиналдары: 5, 10, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000
USD номиналдары: 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100
CNY номиналдары: 1, 5, 10, 20, 50, 100
MasterCard, VISA және China UnionPay төлем жүйелерінің карталарымен жұмыс істейді.
Банкоматтар жаңа купюраларды 3-9 ай аралығында— банкомат өндірушілер жаңартылған бағдарламалық жасақтаманы ұсынғаннан сәттен бастап қабылдайды.
Операцияны бастамас бұрын терминалды/депозит машинасын/банкоматты тексеріңіз — оған бөгде құрылғылар немесе жасырын камералар орнатылмағанына көз жеткізіңіз. Егер бір нәрсе күмән тудырса немесе зақымдалған болып көрінсе, бұл құрылғыны пайдаланбаған жөн.
PIN-кодты енгізген кезде, пернетақтаны қолыңызбен немесе сөмкемен жабыңыз — кодыңызды ешкім көрмесін.
Операция толық аяқталғанға дейін банкоматтан алыстамаңыз және зейініңізді басқа жаққа бұрмаңыз.
Күдікті жайтты байқасаңыз, дереу банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.
Жоқ, PIN-кодты қолданба арқылы белгілеуге болады:
- Қажетті картаны таңдаңыз.
- «Әрекет» → «Теңшеу» → «PIN-кодты өзгерту» тармағын таңдаңыз.
- Жаңа PIN-код ойлап тауып, SMS арқылы келген кодпен растаңыз.
PIN-кодты SMS арқылы да белгілеуге болады
- Уақытша PIN-кодты алу үшін "PIN" сөзі мен картаңыздың соңғы 4 цифрін 4433 нөміріне жіберіңіз.
- Уақытша PIN-кодты тәулік ішінде қолданба арқылы ауыстырыңыз.
Ақша салған кезде қолма-қол ақша арасында бүктелген купюралар, тиындар, резеңке, қыстырғыш, қысқыш және басқа бөгде заттар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ бумадағы купюра саны операция кезінде құрылғы экранында көрсетілген мөлшерден аспауы керек.
Банктің әрбір бөлімшесінде. Сондай-ақ банкоматтар бөлімшеден тыс жерлерде де орналасқан. ҚР қалалары бойынша толық тізімді банктің сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен қарауға болады
Қолданбадан немесе bcc.kz сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен білуге болады
Егер банкоматта контактісіз оқу құрылғысы (NFC) болса, ал сіздің картаңызда толқын бейнесіндегі белгі болса, картаңызды, смартфоныңызды немесе сағатыңызды контактісіз оқу құрылғысына жай ғана жақындатып, картаны құрылғыға салмай-ақ, оңай ақша толықтыра аласыз не ала аласыз.
Иә, картаны, смартфонды немесе сағатты контактісіз оқу құрылғысына (NFC) жақындатып, PIN-кодты енгізу қажет, содан кейін мәзірден «Балансты қарау» тармағын таңдаңыз.
Қолма-қол ақша алу, шоттар мен депозиттерді толықтыру, қолма-қол валютаны айырбастау, кредиттерді өтеу, балансты қарау, есеп айырысу парағын алу (жалақы жобалары үшін қолжетімді). Көпвалюталы банкоматтардың мекенжайлары көрсетілген тізімді банк сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен таба аласыз
KZT, RUB, USD, CNY көпвалюталы банкоматтардың мекенжайлары көрсетілген тізімді банк сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен таба аласыз
KZT валютасымен шоттар мен депозиттерді толықтыру, кредиттерді өтеу, жеткізушілердің қызметтеріне ақы төлеу.
Заңды тұлғаларға өздігінен инкассациялау, KZT валютасымен карталарды, шоттарды және депозиттерді толықтыру.
Банкоматтар қолма-қол ақшаны бумамен қабылдауды қолдайды және құрылғы үлгісіне байланысты 40 купюрадан 200 купюраға дейін қолма-қол ақшаны бумамен қабылдай алады. Шектеу операция кезінде құрылғы экранында көрсетіледі.
Ақпараттық-төлем терминалдары қолма-қол ақшаны 1 купюрадан қабылдайды.
Автоматтандырылған депозит машиналары банкноттарды санау принципі бойынша жұмыс істейді және қолма-қол ақшаны бумамен, үстемелеп салу тәсілімен қабылдауды қолдайды.
Банкоматта авторизациядан өтудің 2 тәсілі бар:
1. Карта арқылы (картаны құрылғыға енгізу немесе картаны, смартфонды не сағатты контактісіз оқу құрылғысына (NFC) жақындату). Бұл жағдайда картадан қолма-қол ақша алу, картаны, шотты, депозитті толықтыру, кредитті өтеу, балансты қарау, есеп айырысу парағын алу (жалақы жобалары үшін қолжетімді) мүмкін болады.
2. ЖСН немесе БСН енгізу арқылы (басты экраннан қажетті операцияны таңдау). ЖСН арқылы авторизациядан өткен кезде, картаны, шотты, депозитті толықтыруға және кредитті өтеуге болады.
Ақпараттық-төлем терминалында басты экраннан операцияны таңдап, ЖСН немесе БСН енгізу қажет.
Автоматтандырылған депозит машиналарында басты экраннан операцияны таңдап, ЖСН немесе БСН енгізу қажет немесе картаны құрылғыға енгізу арқылы мүмкін болады.
Операция аяқталғаннан кейін, банкомат экранында электронды чек көрсетіледі, оны суретке түсіріп алуға немесе басып шығаруға болады.
Басқа банктердің клиенттері банкомат арқылы қолма-қол ақша ала алады және валюта айырбастай алады.
Ақша шотқа бірден түседі.
Егер смартфоныңызда электронды әмиян болса, смартфонды немесе сағатты банкоматтағы контактісіз оқу құрылғысына (NFC) жақындатып, қызметті бастауға болады.
Есеп айырысу шотынан ақша алу үшін банк бөлімшесіне хабарласу қажет. Картадан ақша алу үшін алдын ала төлем картасын ресімдеп, белсенді ету қажет.
Жоқ, қолма-қол ақшаны кез келген басқа банктің банкоматынан алуға болады. Банкоматтан ақша алу қызметінің тарифтерімен банк bcc.kz сайтындағы «Тарифтер» бөлімінде таныса аласыз
Ол үшін алдымен қолданбада депозиттегі ақшаны картаға аударып, содан кейін банкомат арқылы картадан қолма-қол ақша алуға болады.
Банктің банкоматтары мен ақпараттық-төлем терминалдары арқылы кредит бойынша ай сайынғы төлемдерді төлеуге, кредитті ішінара мерзімінен бұрын өтеуге және толық мерзімінен бұрын өтеуге болады.
Банкоматтарда, терминалдарда және депозит машиналарында операция жүргізу тарифтерімен bcc.kz сайтындағы «Тарифтер» бөлімінде таныса аласыз
1. ЖСН немесе БСН арқылы авторизациядан өткен кезде 1 операция аясында ең көп дегенде 500 000 KZT енгізуге болады.
2. Карта арқылы авторизациядан өткен кезде сомаға шектеу қойылмайды, алайда банкоматтың үлгісіне байланысты құрылғының өз шектеуі болуы мүмкін. Құрылғы бір уақытта 40 купюрадан 200 купюраға дейін қолма-қол ақшаны бумамен қабылдай алады. Шектеу операция кезінде құрылғы экранында көрсетіледі.
1. Қолма-қол ақша алу лимиті карта түрі мен белгіленген лимитке байланысты.
2. Банкомат үлгісіне қарай 40 купюрадан 200 купюраға дейін қолма-қол ақшаны бумамен бере алады.
1. Басқа банктердің карталары бойынша комиссия картаны шығарған банктің тарифіне сәйкес алынады.
2. ЦентрКредит Банкінің карталары бойынша банкоматтан ақша алу қызметтерінің тарифтері банк сайтындағы «Тарифтер» бөлімінде орналастырылған
1. Егер банкомат банк бөлімшесінен тыс жерде орналасқан болса — картаны қолданба арқылы бұғаттап, жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.
2. Егер банкомат банк бөлімшесінде орналасқан болса — жұмыс уақытында бөлімшеге барып, жеке куәлігін көрсету қажет. Маңызды: карта иесіне ғана беріледі, картадағы деректер мен жеке куәліктегі деректер салыстырылады.
Ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінімді ресімдеу үшін жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.
Жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.
Жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.
Бұл жағдайда қызметті бастау үшін картаны картридерге салу қажет.
Карта дұрыс салынбаған болуы мүмкін немесе чиптің оқу элементтері не магнит жолағы зақымдалған болуы мүмкін. Авторизациядан өту үшін банкоматтағы контактісіз оқу құрылғысын пайдалануды ұсынамыз.
Чектің телнұсқасын банк бөлімшесінде сұратуға болады.
Жаңа PIN-кодты қолданба арқылы орнатуға болады:
1. Басты бетте қажетті картаны таңдаңыз.
2. «Әрекет» және «Картаны теңшеу» дегенді таңдаңыз.
3. «PIN-кодты өзгерту» дегенді таңдаңыз.
4. Жаңа PIN-кодты енгізіп, SMS-кодпен растаңыз.
1. Банкоматтың басты экранында «Валюта айырбастау» тармағын таңдау.
2. ЖСН енгізіп, ақша айырбастау нұсқасын таңдау.
3. Ақша айырбастау талаптарымен танысу.
4. Купюра қабылдағышқа қолма-қол ақша салу.
5. Транзакцияның егжей-тегжейімен және берілетін сомамен танысу.
6. Қайтарымды алу тәсілін таңдау (карта немесе телефон нөмірін енгізу).
7. Сатып алынған валютаны алу.
9. Чекті экраннан суретке түсіру.
1. ЖСН енгізіңіз не болмаса картаны, смартфонды немесе сағатты контактісіз оқу құрылғысына салыңыз/жақындатыңыз.
2. Толықтыру үшін валютаны таңдаңыз.
3. Толықтырылатын шотты таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқаулықтарға сәйкес қолма-қол ақшаны салыңыз.
5. Чекті суретке түсіріңіз.
1. Картаны, смартфонды немесе сағатты контактісіз оқу құрылғысына салыңыз немесе жақындатыңыз.
2. “Қолма-қол ақша алу” дегенді таңдаңыз.
3. PIN-кодты енгізіңіз.
4. Сомасын көрсетіңіз.
5. Чекті суретке түсіріңіз.
Көпвалюталы банкоматтардың мекенжайлары көрсетілген тізім банк сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінде көрсетілген
Қолма-қол валютаны айырбастау үшін банкомат экранында ЖСН енгізу қажет.
Қолданбадағы бағам қолданылады.
Бағамдар банкоматтың басты экранында көрсетіледі
(Назар аударыңыз! Операция жүргізу барысында бағам өзгеруі мүмкін).
Иә, валюта айырбастау үшін ЖСН енгізу жеткілікті.
1 операция аясында 500 000 KZT дейін немесе шетел валютасымен балама сомасын айырбастауға болады.
Дс-Жм 09:00-20:00, Сб 09:00-18:00, жексенбі және мереке күндері сервисті пайдалану мүмкін болмайды.