Жеке кәсіпкер үшін бизнесті жүргізудің ең түсінікті, жеңіл әрі ыңғайлы тәсілдерінің бірі – бұл салық салудың оңайлатылған жүйесі (ССОЖ) бойынша ЖК. Егер қарапайым тілмен айтатын болсақ, бұл жағдайда бизнес оңайлатылған режим бойынша жұмыс істейді. Бұл режим әкімшілік процедуралардың санын азайтып, есептік құжаттаманы дайындауды жеңілдетеді. Ең бастысы, бизнес жүргізуді кәсіпкер өз бетінше – бухгалтерді тартпай-ақ атқара алады. Оңайлатылған режимнің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі қарастырайық.
Кәсіпкерлер, егер олардың бизнесі бір мезгілде келесі параметрлерге сәйкес келген жағдайда, оңайлатылған жүйені пайдалана алады:
Жұмыскерлердің жалпы саны 30 адамнан аспауы тиіс (бұл санға бизнесменнің өзі де кіреді).
Компанияның басқа елді мекендерде орналасқан филиалдары жоқ.
Оңайлатылған режим бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырған жеке кәсіпкердің бизнес айналымының нақты мөлшері кәсіпкердің үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) қолдануымен анықталады. Ол POS-терминалмен және онлайн-кассамен, сондай-ақ тауарлардың есебін жүргізуге мүмкіндік беретін ERP жүйесімен жұмыс істеуді көздейді.
Егер бизнесмен 2025 жылы бизнесті оңайлатылған режим бойынша жүргізу үшін ҮИЖ қолданбаса, ЖК-ның жартыжылдық айналымы 24 038 АЕК-тен кем болуы тиіс. Осылайша жарты жылдағы ең жоғары кіріс 94 517 416 теңгеден аспауы тиіс (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге жетті).
Егер кәсіпкер ҮИЖ қолданатын болса, онда жартыжылдық айналым 94 086 АЕК-тен (24 038 АЕК + 70 048 АЕК) төмен болуы тиіс. Ақшалай баламада – 324 596 700 теңге.
2025 жылы оңайлатылған режимдегі ЖК кез келген қызметпен айналыса алады. Алайда ҮИЖ мүмкін болмайтын бірқатар ерекшеліктер де бар, оларға мынадай салалар жатады:
Салық салудың оңайлатылған жүйесі бойынша жұмыс істеу үшін бір мезгілде аталған барлық параметрлерге жауап беру керек екеніне тағы да сіздің назарыңызды аударамыз. Егер бизнесмен критерийлердің ең болмаса біріне сәйкес келмесе, ол салық салудың жалпы режиміне көшеді.
2025 жылы ҚР-да оңайлатылған режим бойынша жеке кәсіпкердің қандай салықтар төлейтінін түсіну үшін оның жалдамалы жұмыскерлері бар-жоғын білу керек. Бизнесмен жалғыз жұмыс істейтін немесе қызметкерлерді жалдайтын екі жағдайды да егжей-тегжейлі қарастырайық.
Қосымша мамандар жалдамайтын бизнесмен бюджетке салық төлемдерін және өзі үшін міндетті жарналарды жүзеге асырады.
Бюджетке төленетін төлемдерге жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық жатады. Әр салыққа пайданың 1,5%-ы тиесілі. Жиыны – кірістің 3%-ы. Бюджетке төлем жылына екі рет, яғни жарты жылда бір рет: ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін және келесі жылдың 25 ақпанына дейін орындалады.
Кәсіпкер өз пайдасына келесіні төлейді:
2025 жылы оңайлатылған режим бойынша жалақы мөлшерін кәсіпкер өзі белгілей алатынын ескеріңіз, заңнама тек соманың шегін регламенттейді. Осылайша міндетті зейнетақы жарналарын енгізген кезде, бұл айына 1-ден 50 ЕТЖ-ға дейін (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ – 70 000 теңге), ал әлеуметтік аударымдар кезінде – айына 1-ден 7 ЕТЖ-ға дейін.
Аударылған төлемдер ай сайын жасалады. Жарналарды есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін жасау қажет.
Бұдан басқа бірнеше ерекшелікті есте сақтау маңызды:
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
Егер бизнесмен мамандарды жалдаса, онда ол да жоғарыда көрсетілген төлемдерді (өз пайдасына және бюджетке) жасайды. Сонымен қатар ол өзінің әрбір маманы үшін қаражат аударуы қажет:
Пайыздар жалдамалы мамандардың жалақы сомасынан есептеледі. Сондай-ақ қызметкердің мәртебесін (зейнеткер, мүгедек, шетелдік және т.б.) ескеру қажет.
Есіңізге сала кетейік, оңайлатылған салық жүйесі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер жұмыскерлер үшін әлеуметтік салықтан босатылады. Бірінші қаралған жағдайдағыдай, мамандар үшін төлемдер әр ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін) жасалады.
Бұдан басқа бизнесмен жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріне еңбекке жарамсыздық парақтарын, демалыс ақысын немесе егер қызметкер еңбек демалысын пайдаланбаса, өтемақы төлеуі тиіс.
Бизнесменге ҚҚС төлеу қажеттілігі оның жылдық табысымен анықталады. Осылайша егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату бойынша салық салынатын айналым жылына келесі мөлшерден асып кетсе, бизнесмен 2023 жылы оңайлатылған салық режимі кезінде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұруы қажет:
Айналым асып кеткен кезде, кәсіпкер асып кету туындаған ай аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде салықтық өтінішті (электрондық немесе қағаз нысанында) дербес беруге міндетті.
Егер кәсіпкер ҚҚС бойынша есепке тұрса, оған төлеушінің куәлігі беріледі. Осы сәттен бастап ол тоқсан сайын ҚҚС бойынша декларация беріп, 12% мөлшерлеме бойынша салық төлеуі қажет.
Мұны кез келген ыңғайлы тәсілмен: дербес, аутсорсингтегі бухгалтердің немесе штаттық бухгалтердің көмегімен жасауға болады. Әр нұсқаның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мысалы, штатқа бухгалтерді жалдау әрдайым экономикалық тұрғыдан орынды бола бермейді (әсіресе егер біз шағын бизнес туралы айтатын болсақ). Сондықтан шағын бизнес аутсорсингте бухгалтерия жүргізу қызметін жиі пайдаланады.
Өз кезегінде бухгалтерияны дербес жүргізу барлық аспектілерді мұқият зерделеуді білдіреді, көптеген ерекшелікті ескеру қажет. Мысалы, кәсіпкер қандай тәсілмен табыс таба алатынын және оған қандай құжаттарды дайындауға тура келетінін қарастырайық:
2025 жылы оңайлатылған режимдегі ЖК ЭШФ жазып беруге міндетті ме? 2021 жылғы 1 сәуірден бастап, егер заңды тұлғалармен немесе ЖК-мен жасалатын бір шарт бойынша сома (оңайлатылған режимді, патентті қолданатындардан басқа) 1 000 АЕК-тен, яғни 3 932 000 теңгеден асса, бұл құжатты жазып беру қажет.
Бірақ мұнымен шектелмейді. Келесі кәсіпкерлерге ЭШФ дайындау қажет:
Аталған санаттағы бизнесмендер шартқа сәйкес сома 1 000 АЕК-ке жетпеген жағдайда, ЭШФ дайындауы қажет екенін ескеріңіз..
Оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істейтін ЖК 910.00 нысанын жарты жылда бір рет толтыруы тиіс:
Нысан онлайн режимінде беріледі, бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның Салық кодексінде оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жеңілдіктер жазылған. Бірақ бұл жеңілдіктер тек мамандарды жалдайтын бизнесмендерге ғана қатысты.
ЖК әрбір қызметкер үшін төлейтін салықты 1,5%-ға төмендетуі мүмкін. Бұл маманның жалақысы 25 АЕК (яғни 92 300 теңге) немесе осы көрсеткіштен асқан жағдайда ғана мүмкін болады.
Жеңілдікті 910.00 нысанын толтырған кезде қолдануға болады. Төлем жасауға арналған соманы есептеу автоматты режимде орындалатын болады.
Кәсіпкер тек жеңілдіктерге ғана сене алмайтынына назар аударыңыз. Ол өз міндеттемелерін, оның ішінде салықты уақтылы төлеу жөніндегі міндеттемелерін есте ұстауы қажет. Әртүрлі бұзушылықтар ескерту (бірінші рет) арқылы жазаланады. Екінші және одан кейінгі бұзушылықтар анықталған кезде, кәсіпкерге айыппұл салынады. Оның үстіне аз сома емес – 15-тен 50 АЕК-ке дейін.
Оңайлатылған салық жүйесі кәсіпкерлерді қарапайымдылығымен және айқындылығымен тартады, бұл барлық есепті өз бетінше жүргізуге және бөгде мамандардың қымбат тұратын қызметтеріне жүгінбеуге мүмкіндік береді. Алайда оңайлатылған жүйеде де барлық ерекшеліктерді біліп, заңнама нормаларын түсіну маңызды. Бұл өз бизнесіңізді ашық әрі тиімді жүргізуге, жеңілдіктерді пайдалануға және ескерту мен айыппұлдарға жол бермеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамын 524,75 тг, ал ресей рублінің бағамын 5,12 тг деп белгіледі.
Доллардың бағамы өткен күнмен салыстырғанда нығайды. 2025 жылғы 9 қаңтардағы бағаммен салыстырғанда төмендеу -2,48 тг болды (527,23 тг-ден 524,75 тг-ге дейін). Сонымен қатар, рубльдің бағамы аздап әлсіреді, өсім +0,07 тг болды (5,05 тг-ден 5,12 тг-ге дейін).
Қазақстан Ұлттық Банкі 09.01.2025 ж. жағдай бойынша АҚШ долларының бағамын 527,23 тг., ал Ресей рублінің бағамын 5,05 тг. деңгейінде белгіледі.
АҚШ долларының бағамы алдыңғы күнмен салыстырғанда аздап нығайып, -0,07 тг. төмендеді (527,3 тг.-ден 527,23 тг.-ге дейін).
Ресей рублінің бағамы аздап әлсіреп, +0,10 тг. өсті (4,95 тг.-ден 5,05 тг.-ге дейін).
ЖК-ні 10 минутта
онлайн тіркеңіз