Бухгалтерияда жиі естуге болатын ЖТС аббревиатурасының мағынасын ашу қиын емес, бұл – жеке табыс салығы. Оны еліміздің барлық азаматтары мен резидент-шетелдіктер, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген тұлғалар төлейді. Алайда бірнеше ерекшелік бар. Мәселен, Қазақстанда табыс салығы АСР арнайы режиміне сәйкес жер салығын төлейтін ЖК үшін есептелмейді. Сондай-ақ ойын бизнесі салығын төлейтін тұлғалар төлеуден босатылды.
Салық мүгедектігі бар балаларды немесе бала кезінен мүгедектерді тәрбиелеп отырған ата-аналарға (қамқоршыларға немесе асырап алушы ата-аналарға), сондай-ақ мүгедектігі бар жеке тұлғаларға қатысты қолданылады. Бірақ олар салық шегерімін ала алады (ҚР СК 346-бабында регламенттелген), бұл қорытынды соманы айтарлықтай азайтады. 2025 жылы бұл шегерім күнтізбелік жыл үшін 882 АЕК құрайды. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК 3 932 теңгеге тең. Осылайша шегерім 3 000 000 теңгеден асады. Осылайша осы шегерімді қолданған кезде, салық жай ғана нөлге тең болады.
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
Табыс салығы төлеушінің табысына есептеледі. Бұл жалақы ғана емес, сонымен бірге жеке практиканы жүзеге асыратын, бірақ ЖК болып табылмайтын жеке тұлғаның табысы, сондай-ақ зейнетақы, стипендия, ұтыстардан, дивиденд түрінде немесе борышты кешіру нәтижесінде алынған табыс. Сондай-ақ салық салу мүліктік табысқа, ЖК табыстарына да қолданылады. Толық тізбені ҚР СК-нен білуге болады (321-бап).
Алайда кейбір кірістер (мысалы, іссапар немесе кәсіби тексеру үшін өтемақылар) кірісті есептеген кезде ескерілмейтінін атап өткен жөн.
Әдетте, жеке тұлғаға салықты өз бетінше есептеп, төлеудің қажеті жоқ, оның орнына мұны салық агенті жүзеге асырады. Көп жағдайда салық агенті ретінде жұмыс беруші әрекет етеді, ол жалақыны есептеген кезде, салық сомасын ұстап қалады. Ал жеке кәсіпкерлер ЖТС-ны салық декларациясын берген кезде өз бетінше есептейді.
Бұрын мөлшерлеме табыс түріне негізделетін. Бірақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мөлшерлеме біріздендірілді, яғни ол барлық табыс түрі үшін бірыңғай болды. Осылайша бүгінде ЖТС мөлшерлемесі 10% құрайды.
Мемлекет бюджетіне қандай сома енгізуіңіз керектігін түсіну үшін қарапайым есептеулер жүргізуге болады. Алайда өзінің ерекшеліктері де бар.
Есептеуді қадам бойынша қарастырайық:
1. Барлық алынған табысты қосамыз.
2.Салық салынбайтын табысты шегереміз. Бұл ҚР СК 341-бабында регламенттелген. Ең көп таралған пункттердің арасында алименттер (тек балаларға ғана емес, сондай-ақ асырауындағы адамдарға да), салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар, әскери қызметшілердің әскери қызмет атқаруға байланысты табыстары бар.
3.Стандарт шегерімді алып тастаймыз (14 АЕК, яғни 55 048 теңгені құрайды), сондай-ақ зейнетақы аударымдары (МЗЖ) және медициналық сақтандыру (МӘМСЖ) бойынша шегерімдер, заңда көзделген басқа да шегерімдер (мысалы, егер салық төлеуші мүгедек баланың ата-анасы немесе соғыс ардагері болса, 882 АЕК).
4.Алынған сомаға 10% мөлшерлемені қолданамыз (яғни 0,1-ге көбейтеміз).
Нақты мысал келтірейік. ҚР азаматы ай сайын 200 000 теңге алады делік және оның табысының арасында салық салынбайтындары жоқ. Сонымен:
Бизнес-карта иелеріне арналған жүлделер ұтысы
1.200 000 теңгеден МЗЖ алып тастау қажет (бұл 200 000 теңгенің 10%, яғни 20 000 теңге). Барлығы: 200 000 – 20 000 = 180 000 теңге.
2.Одан кейін медициналық сақтандыруға арналған жарнаны аламыз (бұл 200 000 теңгенің 2%, яғни 4 000 теңге). Барлығы: 180 000 – 4 000 = 176 000 теңге.
3.Егер тіпті азаматтың қандай да бір арнайы шегерімге құқығы болмаса да, ол стандарт шегерімді пайдалана алады, ол 14 АЕК, яғни 55 048 теңгені құрайды. Алып тастасақ, 176 000 – 55 048 = 120 952 теңге шығады.
4.Міне, осы сомаға, яғни 120 952 теңгеге 10 пайыздық мөлшерлемені қолданамыз. 120 952 х 0,1 = 12 095 теңге.
Осы сома ЖТС мөлшері болып табылады.
Егер жеке тұлғаның орнына салықты жұмыс беруші төлесе (жағдайдың көпшілігі), ол қызметкерге жалақы төлеген ай аяқталғаннан кейін 25 күнтізбелік күннен кешіктірмей ЖТС аударуы қажет. 10 маусым күні жұмыс беруші мамыр айының жалақысын төледі делік. Демек ол ЖТС-ны 25 шілдеге дейін аударуы тиіс (яғни оның маусым айының соңына дейін + 25 күнтізбелік күн уақыты бар).
Ал ЖК үшін төлемдердің нақты күні кәсіпкердің қандай салық салу режимін таңдағанына байланысты. Мысалы, оңайлатылған режим бойынша ЖТС жылына екі рет – 25 тамызға дейін (І жартыжылдық үшін) және келесі жылдың 25 ақпанына дейін (II жартыжылдық үшін) төленеді.
2021 жылдан бастап 2023 жылға дейін Қазақстан бюджетінің жартысына жуығын (48%-дан астамын) салықтық аударымдар, соның ішінде ЖТС құрайды. Бұл ақша мемлекеттік бюджет пен жергілікті бюджет арасында бөлініп, әртүрлі міндеттерді шешуге жұмсалады. Мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру, мектептер мен ауруханаларды қамту, әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу, вакцина сатып алу – осы қажеттіліктердің барлығы салық аударымдары есебінен жабылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамын 530,24 тг., ресей рублінің бағамын 5,16 тг. деңгейінде белгіледі.
Доллардың бағамы өткен күнмен салыстырғанда сәл нығайды. 14.01.2025 ж. әрекет еткен бағаммен салыстырғанда өсу +1,72 тг. құрады (528,52 тг.-ден 530,24 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль бағамы сәл төмендеді, құлдырау -0,01 тг. болды (5,17 тг.-ден 5,16 тг.-ге дейін).
USD/KZT бағамы 529,6 теңгеге дейін төмендеді (-0,21%) сауда көлемі 300 млн USD құрады.
Ұлттық банк мәлімдемесіне сәйкес, 2025 жылғы қаңтарда Ұлттық қордан 750-850 млн USD көлемінде валюта сатылуы күтілуде. Бұл жоғары сауда көлемі аясында теңге бағамын қолдауға ықпал еткен болуы мүмкін.