Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Журнал таспасы
5 қараша 2024
Жаңартылды: 18 қараша 2024

Банктік аккредитив: бұл не, қалай жұмыс істейді, кім үшін және неге тиімді

Бизнесті дамыту үшін жеткізушілер тізімін үнемі кеңейтіп отыру қажет. Алайда жаңа серіктестермен жасалатын алғашқы мәмілелер әрдайым тәуекелді, себебі сатып алушы серіктестің адалдығына сенімді емес. Осы тәуекелдерді азайтуға аккредитив көмектеседі.

Банктегі аккредитив дегеніміз не және ол тауарлар мен қызметтерді сатып алған кезде қалай жұмыс істейді? Бұл құралдың ерекшеліктері қандай?

Қарапайым сөзбен айтқанда, аккредитив дегеніміз не?

Аккредитив – бұл қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың бір түрі, бұл ретте сатып алушы сатушымен тікелей есеп айырыспай, банк арқылы төлем жасайды. Сатушы мәміленің барлық талаптарын толық орындаса ғана аударымды алады. Бұл схемаға екі қатысушы (сатып алушы мен сатушы ғана) емес, үшінші тарап ретінде делдал болатын банк те қосылады. Өз қызметі үшін банк аз мөлшерде комиссия алады.

Аккредитив сатып алушы мен сатушының мүдделерін қорғайды. Сатып алушы келісілген талаптарда тауар алатынына сенімді болса, сатушы өз қызметі үшін төлем алатынына сенімді болады.

Жиі аккредитивті ресімдеу алғаш рет ынтымақтастық орнатқан кезде, тараптар бір-бірінің адалдығына сенімді болмағанда, қолданылады. Бұл құжат алаяқтыққа жол бермеуге мүмкіндік береді.

Аккредитивті көбінесе бизнес (ірі болса да, шағын болса да) пайдаланатынына қарамастан, ол жеке тұлғаларға да қолжетімді.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

Аккредитив не үшін қажет

Банк құралы келесі жағдайларда көмектеседі:

  1. Жеке тұлғалар ірі мәмілелер жасайды. Аккредитивті қайталама жылжымайтын мүлік сатып алған кезде пайдаланады. Мұндай жағдайда меншік құқығын тіркегенше күтуге тура келеді: сатып алушыға тіркеу процесі аяқталғанша ақшаны бірден беру қауіпті.
  2. Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында мәмілелер жасайды. Құралды бизнестің үлесін немесе ірі акция пакетін сатқанда пайдаланады. Сондай-ақ, аккредитив сатып алған кезде де өзекті. Мысалы, компания жаңа контрагенттен шикізат сатып алуы керек. Тәуекелдерді барынша азайту үшін бизнес банкке хабарласады, аккредитив ашады және келісілген соманы банкке аударады. Бұл сома сатушы мәміле талаптарының барлығын орындағанша (белгілі бір көлемдегі және түрдегі шикізатты жеткізгенше) бұғатталады.
  3. Импорттау және экспорттау операциялары. Мұндай мәмілелердің ерекшелігі – оларға 4 тарап қатысады: сатып алушы, сатушы және екі банк (импорттаушының банкі және экспорттаушының банкі). Халықаралық аккредитивтік операцияларды Халықаралық сауда палатасы (International Chamber of Commerce, ICC) реттейді.
Қазақстанда ЖК-ны онлайн-жабудың қадамдық нұсқаулығы
Эквайринг дегеніміз не, ол қалай жұмыс істейді және қандай артықшылықтарға ие?

Аккредитив қалай жұмыс істейді

Схеманы шикізат сатып алу мысалында қарастырайық.

Бірінші кезең – шарт құру. Құжатта барлық талаптар көрсетіледі: мәмілеге қатысатын банк, мерзімі, сатушыға ақша аудару талаптары (соның ішінде сатушы өз міндеттемелерін орындағанын растау үшін банкке ұсынуы тиіс құжаттардың тізімі), тараптар талаптарды орындамаған жағдайда қолднылатын шаралар. Әдетте, аккредитив 120 күнге ресімделеді. Қажет болған жағдайда мерзімді тағы 60 күнге ұзартуға болады.

Одан кейін әрекеттер тізбегі мынадай:

  1. Сатып алушы банкке шартпен барып, аккредитив ашады және ақша аударады. Банк аккредитив бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қаражатты арнайы шотқа аударып, мәміле сомасына өзінің комиссиясын қосады.
  2. Шоттағы ақша бұғатталады.
  3. Сатушы тауарды келісілген талаптарға сәйкес жеткізеді және мұны растайтын құжаттарды банкке ұсынады.
  4. Егер құжаттар тәртіпке сай болса, банк сатушыға ақша аударып, аккредитивті жабады.

Аккредитив, эскроу, сейф жәшігі және банк кепілдігі: айырмашылығы неде

Аккредитив – алаяқтық тәуекелдерін азайтуға арналған жалғыз банк құралы емес. Эскроу шоттар, банк кепілдіктері және банктік сейф ұяшықтары да бар.

Ұяшық – бұл банктің қоймасындағы орын. Ұяшықты сатып алушы жалға алып, оған қолма-қол ақшаны салады, ал мәміле аяқталғаннан кейін сатушы ала алатын қолма-қол ақшаны соған салады. Аккредитивтен айырмашылығы – бұл қолма-қол ақшасыз есеп айырысу түрі емес. Ақша ұяшыққа сатушының қатысуымен салынады: ол купюраларды тексеріп, қайта санап шығуы керек. Ал аккредитивті тек сатып алушы ашады – сатушының қатысуы қажет емес.

Эскроу шоты аккредитив сияқты жұмыс істейді: сатып алушы ақшаны шотқа орналастырады, ол бұғатталады және мәміленің барлық талаптары орындалғаннан кейін ғана сатушыға аударылады. Дегенмен, маңызды айырмашылықтар бар. Біріншіден, кейбір банктер әлі де эскроу шоттарымен жұмыс істемейді – аккредитив кеңінен таралған құрал болып табылады. Екіншіден, эскроу шоты сатушының қатысуымен жабылады. Үшіншіден, банктер эскроу шоты бойынша операцияларға комиссия алмайды.

Банк кепілдігінің аккредитивтен айырмашылығы – сатып алушы – кепілдік берген банктің клиенті төлемді уақытында жасамаған жағдайда сатушыға ақша аударуды қамтамасыз етеді.

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

Аккредитив түрлері

Аккредитивтің бірнеше түрі бар:

1. Көрсеткен кезде төленетін аккредитив.

Сатып алушы алдындағы міндеттемелерін орындаған сатушы құжаттарды банкке тапсырады. Банк оларды тексереді – тексеру үшін 5 банк күні беріледі. Егер сәйкессіздіктер болмаса, банк сатушының шотына ақша аударады.

2. Төлем кейінге жылжытылған аккредитив.

Бұл түр сатып алушы мен сатушы төлемді кейінге жылжыту туралы келіскен кезде қолданылады. Мысалы, сатып алушыға тауар сатып алу қажет, бірақ қазір төлеуге қаражаты жоқ. Дегенмен, тауар сатылған кезде немесе қайта өңдегеннен кейін міндеттемелерін толығымен орындай алады. Төлем мерзімін кейінгежылжыту әдетте 30 немесе 60 күнге созылады, кейбір жағдайларда 120 күнге дейін ұлғайтылуы мүмкін. Аккредитивті ашқан банктің төлемнің нақты күнін растауы маңызды.

3. Трансферабельді аудармалы аккредитив.

Бұл бірнеше сатушы қатысатын мәмілелерде қолданылады. Сатып алушы бірінші сатушының пайдасына аккредитив ашады (бұл аккредитив бірінші немесе түпнұсқа деп аталады). Бірінші сатушы аккредитивті басқа сатушыға (немесе бірнеше сатушыға) аударады. Басқа алушылармен мәмілелер сомасы бастапқы аккредитивте көрсетілген сомамен шектеледі.

4. Қайталанатын (револьверлік) аккредитив.

Қайталанатын аккредитив сатып алушы мен сатушы бір реттік мәміле жасамай, белгілі бір кезең бойы ынтымақтасуды жоспарлаған кезде оңтайлы. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығымен тауардың бірнеше партиясын жеткізу жоспарланса. Үнемдеу үшін сатып алушы әр жеткізген кезде жаңа құжат ресімдеудің орнына бір аккредитив аша алады. Қайта жаңарту бұл жағдайда автоматты түрде немесе сатып алушының өтініші бойынша жүргізіледі. Төлем жасау әдісінде де айырмашылық бар: сатушы барлық соманы бірден немесе бірнеше төлемге бқліп ала алады (яғни, сома бөліктерге бөлінеді).

Бұл аккредитив формасында «қызыл ескерту» қарастырылған. Аккредитив бойынша төлемдердің бір бөлігі сатушыға алдын ала төлем ретінде аударылуы мүмкін. Бұл опция сатушыға тасымалдаушы компанияның қызметтерін төлеу сияқты тауарды жөнелту үшін қаражат қажет болған жағдайда қолданылады.

Аккредитивтің артықшылықтары

Бұл құралды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:

  1. Төлемнің ашықтығы және қауіпсіздігі. Бұл сатушы мен сатып алушы үшін маңызды.
  2. Қолжетімділік. Басқа банктік құжаттардан айырмашылығы, аккредитивтермен түгелге жуық банктер жұмыс істейді. Мысалы, шағын, орта және ірі бизнес үшін тиімді талаптарды Банк ЦентрКредит ұсынады.
  3. Жеделдік. Қазақстандық банктер аккредитивтермен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді, сондықтан схема барынша реттелген. Көбінесе аккредитивті банктің қосымшасы немесе интернет-банкинг арқылы онлайн ашуға болады, бұл аз уақыт алады. Бизнесмен шотты ЦентрКредит Банкінің bcc business қолданбасы арқылы ұсына алады.
  4. Икемділік. Аккредитивті ашу үшін сатып алушыға сатушыны күтіп, оған ілесу қажет емес.

Мұндай жұмыс схемасының кейбір нюанстарын да ескеру қажет. Мысалы, аккредитивтерге мемлекеттік депозиттерді сақтандыру жүйесі қолданылмайды. Құжаттарды дұрыс ресімдеу маңызды, өйткені сатып алушы мен сатушы барлық көрсетілген тармақтарды қатаң орындауы керек.

Аккредитив – жасалатын мәмілелердің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін банк құралы. Алайда, онымен жұмыс істеген кезде, барлық мән-жайларды ескерген жөн. Шартты мұқият зерттеп, мерзімдерді тексеріңіз және тауарды уақытында жеткізе алатыныңызды және басқа ықтимал тәуекелдерді бағалаңыз.

Автор
Олжас Сагындык
Сізге ұнауы мүмкін
Обзор валют
2024 жылғы 6 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 6 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 524,65 тг., ал ресей рублінің курсын 5,14 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 5 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +1,07 тг. құрады (523,58 тг.-ден 524,65 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, +0,13 тг. өсті (5,01 тг.-ден 5,14 тг.-ге дейін).

Обзор валют
BCC Invest-тің 2024 жылдың 5 желтоқсанына арналған валюта бағамдары бойынша аналитикасы

5 желтоқсандағы валюта сауда-саттығының жабылу кезіндегі теңге бағамы 0,61%-ға нығайып, сауда көлемі 219 млн АҚШ долларын құрап, 1 доллар үшін 521,79 теңге деңгейінде қалыптасты.

Теңгенің рубльге қатысты бағамы, керісінше, 0,99%-ға әлсіреп, 1 рубль үшін 5,085 теңгеге жетті.

Сарапшылар теңгенің нығаюының ағымдағы үрдістерінің сақталуын және орташа құбылмалылықты болжайды.

Обзор валют
2024 жылғы 5 желтоқсандағы валюта бағамдары

2024 жылғы 5 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын Қазақстанның Ұлттық банкі 523,58 тг. деп белгіледі, ал ресей рублінің курсы – 5,01 тг.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 4 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +0,41 тг. құрады (523,17 тг.-ден 523,58 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, +0,08 тг. өсті (4,93 тг.-ден 5,01 тг.-ге дейін).

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды