Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
24 сәуір 2024
Жаңартылды: 6 қаңтар 2025

2025 жылы Қазақстанда АЕК және ЕТЖ қанша теңгені құрайды

Ең төменгі есептік көрсеткіштер әлеуметтік төлемді есептеп, салық пен өзге де төлем сомасын, айыппұл мөлшерін белгілеген кезде қолданылады. Бірінші кезекте мамандар АЕК және ЕТЖ сияқты көрсеткіштерді пайдаланады.

Бұл не? 2025 жылы Қазақстанда АЕК және ЕТЖ мөлшері қандай?

АЕК: мағынасын ашу

АЕК – бұл айлық есептік көрсеткіш. Бұл көрсеткіш жәрдемақыдан әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл мөлшерін есептеуге дейін әртүрлі міндеттерді шешкен кезде негізге алынады. Сондай-ақ кейбір салық түрлерін (атап айтқанда, автокөлікке салынатын салық) белгілеген кезде, мемлекеттік баж салығы, лицензиялық алым мөлшерін анықтаған кезде де бұл көрсеткішсіз есептеуге болмайды. АЕК компанияның жарғылық капиталының ең төменгі сомасын көрсету қажет болғанда да ескеріледі.

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

Жыл сайын бұл көрсеткіш өзгеріп отырады. 2025 жылы Қазақстанда 1 АЕК қаншаға тең? Айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге жетті, бұл сома 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өзекті. Келесі жылға арналған АЕК мөлшері бюджет туралы заңда белгіленеді.

Айыппұл, салық, жәрдемақы әдетте АЕК мөлшерінде көрсетіледі (мысалы, 5 АЕК). Осылайша стандарт салық шегерімі 14 АЕК-ке тең, ал патент бойынша ең жоғары жылдық айналым 3 528 АЕК-тен аспауы тиіс. 2025 жылы Қазақстанда АЕК есептеуді жеңілдету үшін арнайы калькулятор пайдаланылады. Бұл сервисті көптеген арнайы ресурстан табуға болады. Ол қажетті АЕК мөлшерін енгізіп, соманы жылдам әрі онлайн режимінде есептеуге мүмкіндік береді.

ҚР-да ЕТЖ дегеніміз не?

Бұл аббревиатура ең төменгі жалақы дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, жұмыскер еңбек нормаларын орындағаны үшін ЕТЖ белгіленген мөлшерден аз ақша ала алмайды. Бұл адамға айына қажет қызмет пен тауар жиынтығын қамтуға болатын сома деп есептеледі. Осылайша ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен бола алмайды (ҚР-да 2025 жылы бұл көрсеткіш 46 228 теңгеге тең).

Көрсеткіш әлеуметтік төлемді есептеген кезде ескеріледі.

2025 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 85 000 теңгені құрайды.

Еңбек министрлігі 2025 жылдан бастап ЕТЖ есептеу тәсілін өзгертуді жоспарлап отырғанына назар салған жөн. Ең төменгі жалақы мөлшері медиандық жалақы мен орташа еңбек өнімділігін ескере отырып анықталады деп болжануда.

Бүгінде ең төменгі жалақы ел бойынша орташа жалақыны ескере отырып есептеледі. Сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейі, инфляция мен жұмыссыздық деңгейі сияқты факторлар қарастырылады.

2024 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау жүргізіледі: бұл не және кімге қатысты?
Демалыс күндерін қалай дұрыс есептеу керек? Демалыстың қандай түрлері бар және олардың ерекшеліктері қандай?

Жылдар бойынша АЕК пен ЕТЖ салыстыру

Аталып өткендей, екі ең төменгі есептік көрсеткіш те жыл сайын өзгеріп отырады. Жылдар бойынша (2000 жылдан 2025 жылға дейін) АЕК пен ЕТЖ төменде келтірілген кестеде зерделеуге болады:

Жыл
АЕК
ЕТЖ
20253 932 теңге85 000 теңге
20243 692 теңге85 000 теңге
20233 450 теңге70 000 теңге
20223 063 теңге (1 қаңтардан бастап), 3 180 теңге (1 сәуірден бастап)
60 000 теңге
20212 917 теңге42 500 теңге
20202 651 теңге (1 қаңтардан бастап), 2 778 теңге (1 сәуірден бастап)
42 500 теңге
20192 525 теңге42 500 теңге
20182 405 теңге28 284 теңге
20172 269 теңге24 459 теңге
20162 121 теңге22 859 теңге
20151 982 теңге21 364 теңге
20141 852 теңге19 966 теңге
20131 731 теңге18 660 теңге
20121 618 теңге17 439 теңге
20111 512 теңге15 999 теңге
20101 413 теңге14 952 теңге
20091 273 теңге (1 қаңтардан бастап), 1 296 теңге (1 шілдеден бастап)
13 470 теңге (1 қаңтардан бастап), 13 717 теңге (1 шілдеден бастап)
20081 168 теңге 10 515 теңге (1 қаңтардан бастап), 12 025 теңге (1 шілдеден бастап)
20071 092 теңге9 752 теңге
20061 030 теңге9 200 теңге
2005971 теңге7 000 теңге (1 қаңтардан бастап), 9 200 теңге (1 шілдеден бастап)
2004919 теңге6 600 теңге
2003872 теңге5 000 теңге
2002823 теңге4 181 теңге
2001775 теңге3 484 теңге
2000725 теңге2 680 теңге

Келтірілген деректер Қазақстанда АЕК пен ЕТЖ көрсеткіштері қазір (2025 жыл) қанша екенін және бұрын қанша құрағанын салыстыруға мүмкіндік береді.

1 АЕК, 5 АЕК және одан әрі қанша теңгеге тең екенін есептеу ыңғайлы болу үшін кестені пайдалануға болады:

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

АЕК мөлшері
2024 жылғы сомасы
13 932 теңге
519 660 теңге
1039 320 теңге
1558 980 теңге
2078 640 теңге
30110 760 теңге
50196 600 теңге
100393 200 теңге
200786 400 теңге

Сондай-ақ АЕК-ке байланысты ең көп таралған көрсеткіштердің сомасымен танысуға болады:

Атауы
АЕК мөлшері
2025 жылғы теңгемен сомасы
Стандарт салық шегерімінің мөлшері
14 АЕК55 048 теңге
Жыл ішіндегі патент бойынша ең жоғары айналым
3 528 АЕК13 872 096 теңге
Оңайлатылған декларация бойынша жарты жылдағы ең жоғары айналым
24 038 АЕК94 517 416 теңге
Бекітілген шегерім бойынша бір жылдағы ең жоғары айналым
144 184 АЕК566 931 488 теңге
ҚҚС бойынша есепке қою үшін бір жылдағы ең төменгі айналым
20 000 АЕК78 640 000 теңге

Көрсеткіштер жыл сайын едәуір өзгеріп отыратын жағдайда, АЕК пен ЕТЖ бірыңғай мәнін неліктен белгілемеске деген сұрақ туындайды. Мәселе ақшаның инфляцияға ұшырауында. Егер заңнамалық актілерде бекітілген мәндер көрсетілсе, онда заңдарды ұдайы өзгерту қажет болады. Мұндай машақатқа жол бермес үшін сома жыл сайын белгіленетін АЕК пен ЕТЖ көрсеткіштеріне байланыстырылады.

Автор
Наталья Брославская
Сізге ұнауы мүмкін
bcc journal
Компенсация за неиспользованный отпуск при увольненими: когда выплачивается и как ее рассчитать

Каждый год работник имеет право уйти в трудовой отпуск, дни которого оплачиваются. Они нужны для того, чтобы восстановить силы, избежать профессионального выгорания. Если специалист намерен продолжать работать, проблем не возникает.

Обзор валют
2025 жылғы 20 қаңтарға арналған валюта бағамдары

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 20 қаңтарға арналған доллардың теңгеге шаққандағы бағамын 530,12 теңге, ресей рубліне шаққандағы бағамын 5,17 теңге деңгейінде белгіледі.

Доллар бағамы өткен күнмен салыстырғанда әлсірегенімен, 2025 жылғы 17 қаңтардағы бағаммен салыстырғанда +0,47 теңгеге өсті (529,65 теңгеден 530,12 теңгеге дейін). Сонымен қатар, рубль бағамы да аздап әлсіреп, +0,01 теңгеге өсті (5,16 теңгеден 5,17 теңгеге дейін).


Обзор валют
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 17 қаңтардағы аналитикасы

USD/KZT бағамы тағы да аптаны аздаған өсіммен аяқтады. Сауда белсенділігі қалпына келді.

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды