Жаңа 2024 жыл ҚР-дағы бизнес иелеріне кезекті өзгерістер әкелді: мысалы, 1 қаңтардан бастап ЖК мен заңды тұлғалар кірістерін жалпыға бірдей декларациялаудан өтуі тиіс. Бұл, қызмет саласына қарамастан, кәсіпкерлерге қолданылатын бизнес активтерінің өзіндік санағы. Мысалы, кондитерлер мен шағын дүкен иелері де, ірі кәсіпорындардың басшылары да 250-нысан бойынша декларация тапсыруы тиіс.
Сіз бизнес жүргізетін кез келген компаниялар мен жеке тұлғалар – контрагенттер. Бұл ретте жасалатын мәміленің табысқа жетуі тең дәрежеде өзіңізге және серіктестеріңізге байланысты. Бұл тек тексерілген, сенімді әрі жауапты серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнату маңызды екенін білдіреді. Өкінішке қарай, барлық контрагенттер ондай бола бермейді. Серіктеспен жұмыс істеуге болатынын қалай түсінуге болады? Контрагентті тәуекел дәрежесіне тексерген жөн.
Қазақстанның Еңбек кодексі және еліміздің өзге де заңдары бойынша әр жұмыскерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілуі тиіс, бұл 2025 жылы да жалғасын тауып отыр. Демалыс – бұл жұмыскерге демалып алуға және өз күшін қайта қалпына келтіруге берілетін мүмкіндік. Ал бухгалтер үшін бұл тынымсыз жұмыс: ол барлық құжаттарды (өтініштер, бұйрықтар) реттеп, демалыс түрін ескеріп, Қазақстан заңнамасына сәйкес демалыс күндері мен сомасын есептеуі тиіс.
2025 жылы ҚР-да демалыс күндерін қалай есептейміз?Қандай ерекшеліктер туралы білуіңіз керек? Қазақстан үшін өзекті демалыс түрлерін ескере отырып, осы сұрақтарға жауап береміз.
Оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен серіктестіктер 2025 жылы бақылаушы органдарға 910-нысанды тапсыруы тиіс. Бұл декларация табыс, төленген салық (оның ішінде ЖТС және әлеуметтік салық, олар бірге табыстың 3%-ын құрайды), өзі және қызметкерлер үшін жасалған аударымдар туралы деректерді қамтиды. Нысан осы параметрлер бойынша жартыжылдықтың әрбір айы үшін есеп беруге мүмкіндік береді.
Наурыз айының ортасында ЦентрКредит Банкі сұхбаттар топтамасын іске қосты, олардың кейіпкерлері – қазақстандық кәсіпкерлер. Бірінші сұхбаттың кейіпкері Гүлмира Айтымбетова болды. Оның тарихы шабыттандырады: кәсіпкер жалдамалы пәтердегі ательеден өз бизнесіне дейін күрделі жолдан өткен, оның клиенттерінің арасында ірі қазақстандық және халықаралық компаниялар бар. Олардың қатарында – The Ritz-Carlton люкс мейманханалар желісі, Шымкент сыра қайнату зауыты, SMALL супермаркеттер желісі, «Қазақстан» қонақүйі.
Бүгінде GUITEX компаниясы – корпоративтік киім тігу бойынша елдегі ең ірі компаниялардың бірі. Оның тұрақты клиенттері болып табылатын 100-ден астам ұйым бар, ал өндіріс көлемі 60 миллион теңгеге жетеді.
Wildberries, Ozon, Lamoda маркетплейстерінде күн сайын мыңдаған қазақстандық тауарға тапсырыс береді. Мысалы, небәрі бір жыл ішінде Ozon компаниясының ҚР-дағы айналымы 10 есе өсті, ал бір белсенді сатып алушыға шаққандағы тапсырыстардың саны жылына 20-ға жақындады. CDEK курьерлік қызметін пайдаланатын адамдардың саны да аз емес. Сондықтан осы компаниялардың тауар беру пунктін (ТБП) ашу – перспективалы бизнес-идея.
Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті заңды түрде жүзеге асыру үшін әр түрлі көлемдегі және мамандандырылған бизнес салық төлеуге тиіс. Мемлекет алған қаражат ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға дейін (оның ішінде бизнесті қолдау бойынша) түрлі міндеттерді шешуге жұмсалады.
Қазақстанда бизнес үшін қандай салықтар бар? Компаниялар қанша салық төлейді және не үшін төлейді?
Аяқ нық тұру үшін жаңа бизнес көп еңбек етуі керек: корпоративтік сайт құру, маркетингтік стратегия әзірлеу және жарнамаға қаражат жұмсау. Бұл шаралар әлеуетті тапсырыс берушілерге сіздің компанияңыз туралы білуге мүмкіндік береді. Бірақ мұның басқа да жолы бар: ірі мемлекеттік немесе жеке тапсырыс берушіге тауар сату немесе қызмет көрсету. Бұл артық шығынсыз жылдам әрі тиімді ілгерілеуге кепілдік береді. Дәл осы себептен көптеген бизнесмендер Қазақстанда өз ісін тендерге қатысудан бастайды.
Заңнамаға сәйкес, кредит ресімдеудің алдында банк кредит берудің барлық шарттары туралы қарыз алушыны хабардар етуге міндетті. Әдетте кредит алушылар кредит сомасы, номиналды мөлшерлеме, ай сайынғы төлем мөлшері, мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі сияқты параметрлерге көңіл бөледі. Алайда ЖТСМ (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі) сияқты көрсеткіштің де маңыздылығы кем емес. Себебі сыйақы мөлшерлемесі неғұрлым төмен болса, қарыз алушы үшін кредит беру шарттары соғұрлым тиімді.
Банк кредитінде ЖТСМ-ның не екенін анықтап, бұл ұғымды қарапайым сөзбен түсіндіруге тырысайық.
ЖТСМ немесе сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – бұл кредитті пайдалана отырып, сіз бір жыл ішінде артық төлейтін жалпы сома. Ол кредит берген банктің қарызы бойынша сыйақыны ғана емес, сондай-ақ қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де комиссиялар мен алымдарды да қамтиды. Мұнда сақтандыру да, кредит қаражаты есептелетін банк картасын дайындау мен оған қызмет көрсету құны және шотқа қызмет көрсету тарифтері де есепке алынады. Кредит шартына қол қою алдында мөлшерлемені нақтылау маңызды.
Айтпақшы, банктің кредит берген кезде ЖТСМ-ны көрсету міндеті ҚР Азаматтық кодексімен реттелген. Бұл кредит беру процесін анағұрлым ашық етуге мүмкіндік беріп, кредит алушыға барынша тиімді кредит бағдарламасын таңдауға көмектеседі.
2011 жылдан бастап 2021 жылға дейін 10 жыл бойы мөлшерлеме біркелкі болып, 56% деңгейінде тұрды. Алайда 2011 жылдан бастап кредит түрін, оны қамтамасыз ету тәсілін, кредиттеу мерзімін ескере отырып, мөлшерлеме сараланды:
Осылайша мөлшерлемелер 20%-дан 56%-ға дейін өзгереді. Бірақ жоғарғы шек – 56%. Басқаша айтқанда, 56%-дан артық ЖТСМ болуы мүмкін емес.
Кредиттік шарттарды өтеуге арналған төлемдердің екі түрі бар – аннуитеттік және сараланған. Осы ұғымдарды егжей-тегжейлі қарастырып көрейік.
Кредит екі компоненттен тұрады: негізгі борыш (сіз банктен тікелей қарызға алған сома) және пайыздар (яғни кредиттік қаражатты пайдалану үшін есептелетін банктің сыйақысы). Ал осы негізгі борыш пен пайыздарды қалай төлейтініңіз төлемдерді аннуитеттік немесе сараланған деп бөлудің негізіне айналды.
Аннуитеттік төлем өзінің жеңілдігіне байланысты көбірек сұранысқа ие. Барлық сома (негізгі борыш + пайыздар) кредит беру мерзімін ескере отырып, тең бөліктерге бөлінеді. Сіз ай сайын кредитті өтейсіз, бұл ретте енгізілген соманың бір бөлігі негізгі борышты төлеуге, ал бір бөлігі пайыздарды төлеуге жұмсалады. Негізгі борыштың пайыздарға арақатынасы біртіндеп өзгереді: мерзімнің бірінші жартысында салынған ақшаның басым бөлігі пайыздарды, ал екінші жартысында негізгі борышты өтейді. Кредит алушылар борыштық жүктеменің тұрақтылығы үшін төлемнің бұл түрін таңдағанды жөн көреді: сіз банкке қандай соманы төлеу керек екенін нақты білесіз, бұл шығыстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Сараланған төлем мұндай тұрақтылықпен ерекшеленбейді, бірақ төлемдер сомасының ай сайын азаятынын білдіреді. Алайда алғашқы айларда сізде ең жоғары кредиттік жүктеме болады. Мұндай тәсілдің мәні қарапайым: ай сайын сіз негізгі борыштың белгіленген сомасын төлейсіз, ал банкке пайыздарды өтеуге жұмсалатын сома біртіндеп азая береді.
Артық төленетін соманы есептеуге сізге кредиттеу мәселесі бойынша кеңес беретін банк менеджері көмектеседі. Бұл ең оңай әрі барынша тиімді тәсіл, өйткені есептеген кезде, барлық комиссиялар мен өзге де төлемдерді ескеру қажет. Сонымен қатар ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, есептеу күрделі формула бойынша жүргізіледі. Ол кәсіпқойларға – банк жұмыскерлері мен қаржыгерлерге арналған.
Егер есеп айырысуды өзіңіз жүргізгіңіз келсе, Қазақстан Үкіметінің Gov.kz сайтында онлайн-калькуляторды пайдаланыңыз. Алдымен жүйе қарызды өтеудің аннуитеттік немесе сараланған төлем тәсілін таңдауды ұсынады. Содан кейін кредиттің сомасы мен мерзімі, оның берілген күні, мөлшерлемесі және т.б. туралы ақпаратты көрсету қажет. Соңғы қадам – «Қолдану» батырмасын басу. Қарыз бойынша сыйақы сомасы автоматты режимде есептеледі.
Бұл мақалада біз кредит бойынша сыйақының не екенін түсініп, оның аса маңызды көрсеткіштердің бірі екенін анықтадық. Оны кредиттік бағдарламаны таңдаған кезде мұқият зерделеу қажет, өйткені ол төлем қабілеттілігін дұрыс бағалап, болашақта айыппұлдар мен кредиттік тарихтың нашарлауы сияқты мәселелерді болдырмауға көмектеседі.
Авторы – Наталья Брославская
Сонымен сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелдіңіз. Келесі қадам банкте есеп айырысу шотын ашу болуы тиіс, себебі бұл ҚР-да заңды түрде бизнесті жүргізу үшін қажет.
Бірақ барлық ЖК үшін есеп айырысу шотын ашу қажет пе? Банкте есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету кәсіпкерге қандай артықшылық береді? ЖК өзі үшін қандай есеп айырысу шотын таңдай алады және қандай шот ашқан жөн? Сұрақтарға жауап береміз.
Қазақстандағы жеке кәсіпкерлер банкте есеп айырысу шотын ашуға міндетті (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 27-бабы).
Егер сіз төлемдерді өзіңіздің банктік картаңызға алатын болсаңыз, онда бизнес-операциялар мен дербес төлемдерді ажырату қиынға соғады. Оның үстіне салықтық тексеру жүргізген кезде, инспектор жеке операцияларды іскерлік операциялар деп есептеп жіберуі мүмкін, бұл табыс мөлшерін және соның салдарынан салық сомасын ұлғайтады. Мұны шешу үшін қаражаттың шығу тегін растап, олардың бизнеске қатысы жоқ екенін дәлелдеуге тура келеді.
Мұндай жағдайдан шығудың екі жолы бар. Біріншісі – карточканы тек бизнес түсімдер үшін ғана пайдалану. Ал екіншісі – ЖК үшін бөлек банктік есеп айырысу шотын ашу. Оңайлатылған режимде және бөлшек салық режимінде жұмыс істейтін ЖК ыңғайлы болуы үшін есеп айырысу шотына корпоративтік банк карталарын тіркей алады.
Есеп айырысу шоты:
Бірақ аталған тармақтар сізге қатысты болмаса да, е/а шотын ашудың артықшылықтары көп.
Бұдан басқа ЖК есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету көбінесе валюта айырбастаған және конвертациялаған кезде тиімді шарттарды көздейді. Бұл шетелдік жеткізушілермен және инвесторлармен жұмыс істейтін бизнесмендер үшін маңызды.
Осылайша ЖК үшін есеп ашу оның ыңғайлылығы мен жан тыныштығы үшін қажет.
ЖК үшін есеп айырысу шотын банктің сайтында онлайн ашуға болады. Процедура ең аз уақытты алады.
Сонымен ЖК-ға шот ашу үшін не қажет?
Е/а шотын теңгемен ғана емес, ресейлік рубльмен, доллармен немесе еуромен де ашуға болатынына назар аударыңыз.
Е/а шотының деректемелерін сіз бірнеше минут ішінде электрондық пошта арқылы аласыз. Оларды шарттар жасасу және өзге де құжаттарды дайындау үшін бірден пайдалана беруге болады.
Банктер есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді пайдаланатын бизнесмендерге бонустар ұсынады. Осылайша ЦентрКредит Банкінде сіз шотыңызға тіркелетін #business карточкасын аласыз. Оны жеке қаражатты шығару үшін де пайдалануға болады. Карточка Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay сияқты барлық электрондық әмияндарға оңай қосылады. Бұдан басқа ЦентрКредит Банкі шот бойынша лимитті (250 млн теңгеге дейін) ұсынады, бұл жағдайда кредит беру кепілді қарастырмайды. Бұл бизнестің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жақсы сақтандыру. Ал FX-платформаға қол жеткізу валюталық операцияларды барынша тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Бір минут ішінде қосылатын және арнайы БҚ-ны талап етпейтін BCC Business мобильді қосымшасы арқылы е/а шотымен жұмыс істеген өте ыңғайлы.
Бұл ретте жаңа бастаған бизнес үшін шот ашу құны 0 теңгені құрайды. Бұл аяққа тұрып, бизнес-шындыққа бейімделу үшін оңтайлы жағдай.
/а шотының екі түрі бар – ағымдағы және жинақ. Ағымдағы е/а шоты ұйымның негізгі бизнес-процестеріне қызмет көрсетеді, оның ішінде қаражат аударуды қамтамасыз етеді. Жинақ е/а шотының негізгі міндеті – қаражат жинақтау. Шын мәнінде бұл салым болып табылады: кәсіпкер белгілі бір соманы салады, оған пайыздар есептеледі, ал шартта белгіленген мерзім өткеннен кейін ақша пайыздарымен бірге салымшыға қайтарылады.
ЖК үшін қандай шот қажет? Кәсіпкер екі шотты да аша алады. Бірақ есеп айырысу шоты туралы сөз болғанда, бірінші кезекте ағымдағы шот деп түсініледі. Ол:
Сондай-ақ өз қаражатыңызды мобильді қосымша немесе бизнес үшін интернет-банкинг арқылы 24/7 режимінде бақылауға болады.
Егер ЖК-ға қандай шот ашу тиімді екені туралы сөз болса, онда бұл жерде де ағымдағы шот «ұтады»: жаңа бастаған кәсіпкерлерге көптеген банктер тегін шот ашу және оған қызмет көрсету мүмкіндігі бар тарифтерді ұсынады.
Е/а шотын ашуға қатысты көптеген сұрақтар туындайды, осыған байланысты ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз.
Е/а шоты ашылғаннан кейін сізге бұл туралы салық органын өз бетіңізше хабардар етудің қажеті жоқ, оны шот ашылған сәттен бастап бір күн ішінде банк жүзеге асырады.
Заңнама кәсіпкерді ағымдағы шоттар саны бойынша шектемейді, олар бірнеше (оның ішінде әртүрлі банктерде) болуы мүмкін.
Иә, мұндай ақша аударымы болуы мүмкін. Кәсіпкерлер айналым қаражатын толықтыру үшін осы опцияны жиі пайдаланады. Оның үстіне мұндай аударым бизнестен түскен кіріс болып саналмайды. Басқаша айтқанда, бұл сома салықтарды есептеген кезде ескерілмейді.
Иә, бірақ шектеумен. Кәсіпкер өз есеп айырысу шотынан тек өзіне тиесілі жеке шоттарға немесе карталарға ақша аудара алады. Үшінші тұлғалардың шоттарына — тіпті олар отбасы мүшелері болса да — ақша аударуға тыйым салынады, өйткені мұндай операциялар табыс төлемі ретінде қарастырылып, оған 10% мөлшерінде жеке табыс салығы салынуы мүмкін.
Жеке кіріс шығыс кассалық ордер арқылы шығарылады. Бұл соманың шығыстар емес екеніне назар аударыңыз. Яғни кәсіпкер салықты жеке пайдалану үшін шығарылған қаражат сомасына қарамастан, өзі тапқан барлық сомаға есептейді.
Қорытындылайық. Осымен ЖК үшін банкте шоттың болуы қажет пе? Тіпті қызмет саласы қызметті есеп айырысу-кассалық банктік қызмет көрсетусіз жүргізуге мүмкіндік берсе де, банкте шот ашу ЖК-ға бақылаушы органдар үшін ашық қаржылық есептілікті қамтамасыз етеді және бизнеске көптеген міндеттерді, мысалы, салықтарды төлеуді немесе банкке жүгінбей-ақ, қашықтағы арналар арқылы жеке кірістерді шығаруды жеңілдетеді.
Қазақстанда ЖК үшін жеке шотты тікелей банк сайтында онлайн ашуға болады – бұл екі-ақ минутты алады.
Кәсіпкер жинақ шотымен де, ағымдағы есеп айырысу шотымен де жұмыс істей алатынына назар аударыңыз.