Wildberries, Ozon, Lamoda маркетплейстерінде күн сайын мыңдаған қазақстандық тауарға тапсырыс береді. Мысалы, небәрі бір жыл ішінде Ozon компаниясының ҚР-дағы айналымы 10 есе өсті, ал бір белсенді сатып алушыға шаққандағы тапсырыстардың саны жылына 20-ға жақындады. CDEK курьерлік қызметін пайдаланатын адамдардың саны да аз емес. Сондықтан осы компаниялардың тауар беру пунктін (ТБП) ашу – перспективалы бизнес-идея.
Қазақстанда қай компанияның тауар беру пунктін (ТБП) ашқан тиімдірек екенін анықтайық – Озон ба, әлде Вайлберриз бе, бәлкім Ламода ма? Мұны қалай дұрыс жасау керек және қандай ерекшеліктерді ескеру керек екеніне тоқталып өтейік.
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
Wildberries, Ozon, Lamoda, CDEK ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге франшиза бойынша бизнес жүргізуді ұсынады. Бұл сізге танымал брендпен жұмыс істеу құқығы беріледі дегенді білдіреді. Жарнамаға ақша салудың қажеті жоқ, клиенттерді тарту бойынша маркетингтік стратегия әзірлеудің қажеті жоқ – сіз дайын «атқа» ие боласыз, жұмысты бастау ғана қалады.
Франшиза барлық тарап үшін тиімді. Кәсіпкер – франчайзи тек үй-жай тауып, құрал-жабдықтар сатып алуы қажет, ал бренд иесі – франчайзер өз бизнесінің географиясын кеңейтіп, оның танымалдылығын арттырады, клиенттік базаны ұлғайтады, демек кірісті көбейтеді. Қарапайым адамдар – сатып алушылар да бұдан ұтады: ірі брендтер ТБП көмегімен жаңа өңірлерді игереді, демек тіпті шағын елді мекендердің тұрғындары да сауда жасап, тауарлардың үлкен ассортиментін таңдай алады.
Сондай-ақ пункттердің жұмыс ерекшеліктерін ескерген жөн. Мысалы, Wildberries, Ozon, Lamoda тек интернет-дүкендерден тапсырыстарды жеткізеді: клиент тауарды қарап, киіп көргеннен кейін сатып ала алады немесе одан бас тарта алады. Ал CDEK тапсырыстарды жеткізіп, түрлі өңірлерге жөнелту үшін сәлемдемелерді қабылдайды.
ТБП кірісі – бұл сатып алушыларға берілген тауарлар үшін есептелген пайыздар. Бірақ мұның да өз ерекшеліктері бар.
Мысалы, Wildberries компаниясында ТБП кірісінің пайызы тауар айналымына байланысты. Егер пункттің тауар айналымы 5 млн теңгеден асып, бірақ 35 млн теңгеге жетпесе, онда мөлшерлеме 3,75%-ға тең. Тауар айналымы ұлғайған кезде, мөлшерлеме төмендейтінін ескеру қажет.
Ozon компаниясында пайыз бекітілген – 5%, ал шарттары икемдірек: мысалы, компания басқа сатушылардан тапсырыс қабылдауға немесе өзге логистикалық компаниялар арқылы жеткізуге мүмкіндік береді.
CDEK пункті әрбір сәлемдеме үшін пайыз алады. Жаңа клиенттер тартудан да кіріс келеді. Бұл жеке тұлғалар да, CDEK курьерлік қызметтерін пайдаланатын интернет-компаниялар да болуы мүмкін.
Осылайша барлық жағдайда да қызмет көрсетілетін клиенттердің саны маңызды. Ол үлкен болуы үшін орынды дұрыс таңдап, сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз ету қажет. Әдетте локацияны өтімділігі жоғары, кіреберістері ыңғайлы әрі қоғамдық көлік аялдамалары жақын орналасқан жерлерде таңдайды. ТБП-ға бару неғұрлым ыңғайлы болса, клиенттік база соғұрлым тез ұлғаяды.
Онлайн-бухгалтерия
Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!
Бизнесмендер тек ақша тауып қана қоймай, оларға айыппұл салынуы мүмкін екенін де ескерген жөн. Бас компания айыппұл санкцияларын кәсіпкерлер жұмысқа қойылатын талаптарды бұзған кезде қолданады. Тапсырысты баяу беру, үй-жайды дұрыс ресімдемеу, тазаламау, клиент тапсырыс берген тауарды жоғалту – осының бәрі айыппұл салуға себеп болуы мүмкін. Сондықтан франчайзидің негізгі ережесі – франшиза иесі қоятын талаптарды қатаң сақтау.
Біріншіден, франшиза бойынша бизнес бастауды жоспарлап отырған тұлғаның мәртебесі ескерілуі тиіс. Мәселен, Қазақстанда Озон, Вайлдберриз немесе CDEK ТБП тек ЖК немесе ЖШС аша алады. Демек бастапқы кезең жеке кәсіпкерді немесе серіктестікті тіркеу болады. Кезең бірнеше қадамды қамтиды: уәкілетті органға жүгіну, бизнес үшін шот ашу, салық салу режимін таңдау және т.б. қажет.
Екіншіден, қандай ТБП ашу тиімді екенін зерттеу керек: Озон және Wildberries – франшиза бойынша жұмыс істейтін жалғыз компаниялар емес. Мысалы, Flip интернет-дүкені немесе Boxberry жеткізу қызметі сияқты басқа танымал компаниялар да өз қызметтерін ұсынады. Оңтайлы нұсқа ретінде шағын талдау жүргізуге болады. Егер сіздің қалаңызда мұндай пункттер жеткілікті болып, бәсекелестік жоғары болса, Вайлдберриз ТБП ашудың қандай пайдасы бар? Ал егер адамдар белсенді түрде Ozon-да тапсырыс беріп, бұл тауаша әлі бос болса, оны мұқият қарастырған жөн.
Үшіншіден, CDEK, ВБ немесе басқа компанияның беру пунктін ашпас бұрын міндетті түрде шарттарды зерттеңіз. Мысалы, CDEK франчайзиге қолайлы үй-жайды таңдауға көмек көрсетеді. Озон мен ВБ-де оңтайлы локацияны іздеуді барынша қарапайым әрі ыңғайлы ететін пункттердің орналасу карталары бар. Сіз басқа да мәселелер бойынша бас компанияның қолдауына сенім арта аласыз. Мысалы, Ozon сіздің пунктіңізді Google, Яндекс және 2ГИС карталарына өзі қосады, демек клиенттер сізді таба алады. CDEK барлық франчайзиді оқытады. Flip кәсіпкер таңдаған үй-жайды жөндеу бойынша өзіне міндеттеме алады. Сонымен қатар сізде брендтелген материалдар болады, ал барлық логистикалық тізбектерді бас компанияның мамандары құрастырады. Бұл ісін жаңадан бастаған бизнеске түсетін жүктемені айтарлықтай азайтады.
Егер сіз барлық мән-жай бойынша шешім қабылдасаңыз, үй-жай іздеуге, жалдау шартын және франшиза иесі болып табылатын компаниямен шарт жасасуға болады. Айтпақшы, егер сіз үй-жайды жалға емес, сатып алуды шешсеңіз, онда бизнес үшін кредитті барынша тиімді шарттармен ресімдеуге болады.
Сайып келгенде, Қазақстанда Озон, Вайлдберриз немесе басқа компанияның ТБП ашу қанша тұрады?
Франчайзер ісін жаңа бастаған кәсіпкерге өзінің ТБП ашуға көмектескені үшін бизнесмен франчайзерге паушалдық жарна (бұл – бірреттік төлем) төлейді. Осыдан кейін көбінесе ұдайы түрде өзіндік абоненттік төлем – роялти төленіп отырады. Мысалы, CDEK роялти және паушалдық жарна бойынша жұмыс істейді. Озонмен немесе ВБ-мен ынтымақтастық басқа шарттарды көздейді: тауарларды беру пунктін ашу үшін франчайзи үй-жайды іздеуге, жабдықтар мен жиһаз сатып алуға өз бетінше қаражат салады. Яғни, ісін жаңа бастаған кәсіпкер паушалдық жарна немесе роялти төлемейді.
Тауар беру пунктін ашу үшін кез келген үй-жай жарай бермейді. Әрбір компанияның өзінің брендбугі бар, онда үй-жайларға – безендіруге, жиһазға, аймаққа бөлуге, дизайнға және т.б. қойылатын негізгі талаптар көрсетілген.
Франчайзер-компаниялар объектілердің ең аз мөлшерін де белгілейді. Мысалы, ВБ бірінші қабатта орналасқан және жеке кіретін есігі бар, ауданы 50 м2 не одан көп болатын үй-жайларды ғана қарастырады. Ал Озонның мұндай талаптары жоқ: үй-жай кез келген болуы мүмкін, бірақ тапсырыстарды алу адамдарға ыңғайлы болуы маңызды. Flip үшін тек ауданы 20 м2 не одан көп болатын және таза әрленген объектілер ғана өзекті, бұл пункт ашуды едәуір жылдамдатады. Boxberry қызметінде ең аз аудан – 15 м2. Ал CDEK барынша икемді және әрбір жағдайды жеке қарастырады.
Компаниялардың көбі үй-жайда екі аймақ ұйымдастыруды талап етеді – біреуі клиенттер үшін, екіншісі тауарлар үшін (қойма). Әрқайсысын жабдықтау қажет: клиенттік аймақта киім ауыстыратын бөлме, күтуге арналған орындықтар немесе дивандар болуы тиіс. Қойма әдетте сөрелермен жабдықталады. Ал екі аймақты ресепшен тірегі мен үстелі бөледі. Ноутбуктер мен кассалық аппараттарды, штрихкод сканерлерін, бейнекамераларды ұмытпаңыз. Тағы бір маңызды шарт – тұрақты әрі жылдам интернет байланысының болуы.
Франшиза бойынша бизнес ашу тартымды, себебі ол бизнесті басынан бастап құруға қарағанда, әлдеқайда тиімді әрі жылдам. Алайда жеңіл-желпі жұмыс істей беруге болады деп үміттенбеген абзал. Бизнесменнің бизнес-процестерді құрып, клиенттік сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін күш жұмсауына тура келеді. Тек осы жағдайда сіздің күш-жігеріңіз елеулі пайда әкеледі.
3 желтоқсандағы валюта сауда-саттығының жабылу кезіндегі теңге бағамы орташа көлемде (229 млн $) шамалы нығаюды (-0,42%) көрсетіп, 522,9 теңге деңгейінде қалыптасты.
BCC Invest сарапшылары ұлттық валютаның құбылмалылығының салыстырмалы түрде төмендеуін болжайды.
Когда наступает 30-я неделя беременности (28-я неделя, если речь идет о многоплодной беременности), женщина уходит в декрет. С целью финансовой поддержки ей положены выплаты – единовременное государственное пособие, а также соцвыплата по потере дохода и пособие по уходу за ребенком, которое выплачивается на протяжении полутора лет. Но сохраняются ли пособия, если женщина работает как ИП? Какие выплаты положены беременным женщинам ИП в Казахстане? Сколько денег дают за рождение ребенка?
Люди, которые задумываются над получением пассивного дохода, задаются вопросом, как заработать на инвестициях с минимальными вложениями. Инвестирование в ценные бумаги требует знаний в этой сфере, поэтому не может быть универсальным.