Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
8 сәуір 2024
Жаңартылды: 6 қаңтар 2025

Swift (Свифт) халықаралық аударымдар жүйесі: бұл не және оны қалай пайдалану керек?

2024 жылы ЦентрКредит Банкі SWIFT GO қызметін іске қосты. Бұл  сервиспен жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы банк. Демек, сіздің аударымдарыңыз бұрынғыдан да қауіпсіз әрі жылдам болады.

SWIFT дегеніміз не және бұл жүйе қалай жұмыс істейді? Аударымды қалай жасауға болады? Swift GPI және Swift GO сервистері қандай артықшылықтарға ие?

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Swift халықаралық аударымдары

SWIFT сөзі Society for Worldwide Interbank Financial Telecommunication, яғни дүниежүзілік банкаралық қаржылық телекоммуникациялар қоғамы дегенді білдіреді. Күн сайын осы жүйе арқылы 30 миллионнан астам операция жасалады, ал оған қосылған ұйымдар саны 11 мыңнан асады.

Switf - бұл банктер өзара хабар алмасатын мессенджердің бір түрі. Бұл хабарламалар стандартты нысанда болады.

Стандарттаудың арқасында сұрау салулар барынша тез өңделеді, бұл транзакция жүргізуді жеделдетеді. Басқаша айтқанда, бір банк екінші банкке төлем нұсқаулығын нақты ақшаны жеткізбей береді (бұл ретте А банкінің Б банкінде корреспонденттік шоты бар және керісінше). Алушы банк төлем тапсырмасын қабылдаған кезде ол өз клиентіне ақша бере алады. Берілетін нұсқаулықтардың шифрланғанын, бұл төлемдердің қауіпсіздігін арттыратынын ескеру қажет.

Нақты банк мекемесіне төлем тапсырмасын жіберу үшін оның Swift-кодын (немесе BIC кодын) білу қажет. Әрбір банк үшін ол бірегей: бұл 8-ден 11-ге дейін таңба, олар әріптер де, цифрлар да болуы мүмкін. Бұл кодта келесі ақпарат жасырылады:

  • Қысқартылған нысандағы банк ұйымының атауы (4 таңба) – мысалы, ЦентрКредит Банкінде KCJB.
  • Елі (2 таңба). Қазақстан үшін KZ.
  • Өңірі немесе қаласы (2 таңба).
  • Филиал коды (3 таңба).


Ал егер А банкі мен Б банкі арасында келісім жасалмаса, Swift (Свифт) аударымын қалай жасауға болады? Мұндай жағдайда делдал банктер тартылады – бұл әртүрлі елдерде бір немесе бірнеше ұйым болуы мүмкін. Әдетте, аударым 1 күннен 3 күнге дейiн созылады, бiрақ егер тiзбекке делдалдар қатысса, көп уақытты талап етiледi.

Аударым әртүрлі валютада жіберіледі, бірақ клиентке берілген кезде ол межелі елдің валютасына айырбасталады.

Қазақстанға немесе Қазақстаннан Swift-ақша аударымын қалай жасауға болады?

Аударымды онлайн түрде қалай жіберуге болады?

Операцияны BCC Business мобильді қосымшасы арқылы орындау ең аз уақытты алады және банкке баруды қажет етпейді. Ол үшін «Аударымдар» - «Халықаралық аударымдар» бөліміне өтіп, келесі жолдарды толтырыңыз:

  • Алушының аты-жөні
  • IBAN шоты
  • Банктің атауы
  • Елі және қаласы
  • Банктің Swift-коды


«Жөнелту» батырмасын басыңыз.

ЦентрКредит Банкі арқылы аударудың тағы бір артықшылығы – тиімді комиссия. Ол жөнелтушінің (OUR) немесе алушының (BEN) есебінен төленуі мүмкін. Екінші нұсқа – жөнелтуші өз банкінің комиссиясын төлейді, ал басқа банктердің комиссиясын аударым сомасынан (SHA) шегереді.

Банк бөлімшесі арқылы

Бұл жағдайда өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды алып жүру және келесі қадамдарды орындау қажет:

  • Банкте шот ашу. Бұл ретте шот аудару кезінде пайдаланылатын валютада ашылады.
  • Банк қызметкеріне алушының деректемелерін хабарлау. Бұл сіздің адресатыңыздың аты-жөні және оның шотының IBAN-нөмірі, оған қызмет көрсететін банктің атауы, елі және қаласы банктің Swift-коды.
  • Кейбір жағдайларда төлем жүргізу үшін негіз болып табылатын құжаттар талап етілуі мүмкін. Әдетте бұл қызмет көрсету шарты, инвойс және т.б.
  • Қаражатты аударуға өтінішті толтыру және қажетті соманы банк қызметкеріне өткізу.


ЦентрКредит Банкі транзакцияны орындау кезінде барынша икемді жағдайларды қамтамасыз ететінін ескеріңіз. Мысалы, бір уақытта 100 000 USD-ге дейін аударуға болады, оның үстіне әртүрлі валюта – доллар ғана емес, еуро, ресей рублі, фунт стерлинг те қолжетімді. Транзакциялар жеке тұлғалар мен компаниялардың атына орындалады.

2025 жылы ҚР-да оңайлатылған режим бойынша жұмыс істейтін ЖК
2024 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау жүргізіледі: бұл не және кімге қатысты?

Swift-аударым Қазақстанға қанша уақытта барады? Операция әдетте 1-3 күнге созылады, бірақ тізбектегі қатысушылардың санын ескеру қажет.

Көбінесе Swift-аударымын нөмір бойынша бақылау мүмкіндігі бар екенін ескеріңіз. Опция банктің қосымшасы арқылы да, шетелдік банктердің ресми сайтында да қолжетімді. Трекинг SWIFT GPI Tracker жүйесінің ресми сервисі арқылы жүзеге асырылады.

ЖК-ны 0 теңгеге онлайн тіркеу

Бизнесті жеңіл бастаңыз


Swift GPI және Swift GO сервистері


Әрине, Swift жүйесі клиенттердің талаптарына сай болу үшін белсенді дамып келеді.

Мысалы, Swift сервистерінің бірі –  Swift GPI. Ол қызмет көрсету сапасын арттыруға және бұл ретте операцияларды одан да жылдам жасауға мүмкіндік береді. GPI-дың негізгі ерекшелігі –  төлем тізбегінде қанша банк болғанына қарамастан, нақты уақыт режимінде төлемді қадағалау мүмкіндігі. Тағы бір артықшылық транзакцияларды өңдеу жылдамдығы: статистика бойынша, аударымдардың 40%-ына дейін 5 минут ішінде келеді.

Операциялардың одан да жоғары жылдамдығын Swift GO қызметі – шағын соманы жылдам аудару жүйесі уәде етеді. Сервистің негізінде бізге таныс Swift GPI технологиясы жатыр. Әзірлеушілер Swift GO-ды бизнес клиенттерге арналған ашық әрі қауіпсіз төлем қызметі ретінде көрсетеді. Бүгінде жүйені шетелдік контрагенттермен тұрақты есеп айырысатын кәсіпкерлер белсенді пайдаланады. Жүйеге әлемнің 200-ге жуық елінен банк мекемелері қосылған.

Swift жүйесі бүкіл әлемде жайдан жай танымал емес. Біріншіден, ол ақшаны тез аударуға мүмкіндік береді (тіпті, әп сәтте аударады, егер әңгіме Swift GO сервисі туралы болса). Екіншіден, алдыңғы қатарлы шифрлау жүйелерінің және алаяқтық схемалардан қорғаудың арқасында транзакциялардың қауіпсіздігіне кепілдік береді. Үшіншіден, сіз қаражатты әлемнің кез келген еліне жібере аласыз, себебі жүйеге мыңдаған ұйымдар қосылған.

Автор
Наталья Брославская
Сізге ұнауы мүмкін
Обзор валют
2025 жылғы 15 қаңтарға арналған валюта бағамдары

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамын 530,24 тг., ресей рублінің бағамын 5,16 тг. деңгейінде белгіледі.

Доллардың бағамы өткен күнмен салыстырғанда сәл нығайды. 14.01.2025 ж. әрекет еткен бағаммен салыстырғанда өсу +1,72 тг. құрады (528,52 тг.-ден 530,24 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль бағамы сәл төмендеді, құлдырау -0,01 тг. болды (5,17 тг.-ден 5,16 тг.-ге дейін).

Обзор валют
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 14 қаңтардағы аналитикасы

USD/KZT бағамы 529,6 теңгеге дейін төмендеді (-0,21%) сауда көлемі 300 млн USD құрады.

Ұлттық банк мәлімдемесіне сәйкес, 2025 жылғы қаңтарда Ұлттық қордан 750-850 млн USD көлемінде валюта сатылуы күтілуде. Бұл жоғары сауда көлемі аясында теңге бағамын қолдауға ықпал еткен болуы мүмкін.

Обзор валют
2025 жылғы 14 қаңтарға арналған валюта бағамдары

Қазақстан Ұлттық банкі 14.01.2025 ж. жағдай бойынша доллардың теңгеге қатысты бағамын – 528,52 тг., ал ресей рублінің бағамын – 5,17 тг. деңгейінде белгіледі.

Доллардың бағамы өткен күнмен салыстырғанда аздап нығайды. 13.01.2025 ж. әрекет еткен бағаммен салыстырғанда өсім +1,71 тг. құрады (526,81 тг.-ден 528,52 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубльдің бағамы да аздап нығайып, өсім +0,01 тг. құрады (5,16 тг.-ден 5,17 тг.-ге дейін).

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды