Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
bcc journal
2 сәуір 2024
Жаңартылды: 4 шілде 2025

Тігін бизнесі: арманнан мақсатқа. GUITEX компаниясының негізін қалаушы Гүлмира Айтымбетованың тарихы

Наурыз айының ортасында ЦентрКредит Банкі сұхбаттар топтамасын іске қосты, олардың кейіпкерлері – қазақстандық кәсіпкерлер. Бірінші сұхбаттың кейіпкері Гүлмира Айтымбетова болды. Оның тарихы шабыттандырады: кәсіпкер жалдамалы пәтердегі ательеден өз бизнесіне дейін күрделі жолдан өткен, оның клиенттерінің арасында ірі қазақстандық және халықаралық компаниялар бар. Олардың қатарында – The Ritz-Carlton люкс мейманханалар желісі, Шымкент сыра қайнату зауыты, SMALL супермаркеттер желісі, «Қазақстан» қонақүйі.

Бүгінде GUITEX компаниясы – корпоративтік киім тігу бойынша елдегі ең ірі компаниялардың бірі. Оның тұрақты клиенттері болып табылатын 100-ден астам ұйым бар, ал өндіріс көлемі 60 миллион теңгеге жетеді.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

Бірақ мұның бәрі бірден бола қойған жоқ. Гүлмира Айтымбетова өзінің алғашқы ательесін 2005 жылы ашты. Бірақ бұл оқиға сәтті болмады: бизнесті жабуға тура келді. Дегенмен бұл идеясы жойылмайды, сөйтіп, 2009 жылы ол екінші мүмкіндікке ие болды.

Гүлмира бәрін басынан бастаудан қорықпады, тәжірибесі сәтсіз болғанына қарамады, шағын тапсырыстар іздей бастады, ал олар үлкен нәтижелерге әкелді.

«Егер қаласаң, қорықпай, бастап көру керек! Ал ақша мен адамдар табылады. Бір нәрсені қаласаң, ол саған өзі келеді. Ең бастысы, еңбек ету және қорықпау керек».

Гүлмира Айтымбетова

Кейіпкердің құпиясы неде? Өз ісін жасауға деген үлкен ниеті мен өз күшіне деген сенімі. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге Гүлмира Айтымбетова батыл алға жылжуға кеңес береді: «Егер қаласаң, қорықпай, бастап көру керек! Ал ақша мен адамдар табылады. Бір нәрсені қаласаң, ол саған өзі келеді. Ең бастысы, еңбек ету және қорықпау керек». Оның тарихы – бұл сөздердің айқын дәлелі.

Айтпақшы, бизнес үшін тағы бір маңызды кеңес: көмектен бас тартпау. Бизнесті кеңейту үшін Гүлмира Айтымбетова мен ателье директоры қызметін атқаратын оның жұбайы Ерлан Айтымбетов ЦентрКредит Банкінің қарыз қаражатын пайдаланды. Жедел жүргізілген қаржылық талдау және комиссияның келісімі жаңа ательеге қолайлы үй-жайды тез тауып, бірден жұмысқа кірісуге мүмкіндік берді.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Сізге ұнауы мүмкін
bcc journal
Шығыннан табыс табу: күнделікті сауда жасағанда кешбэк үнемдеуге қалай көмектеседі

Сіз сатып алу мен қызметтер үшін төлем жасағанда, ақша жұмсайсыз. Бірақ дұрыс та

bcc journal
Қазақстанда 50 мың теңгеден бастап іске қосуға болатын 7 жазғы бизнес-идея

Қазақстанда жаз – ерекше кезең. Біреулер биыл Алакөлге немесе Бурабайға отбасыме

bcc journal
Екі елді байланыстыратын бизнес: Қазақстан мен Түркия арасындағы сауданы қалай дамытуға болады?

Түркия қазақстандықтар үшін енді Анталиядағы All Inclusive демалысымен немесе Ла

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді