Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
12 наурыз 2024
Жаңартылды: 9 қазан 2024

Қазақстанда контрагентті сенімділікке қалай және қайда тексеруге болады?

Сіз бизнес жүргізетін кез келген компаниялар мен жеке тұлғалар – контрагенттер. Бұл ретте жасалатын мәміленің табысқа жетуі тең дәрежеде өзіңізге және серіктестеріңізге байланысты. Бұл тек тексерілген, сенімді әрі жауапты серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнату маңызды екенін білдіреді. Өкінішке қарай, барлық контрагенттер ондай бола бермейді. Серіктеспен жұмыс істеуге болатынын қалай түсінуге болады? Контрагентті тәуекел дәрежесіне тексерген жөн.

Бұл не үшін қажет?

Жосықсыз жеткізушімен ынтымақтастық қаржылық шығынға әкеп соғады. Бұған қоса іскерлік беделіңізге зиян келтіруіңіз мүмкін: егер сіз жауапсыз «серіктестің» кесірінен, мысалы, белгілі бір мерзімде жеткізуді аяқтай алмасаңыз немесе қызметтерді көрсете алмасаңыз, беделіңізге нұқсан келуі мүмкін.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз

Салық органдарымен мәселелердің алдын алу үшін де тексеру жүргізген маңызды.

Біріншіден, салық қызметі мәмілелердің бірін тексере алады – актілер мен шарттарды талдап, өзара есеп айырысуды салыстырып тексере алады. Егер контрагенттің кінәсінен бір жерде қате болса, сізде қиындық туындайды.

Екіншіден, 2024 жылдан бастап контрагентті бірыңғай тізілім арқылы тексеру міндетті болды. Тексеруді мәміле жасалғанға дейін 10 күн бұрын жүргізеді, тексерудің өзі тегін. Ол салық органына мәміленің мұқият жасалғанын дәлелдеу үшін қажет. Бұл жауапты бизнесті жағымсыз салдардан сақтайды.

Контрагент туралы нені білген маңызды?

Әлеуетті серіктесті жан-жақты зерделеу керек. Нені тексерген жөн?

  • Жалпы ақпарат. Бұған компанияның тіркелген күні, оның мекенжайы, басшының байланыс деректері кіреді. Мысалы, егер сіз контрагентпен бір қалада болсаңыз, онда оның офисіне бару көп нәрсе береді: егер көрсетілген мекенжай бойынша ешкім жұмыс істемесе, онда сіздің мұндай фирмамен жолыңыз бір емес. Оның үстіне сарапшылар жақында ғана тіркеуден өткен компанияларды мұқият тексеруге кеңес береді.
  • Қаржы. Шығыс пен кірісті, сондай-ақ пайданы зерттеңіз. Бірақ бірінші кезекте кредиторлар алдындағы берешекке, банкроттық процедурасынан өтуге назар аударған жөн. Егер әлеуетті контрагент банкрот болса, онда ол өзінің қаржылық міндеттемелерін орындай алмайды.
  • Заңдық жай-күйі. Күдікті сот істеріне тартылған, тыйым салынған шоттары және заң мәселелері бар компаниямен жұмыс істеудің қажеті жоқ.
  • Бедел. Компания туралы пікірлерді зерттеп, мүмкіндік болса, әлеуетті серіктесіңіздің клиенттерімен жеке өзіңіз сөйлесіп көріңіз. Әдетте компанияның ресми сайтында негізгі клиенттері туралы ақпарат көрсетіледі, олармен байланысу ғана қалады. Желіде фирма мен оның басшысы туралы ақпаратты іздеп көріп, олар туралы қандай контексте айтылғанына назар аударыңыз.

Құжаттарды сұратудан қорықпаған жөн. Мысалы, компанияның біркүндік емес екенін, шын мәнінде жұмыс істейтінін мемлекеттік тіркеу және салық есебіне қою туралы куәліктен білуге болады. Бұған қоса жарғының көшірмесімен, өткен жылғы есептілікпен танысуды сұрауға, салық бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтаманы және т.б. сұратуға болады.

Тексеру қорытындысы бойынша қандай компанияны сенімді деп санауға болады? Бұл санатқа бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан, ЭҚЖЖ бойынша кодтары қызметтің негізгі бағытымен сәйкес келетін, банкте шоты ашылған, тұрақты пайдасы бар, кредиторлар алдында берешегі жоқ бизнес кіреді.

Компанияны қалай тексеруге болады?

Қазақстанда ЖШС-ны немесе ЖК-ні БСН/ЖСН бойынша, сондай-ақ ұйымның атауы бойынша тексеруге болады. Мемлекет жауапсыз контрагенттерді анықтауға мүдделі екенін, сондықтан кәсіпкерлерге негізгі деректерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін ескеру қажет.

Сонымен Қазақстанда контрагентті БСН бойынша қалай және қайда тексеруге болады? Түрлі ресурсты пайдалануға болады, ең танымал тәсілдерге тоқталып өтейік.

ҚР-да контрагентті мемлекеттік органдардың ресми сайттары арқылы қалай тексеруге болады?

Елдегі қаржы мәселесімен Мемлекеттік кірістер комитеті айналысады. Ол келесі сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  • Сот кабинеті. Мұнда 2009 жылдан бергі сот актілері жинақталған және олар құқықтың түрлі саласына (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік) қатысты. Бұл сіздің әлеуетті серіктесіңіздің сотқа тартылғанын немесе тартылмағанын тексерудің ыңғайлы тәсілі.
  • Борышкерлердің бірыңғай тізілімі. Бұл БСН бойынша ЖК берешегін онлайн тексерудің, ЖК-нің салық төлейтінін немесе төлемейтінін анықтаудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі.
  • Egov. Электрондық үкімет сайтында БСН бойынша осындай ЖК-нің бар-жоғын тексеруге болады. Мұнда сіз компанияның атауы, оның нысаны (мысалы, ЖШС), құрылтайшының аты-жөні туралы ақпарат аласыз.

Мемлекеттік кірістер комитетінің сервистері арқылы тексеру тегін.

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алуларға арналған тендерлер: бұл не, оған қалай қатысуға болады және жаңадан келгендер не туралы білуі керек?
Қытаймен бизнесті қалай нөлден бастауға болады?

Қазақстанда ЖК мәртебесін коммерциялық ресурстар арқылы қалай тексеруге болады?

Үш ресурс ерекше қызығушылық тудырады:

  • ABIS. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сервисі есеп жасайды, оның негізінде ашық дереккөздерден мәліметтер болады. Есепте Салық төлеушінің адалдық индексіне сүйене отырып, фирманың тәуекелін жалпы бағалау қамтылады.
  • Kompra.kz. Сервисті әмбебап деп атауға болады, себебі ол компанияның салық төлейтінін, банкроттық процедурасынан өтіп жатқанын, сот істеріне қатысып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл сайтта тек 2 контрагентті тегін тексеруге болады, қалған барлық тексеру процесі үшін таңдалған тариф бойынша комиссия қарастырылған.
  • Бизнес-Аналитик. Бұл сервис жиынтық деректермен (салық төлеу, мемлекеттік тізілімдерде болу және т.б.) танысуға мүмкіндік береді.

Компанияны банктік сервистер арқылы қалай тексеруге болады?

Компанияны (ҚҚС төлеуші ретінде және онымен шектелмейді) тексерудің тағы бір тәсілі – банк сервисін пайдалану. Мысалы, қаңтар айының соңында осындай опцияны ЦентрКредит Банкі іске қосты. Сервис ҚР-да ғана емес, РФ-да да контрагенттің сенімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Тексеру банк пайдалана алатын деректер бойынша, яғни БСН (ЖК, ЖШС және басқа заңды тұлғалар үшін) және ЖСН (жеке тұлғалар үшін) бойынша, ұйымның атауы, шот нөмірі немесе контрагентке қызмет көрсетілетін банктің атауы бойынша жүзеге асырылады.

Сервис бизнесменге әлеуетті серіктес туралы толық ақпарат береді:

  • Деректемелері. Бұл – БСН, ЖСН, атауы, байланыстары, НМТН.
  • Компанияның қатысы бар сот істері.
  • Қаржылық есептер.
  • Берешектің болуы.
  • Мемлекеттік сатып алуға қатысу.
  • Белгілі бір қызметті жүзеге асыруға рұқсаттардың немесе лицензиялардың болуы және т.б.

Сервистің артықшылықтары – қарапайым интерфейс, түсінікті тексеру процесі, нәтиже берудің жеделдігі.

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

Ал егер контрагент басқа елден болса, не істеу керек?

Жеткізушінің сенімділігін ол шетелдік компания болса да, бағалауға болады.

Сіздің іскерлік серіктесіңіз Ресейден делік. Оны бірнеше тәсілмен тексеруге болады. Мысалы, «За честный бизнес» порталы арқылы тексеруге болады. Ол үшін СТСН (салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі), компанияның атауын немесе басшының атын білу қажет. Порталдың артықшылығы ондағы деректердің Федералдық салық қызметімен синхронизацияланғанында. Балама нұсқа – List-Org сервисі, ол компанияның қаржысы, берешектері туралы мәліметтер жинайды, мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратқа ие.

ЦентрКредит Банкінің сервисі ресейлік контрагентті ыңғайлы әрі жылдам тексеруге мүмкіндік береді. Алдымен business.bcc.kz интернет банкингінің Контрагенттер бөліміндегі «Ел» жолында «Ресей» деген нұсқаны таңдаймыз. Сіз таңдау жасағаннан кейін, екі жаңа жол пайда болады – контрагенттің СТСН және НМТН. Осы жолдардың бірін толтырыңыз, жүйе серіктесіңіздің сенімділігі туралы деректерді ұсынады. Сіз компанияның мәртебесін, оның жұмыскерлерінің санын, заңды мекенжайын, басшысының аты-жөнін, негізгі қызмет түрін нақтылай аласыз. Сенімді компанияларда әрі қарай қолайлы фактілер туралы аналитикалық ақпарат ұсынылады: компания банкрот емес, 12 ай бойы белсенді жұмыс істеп келеді, алым мен салық бойынша қарыздары жоқ, сенімсіз жеткізушілер, жалған кәсіпорындар және т.б. тізілімдерде көрсетілмеген.

Қажет болса, тексеру туралы егжей-тегжейлі есепті PDF нысанында жүктей аласыз.

Қытайлық жеткізушілермен біршама күрделі. Елде бірыңғай тізілімдер сұранысқа ие емес, ал ірі коммерциялық алаңдар компаниялардан өздерінің сенімділігін растауды талап етпейді. Сондықтан кәсіпкердің өз бетінше «еңбек етуіне» тура келеді. Не істеуге болады?

  • Өндіріс мекенжайын нақтылау. Егер компания бір мекенжай бойынша тіркеліп, тауар басқа мекенжайда өндірілсе, ойланып көрген жөн. Көбінесе бұл алыпсатарлардың немесе тіпті алаяқтардың белгісі.
  • Контрагенттің тіркеу нөмірін сұрату. Бұл нөмірді China Company Registration мемлекеттік емес сайты арқылы тексеруге болады. Мұнда компанияны қай орган тіркегені және компанияның қайда орналасқаны, оның меншік нысаны туралы ақпарат алуға болады. Адал жеткізушілер тіркеу нөмірін еш қиындықсыз хабарлайды. Ал егер тіркеу нөмірі болмаса, онда мұндай ынтымақтастықтан бас тартқан жөн.
  • Экспортқа лицензияны сұрату.
  • Телефон нөмірін нақтылау. Қызықты факт: Қытайдағы кез келген компанияның стационарлық телефон нөмірі болуы тиіс, бұл заңмен белгіленген. Компанияға қоңырау шалып, бірнеше сұрақ қойыңыз (не өндіреді, қанша жыл жұмыс істейді және т.б.).

Контрагентті тексеру көп уақыт алмайды, бірақ ол қаржымен және іскерлік беделмен байланысты тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Автор
Наталья Брославская
Эксперт
Айжан Нургалиева
Сізге ұнауы мүмкін
Обзор валют
2024 жылғы 13 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 13 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 522,91 тг., ал ресей рублінің курсын 5,05 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы әлсіреді. 2024 жылғы 12 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +5,98 тг. құрады (516,93 тг.-ден 522,91 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, өсім +0,07 тг. болды (4,98 тг.-ден 5,05 тг.-ге дейін).

Обзор валют
2024 жылғы 12 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 12 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 516,93 тг., ал ресей рублінің курсын 4,98 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы әлсіреді. 2024 жылғы 11 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +8,88 тг. құрады (508,05 тг.-ден 516,93 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы сәл нығайып, төмендеу -0,08 тг. болды (5,06 тг.-ден 4,98 тг.-ге дейін).

Обзор валют
2024 жылғы 11 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 11 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 508,05 тг., ал ресей рублінің курсын 5,06 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы нығайды. 2024 жылғы 10 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, төмендеу -2,03 тг. құрады (510,08 тг.-ден 508,05 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, төмендеу -0,09 тг. болды (5,15 тг.-ден 5,06 тг.-ге дейін).

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды