Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
26 наурыз 2024
Жаңартылды: 9 қазан 2024

Демалыс күндерін қалай дұрыс есептеу керек? Демалыстың қандай түрлері бар және олардың ерекшеліктері қандай?

Қазақстанның Еңбек кодексі және еліміздің өзге де заңдары бойынша әр жұмыскерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілуі тиіс, бұл 2024 жылы да жалғасын тауып отыр. Демалыс – бұл жұмыскерге демалып алуға және өз күшін қайта қалпына келтіруге берілетін мүмкіндік. Ал бухгалтер үшін бұл тынымсыз жұмыс: ол барлық құжаттарды (өтініштер, бұйрықтар) реттеп, демалыс түрін ескеріп, Қазақстан заңнамасына сәйкес демалыс күндері мен сомасын есептеуі тиіс.

2024 жылы ҚР-да демалыс күндерін қалай есептейміз?Қандай ерекшеліктер туралы білуіңіз керек? Қазақстан үшін өзекті демалыс түрлерін ескере отырып, осы сұрақтарға жауап береміз.

Еңбек демалысы

Бұл жағдайда жұмыскер демалысқа кетеді, бірақ оның лауазымы, сондай-ақ орташа жалақысы сақталады. 2024 жылы Қазақстанда еңбек демалысы қанша күнге созылады? Әдетте ол 24 күнтізбелік күнге созылады. Ең төменгі демалыс үш жұмыс аптасынан кем болмауы керек, яғни демалыс күндерінің саны кемінде – 21 болуы керек.
Негізгі және қосымша еңбек демалысы деп бөлінеді.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

Негізгі еңбек демалысы

Оны жұмыс жылы бойынша есептейді, яғни нақты есепті кезең, жыл – жұмыскер жұмысқа шыққан сәттен, атап айтқанда бірінші жұмыс күнінен басталады. Мысалы, маман компанияға 2023 жылдың 20 желтоқсанында келді делік, яғни оның жұмыс жылы 2024 жылдың 19 желтоқсанына дейін «жалғасады». Дәл осы уақыт аралығында оған демалу керек.

Бұл жағдайда ҚР Еңбек кодексін ескере отырып, демалыс күндерін қалай есептеуге болады? Дым қиындығы жоқ: жұмыс істеген әр ай үшін екі күн демалыс беріледі. Барлығы: 24 күнтізбелік күн
(мереке күндері есепке алынбайды). Бұл көрсеткіш жұмыс кестесі қандай болса да, барлық мамандар үшін бірдей. Әрине, демалыс кезеңі ұзағырақ болуы мүмкін. Бірақ бұл міндетті түрде заңнамамен реттеледі немесе ұжымдық шартта көрсетілуі тиіс.

Егер жұмыскер демалыс күндерін алғысы келмесе ше? Қазақстан заңында қызметкердің қатарынан екі жыл демалыс алмауына болмайтыны нақты жазылған. Мұндай бұзушылық анықталса, ұйым айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Ең төменгі сома – 20 АЕК (2023 жылы 73 840 теңге), ең жоғары сома – 100 АЕК (369 200 теңге).

Жұмыскер жұмыстан шығуды жоспарлап жүрсе, оған ҚР-да демалысты қалай есептеу керек?Жалпы қалай төленеді? Мүлдем демалмаған немесе күндердің бір бөлігін ғана пайдаланған маман жұмыстан кеткісі келсе, онда оған демалыс берілмейді, бірақ өтемақы төленеді. Айтпақшы, Қазақстанда пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны онлайн есептеуге болады.

Негізгі еңбек демалысының келесі бірнеше ерекшеліктері бар:

  • Қызметкер бірден 24 күнді пайдалана алмайды, бірақ демалысты бөліктерге бөле алады. Бірақ мұндай бөліктердің бірі заң бойынша 14 күнтізбелік күннен кем   болмауы тиіс екенін есте ұстаған жөн.
  • Маман қосымша қызметте істесе, онда екі жұмыста да демалыс сәйкес келуі керек.
  • Демалыс күндерін кейінге қалдыруға болады. Әдетте бұл қажеттілік маман ауруханада немесе декретте болған жағдайда пайда болады. Алайда, демалыс кезеңін жұмыскердің өтініші бойынша «жылжытуға» болады: бұл жағдайда маман өтініш жазады (шешімнің нақты мерзімі мен себебін көрсету керек), ал жұмыс беруші бұйрық шығарады.
  • Кейбір қызмет салаларында компания қызметкерді демалыстан кері шақырып ала алады. Бірақ мұнда көптеген ерекшеліктері бар. Біріншіден, қызметкер жазбаша келісім берген кезде ғана кері шақырып алуға болады. Ол пайдаланылмаған күндерді кейін немесе келесі жұмыс жылына кейінге қалдыруы мүмкін. Екіншіден, кейбір мамандарды: 18 жасқа дейінгі жұмысшыларды, жүкті әйелдерді, сондай-ақ зиянды жағдайда жұмыс істейтін мамандарды демалыстан кері шақырып алу заңсыз болып саналады.
Қазақстанда ЖК-ны онлайн-жабудың қадамдық нұсқаулығы
ЖК қызметінің басталуы туралы Талон
2024 жылы ҚР-дағы жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру

Енді демалысқа қалай дұрыс шығамыз? Алдымен қолайлы күндерді таңдау керек: әр қызметкердің деректері негізінде маман демалыс кестесін жасайды (үлгіні Қазақстанның мамандандырылған порталдарынан табуға болады). Басшылық кестені бекітеді. Кейін әрбір қызметкер еңбек демалысына өтініш жазады, ал басшы демалыс туралы бұйрық шығарады (осы құжаттардың үлгілері ҚР тақырыптық сайттарында да бар).

Қосымша демалыс күндері

Қызметкерлердің барлық санаттары үшін қосымша демалыс күндері қарастырылмаған. Кім көбірек демала алатынын қарап көрейік. Мысалы:

  • Зиянды өндірісте жұмыс істейтіндер.
  • Мүгедектігі (I және II топ) бар. Мұндай жұмысшылар 6 күн артық демала алады.
  • ҚР Заңы бойынша қосымша күндерге құқығы бар тұлғалар. Мысалы, Қазақстанда белгіленген үлгі бойынша экологиялық демалысқа өтінішті радиациялық тәуекелдері бар аймақтарда немесе экологиялық апаттар орын алған жерлерде еңбек ететін адамдар ала алады. Сондықтан бухгалтер үшін демалыстың бұл түрі қалай төленетінін білген жөн.
  • Шұғыл немесе өте күрделі тапсырмаларды орындайтын тұлғалар. Мұндай опциялар ұжымдық шарттарда көрсетіледі.

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

Әлеуметтік демалыс

Қазақстанда бұл жұмыскерлерге жеке сипаттағы мәселелерді шешу үшін берілетін демалыс (мысалы, білім алу, некеге тұру және т.б.). Көбінесе бұл күндер еңбек өтіліне қосылады. Әлеуметтік демалысты кейінге қалдырмайды, ол үшін өтемақы да алмайды.

Әлеуметтік демалыстың да бірнеше нұсқасы бар.

Қазақстанда жалақысы сақталмайтын демалыс

Мұнда жалақы немесе демалыс төлемдері қарастырылмаған. Әдетте қызметкер бірнеше күнге ғана демалыс алады. Бірақ төмендегі кейбір жағдайларда Қазақстанда ақысыз демалыс мерзімі 2023 және 2024 жылдары 5 күнге дейін «ұзартылады»:

  • Маман балалы болғанда.
  • Қызметкер некеге тұрды.
  • Қызметкердің туысы қайтыс болды. Жақын туыстар санатына ата-ана, балалар, немерелер, аталар мен әжелер, бауырлар (әпкесі/қарындасы/сіңлісі, аға-інісі), күйеуі/әйелі жатады.

ҚР-да ақысыз демалыс сізге басқа мәселелерді шешу үшін қажет болса, өтініш жазу керек, ал басшылық бұйрық шығарады (құжаттар Қазақстанда белгіленген үлгілерге сәйкес жасалады).

Оқу демалысы

Кейбір мамандар жұмыспен қатар оқуды да алып жүреді. Сессия тапсыру, зертханалық жұмыстар орындау, дипломдық жұмыс дайындау бойынша кеңес алу үшін оларға «демалыс» қажет.

Сіз шетелге шығуды көздейтін «Болашақ» білім беру бағдарламасына қатысатын болсаңыз, онда компания оқуға күндер беруге міндетті, бұл ретте сіздің лауазымыңыз сақталады.

Басқа жағдайларда, бұл ұжымдық шартта белгіленбесе, жұмыс беруші берілген күндерге ақы төлеуге міндетті емес.

Балалармен байланысты демалыс

Бұл санатқа жүктілікке, нәрестелі болуға немесе бала асырап алуға қатысты күндер жатады.

  • Жүктілік, босану

    Демалыс кезеңі әйел ұсынатын еңбекке жарамсыздық парағы негізінде жасалады. Қазақстанда мұндай демалыстың ұзақтығы асқынулардың болмауына/болуына байланысты. Стандартты жағдайда (асқынусыз босану жоспарланған) әйел босанғанға дейін 70 күн және одан кейін 56 күн алады. Егер әйел екі немесе одан да көп бала көтерсе немесе босанудың асқынуы болжанса, ол босанғанға дейін 70 күн және одан кейін де сонша күн алады.

    Жүктілік пен босануға байланысты кезеңді компания ұжымдық шартта көрсетілген кезде төлейді. Жүкті әйелдер тағы бір демалыс алуға құқылы, яғни тіркеуге тұрған кезде. Жүктілік бойынша тіркеуге тұру үшін (бұл 12 аптаға дейін жасалады) әйелге 3 күнге дейін беріледі.

  • Бала асырап алу

    Жұмыскер жаңа туған нәрестені асырап алса, оған 56 күнге дейін (нәресте туылғаннан бастап) демалыс берілуі керек. Жүктілік сияқты, оны компания ұжымдық шартта белгіленген кезде төлейді.

    • Бала күтімі

      Ата-ана балаға 3 жасқа толғанға дейін қамқорлық жасай алады. Бұл ақысыз демалыс. Есіңізде болсын, оны тек анасы ғана емес, әкесі де ала алады.

      Ол сондай-ақ нәрестені тәрбиелеумен айналысатын қамқоршыларға немесе туыстарына, жаңа туған нәрестені асырап алған ата-анаға да қатысты.

      Жүктілікке байланысты демалыс ресімдеу үшін Қазақстанда белгіленген үлгі бойынша өтініш жазу қажет. Ал жұмыс беруші тиісті бұйрық шығарады.

Медициналық тексеруге арналған күндер

Скринингке арналған күндерді тек 13 санатқа жататын қызметкерлер ғана ала алады (мысалы, медицина қызметкерлері, гемодиализдегі адамдар, онкологиялық науқастар және т.б.). Бір жылда ең көп дегенде 3 күн алуға болады.

ҚР-да демалыс күндері үшін төлемді қалай есептейміз?

ҚР-да демалыс күндерінің санын қалай есептеу керектігін білу үшін келесі бірнеше ерекшелікті ескеру қажет:


  • Демалыс күндерін есептеген кезде, мереке күндері есепке алынбайды. Демалыс кезеңі мереке күндеріне түссе, онда бұл күндер оған қосылады, бірақ компания ол үшін төлемейді.
  • Қызметкердің жалақысынан ұсталатын салықтар демалыс төлемақысынан да ұсталады.
  • Қазақстанда демалыс үшін төлем қалай есептеледі? Жұмыс істеген кезеңдегі орташа жалақы негізге алынады. Сонымен қатар, іссапар немесе материалдық көмек сияқты төлемдер есепке алынбайды.


  • Демалысқа қанша күн қалғанда демалыс төлемақысы төленуі тиіс? Жұмыскер демалыс басталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын ақша алуы керек. Ерекшелік маман демалысқа жоспардан тыс барған жағдайда ғана жасалады, содан кейін төлем демалыс басталғаннан кейін үш күн ішінде жүзеге асырылады.
  • Демалыс алдындағы демалыс төлемақысы қалай төленеді? Жалақы сияқты, демалыс төлемақысы да банк картасына аударылады. 
  • Демалыс төлемақысы қанша рет төленеді? Маман өзіне жүктелген күндерді қанша бөлікке бөлсе, сонша рет төленеді.


Қазақстанда демалыстағы күндер үшін демалыс төлемақысын есептеудің ең оңай жолы – онлайн-калькулятор. Бұл жағдайда есептеу үш параметрді ескеретін ыңғайлы форма арқылы жүзеге асырылады:

  • жұмыскердің бір жылдағы жалақы мөлшері;
  • жұмыс істеген күндер саны;
  • демалыс күндерінің саны.


Осы мәліметтер негізінде жүйе демалыс төлемақысының мөлшерін анықтайды. Қазақстанда демалыстың қалай төленетінін және демалыстың қалай есептелетінін білу жұмыскерлермен даулар мен жанжалдарды, тексеруші органдардан айыппұлдарды болдырмауға мүмкіндік береді. Осылайша компания тиімді жұмыс істеп, дами алады.

Автор
Наталья Брославская
Эксперт
Айжан Нургалиева
Сізге ұнауы мүмкін
Обзор валют
2024 жылғы 13 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 13 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 522,91 тг., ал ресей рублінің курсын 5,05 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы әлсіреді. 2024 жылғы 12 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +5,98 тг. құрады (516,93 тг.-ден 522,91 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, өсім +0,07 тг. болды (4,98 тг.-ден 5,05 тг.-ге дейін).

Обзор валют
2024 жылғы 12 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 12 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 516,93 тг., ал ресей рублінің курсын 4,98 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы әлсіреді. 2024 жылғы 11 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +8,88 тг. құрады (508,05 тг.-ден 516,93 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы сәл нығайып, төмендеу -0,08 тг. болды (5,06 тг.-ден 4,98 тг.-ге дейін).

Обзор валют
2024 жылғы 11 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 11 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 508,05 тг., ал ресей рублінің курсын 5,06 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы нығайды. 2024 жылғы 10 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, төмендеу -2,03 тг. құрады (510,08 тг.-ден 508,05 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, төмендеу -0,09 тг. болды (5,15 тг.-ден 5,06 тг.-ге дейін).

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды