Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
3 желтоқсан 2024
Жаңартылды: 22 қаңтар 2025

Салымнан ақша табу жолы: депозитті дұрыс таңдаймыз

Пассив кіріс алу туралы ойланатын адамдарда ең аз салыммен инвестиция салудан қалай ақша табуға болады деген сұрақ туындайды. Бағалы қағаздарға инвестиция салу үшін бұл салада білім болуы қажет, сондықтан мұндай инвестиция бәріне бірдей емес.

Барынша қарапайым, бірақ тиімділігі бірдей құрал бар, ол – банк салымы (депозит). Депозит қалай жұмыс істейді? Клиент ақша салады: оны банк өз қажеттіліктеріне жұмсайды, бірақ қаражатты пайдаланғаны үшін клиент пайыз алады. Банктер салымшылардың ақшасын қалай пайдаланады? Салынған қаражат кредит беруге, акция сатып алуға жұмсалады. Банк құралын жеке және заңды тұлғалар (ЖК, ЖШС) пайдалана алады.
Салымның депозит пен жинақ шотынан айырмашылығы неде? Одан қалай ақша табуға болады?

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Депозиттің салым мен жинақ шотынан айырмашылығы неде?

Жай сөзбен және кең мағынасында айтсақ, «салым» және «депозит» ұғымдары – синонимдер. Бұлар – клиенттің сыйақы үшін банкке беретін активтері. Әйтсе де олардың арасында айырмашылық бар.

Салым тек ақша түрінде болады. Банктегі депозит – бағалы қағаздар, өнер туындылары, қымбат металдар түріндегі құрал. Депозитке ақша да салуға болады, бұл жағдайда оны ақшалай депозит деп атайды.

Салым мен жинақ шоты мөлшерлемемен және қаражат салу мерзімімен ерекшеленеді. Шотты балансы нөлге тең қалпында ашуға болады, ал депозитті ресімдеу үшін тым болмағанда ең аз сома қажет. Шоттан ақшаны кез келген уақытта алуға болады, бірақ егер клиент ақшаны алу мүмкіндігі жоқ депозитті таңдаса, онда мұндай опция болмайды.

Жеке және заңды тұлғалар үшін депозит түрлері 

Депозит түрлерінің бірі – жинақ депозиті. Оның артықшылықтарының бірі – жоғары мөлшерлеме. Алайда ерекшеліктерді де ескерген жөн. Біріншіден, мұндай салымдар қайтарымсыз, яғни салымшы өз қалауы бойынша қаражатты қайтарып ала алмайды. Екіншіден, бұл – ұзақ мерзімге үлкен соманы салуға дайын клиенттер үшін тиімді бағдарлама. Мұндай салымдарда ақша салу мүмкіндігі көзделген, бұл жиынтық соманы арттыруға мүмкіндік береді. Клиент мерзімді өзі, бірақ ұсынылған шекте таңдайды: салым мерзімі неғұрлым ұзақ болса, пайыздық мөлшерлеме соғұрлым жоғары болады. Клиенттердің көпшілігі әдетте 1 жылдық кезеңнен бастайды. Егер салымшы шарт аяқталған соң қаражатын алмауды ұйғарса, көптеген бағдарламаны ұзартуға болады, бұл опция депозиттің мерзімін ұзарту деп аталады.

Алтынға инвестиция салу: асыл металды қайдан сатып алған дұрыс, кіріс алу үшін қалай ақша салу керек?
Мүлік кепілдігімен берілетін кредит

Салымдар үш топқа бөлінеді:

1. Мерзімді

Мерзімді бағдарламалар шарт аяқталғанға дейін ақша алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар бүкіл соманы да, оның бір бөлігін де алуға болады. Қаражатты мерзімінен бұрын қайтарып алған кезде, есептелген пайыз жоғалатынын есте ұстаған жөн. Бұл ретте мұндай салымдар бойынша мөлшерлеме жоғары. Бұл – қауіпсіздендіру болған кезде қажетті соманы (мысалы, егер ақша шұғыл түрде қажет болса) жинау үшін жақсы шешім. Көптеген осындай депозит түріне ақша салуға болады. Салым мерзімі 1 айдан басталады.

ЦентрКредит Банкінің жеке тұлғаларға арналған мерзімді депозиттер топтамасына 13 немесе 24 айға ресімдеуге болатын «Чемпион» салымы кіреді. Төрт валюта ұсынылады: теңге, Ресей рублі, доллар және еуро. Салымның ең төменгі сомасы, мысалы, еуромен 10 EUR құрайды. Бұл сома отбасылық бюджетке ауыртпалық түсірмейді, яғни салым арқылы қосымша кірісті қаржылық жағдайы әртүрлі адамдар ала алады. Мұндай салымдардың мерзімін ұзартуға болады.

2. Мерзімсіз

Мұндай бағдарламаларда клиент депозитке ақша салып, одан ақша ала алады, бірақ тек кемімейтін қалдық шегінде. Бұл салымдар бойынша мөлшерлеме төмен. Бірақ бұл өз қалауы бойынша қаражатты қайтарып алу мүмкіндігімен өтеледі.

3. Қысқамерзімді 

Қысқамерзімді депозиттер – бизнеске арналған бағдарламалар. Мерзімі ең аз: ақшаны бір-екі күнге (мысалы, демалыс күндеріне, мерекелерге) немесе тіпті бір түнге салуға болады. Бұлар – уақытша (мысалы, компания өнім берушінің жауабын күткенде) ешқайда жұмсалмаған қаражатты жылдам көбейтіп алуға арналған бағдарламалар және бұлар клиент үлкен сома салған кезде тиімді. Мұндай депозиттер бойынша ең төменгі жарна 10 млн теңгені құрайды, ең жоғарғы жарна миллиардтап есептеледі.

Бизнес бос тұрған қаражатын ЦентрКредит Банкіндегі «Овернайт» салымына сала алады. Кәсіпкер ақшасын сағат 17.00-де салымға аударады, ал келесі күні сағат 8.00-де шотына қаражатын пайызбен қайтарып алады. Депозитті теңгемен немесе Ресей рублімен ашуға болады. Теңгемен ресімдеген кезде мөлшерлеме 13,5 %-ға жетеді, ал «Ультра» қызмет пакетін қосқан кезде ол 0,5 %-ға артады.

Сонымен, Қазақстанда ең тиімді депозит қандай? Пайда алу үшін салымшы салым түрін таңдап, өз мақсаттарын айқындайды. Мысалы, мерзімсіз бағдарламалар күтпеген шығыс болған жағдайда қаражатты қайтарып алуға мүмкіндігі болғанын қалайтын жеке тұлғалар мен шағын бизнес үшін маңызды. Егер салымшы қаражатының сомасы үлкен болса, жинақ салымын (ол бойынша мөлшерлеме ең жоғары) немесе кірісті тез көбейтіп алуға мүмкіндік беретін қысқамерзімді депозитті пайдалануға болады.

Қандай да бір қауіп-қатер бар ма?

Салымды ресімдеу туралы шартта салымшылардың ақшасын қайтаруға мемлекет кепілдік беретіні көрсетілген. Жеке тұлғалар мен ЖК қаражатының сақталуын ҚДКБҚ – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қосымша қамтамасыз етеді. Жинақ депозиттері бойынша өтемақы 20 млн теңгеден аспайды, ал басқа салымдар бойынша 10 млн теңгеден аспайды. Валюталық бағдарламалар бойынша шектеу – 5 млн теңге.

#IronCard – жоғары мәртебе

Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта

Қазақстанда депозит салығын төлеу керек пе?

Корпоративтік клиент банктен алатын сыйақыға салық салынады. Заңды тұлғалар, ЖК және ЖШС үшін корпоративтік табыс салығы 15 %-ды құрайды. Оны бірден банк ұстайды, бұл кәсіпкерге өз бетінше төлем жасаудың қажеті жоқ екенін білдіреді.

Жеке тұлғалардың жағдайы басқаша. Есептелген пайыз жеке тұлғаның кірісі болып саналады, егер елдің резиденті мен қазақстандық банк туралы сөз болып отырса, бұл кіріске ҚР-да салық салынбайды. Егер резидент шетелдік банктен салым бойынша кіріс алса, оның ЖТС – жеке табыс салығын төлеуіне тура келеді. Мөлшерлеме – 10 %. Егер жеке тұлға ҚР резиденті болмаса, онда ЖТС 15 %-ды құрайды (20 % – жеңілдікті салық салу қолданылатын мемлекеттердің азаматтары үшін).

Депозитті банк бөлімшесінде ашуға болады. Кейбір салымдарды тек жеке тұлғалар ғана емес, сонымен қатар компаниялар, ЖК онлайн ресімдей алады. Онлайн ресімдеу қаражатты 24/7 режимінде бақылауға, депозитке тез әрі ыңғайлы түрде ақша салуға, оның мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Автор
Олжас Сагындык
Сізге ұнауы мүмкін
Обзор валют
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 13 ақпандағы аналитикасы

Теңге сенімді түрде нығаюын жалғастыруда. Бүгін ол 1,05%-ға төмендеп, 498,90 деңгейіне жетті. Сауда көлемі 311 млн долларды құрады.

USD/KZT бағамының төмендеуі жаһандық нарықта АҚШ долларының әлсіреуімен де сәйкес келді. DXY доллар индексі, ол АҚШ долларының алты негізгі валютаға қатысты динамикасын бақылайды, 108,00 деңгейінен төмендеді.

Кеше қаңтар айындағы тұтыну бағалары индексі (CPI) туралы мәліметтердің жариялануынан кейін DXY өсім көрсеткен болатын, алайда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Украинадағы соғыс бойынша ықтимал келіссөздер туралы телефон арқылы сөйлескеннен кейін доллар кері бағытта қозғалды.


Ағымдағы бағаммен валюта бағамдары бетінде және FX-айырбастау валюталарын айырбастауға арналған онлайн платформада танысуға болады.

Обзор валют
2025 жылғы 13 ақпанға арналған валюта бағамдары

Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 13 ақпанға арналған доллардың теңгеге қатысты бағамын 501,31 тг., ал ресей рублінің бағамын 5,33 тг. деңгейінде белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар бағамы нығайды. 2025 жылғы 12 ақпандағы бағаммен салыстырғанда төмендеу -5,12 тг. болды (506,43 тг.-ден 501,31 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль бағамы сәл нығайып, +0,05 тг. өсті (5,28 тг.-ден 5,33 тг.-ге дейін).

Ағымдағы бағаммен валюта бағамдары бетінде және FX-айырбастау валюталарын айырбастауға арналған онлайн платформада танысуға болады.

Обзор валют
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 12 ақпандағы аналитикасы

Теңге тағы да нығаюын жалғастырып, 0,36%-ға төмендеп, 504,15 деңгейіне жетті. Сауда барысында курс бір сәтте 498,01 теңгеге дейін төмендеп, соңғы екі айдағы ең төменгі көрсеткішке жетті. Сауда көлемі айтарлықтай өсіп, 334 млн долларды құрады, бұл нарықтағы белсенділіктің артқанын көрсетеді.


Ағымдағы бағаммен валюта бағамдары бетінде және FX-айырбастау валюталарын айырбастауға арналған онлайн платформада танысуға болады.

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды