HR брендінің сыртқы дамуына жетекшілік ететін бренд-менеджер
Біз ЦентрКредит Банкінің HR брендінің сыртқы дамуына жетекшілік ететін бренд-менеджерді іздейміз.
Бренд-менеджердің миссиясы – ЦентрКредит Банкін еңбек нарығында танымал, мықты және тартымды жұмыс берушіге айналдыру.
Сізге жүктелетін міндеттер:
- Жұмыс берушінің сыртқы бренд стратегиясын әзірлеу және іске асыру.
- Сыртқы коммуникацияларды дамыту: PR-іс-шаралар, БАҚ-пен, салалық және кәсіби қауымдастықтармен жұмыс істеу.
- Білім беру ұйымдарымен, жоғары оқу орындарымен және сараптамалық орталықтармен ынтымақтасу.
- Таланттарды тартуға бағытталған имидждік және жарнамалық кампанияларды, арнайы жобаларды және digital-бастамаларды әзірлеу және өткізу.
- Банк құндылықтары мен табыс тарихтарын сыртқы коммуникациялық арналар арқылы ілгерілету.
- Жұмыс беруші брендіне сыртқы аудиториялардың – үміткерлердің, нарық сарапшылары мен серіктестердің көзқарасын талдау.
- EVP (Employer Value Proposition) қалыптастыру және банкті жұмыс беруші ретінде позициялау.
- HR-трендтерді, бәсекелестердің белсенділігін және медиа алаңға мониторинг жүргізу.
- Кампаниялар мен арналардың тиімділігі бойынша аналитика және есептер дайындау.
Біздің сізден күтетініміз:
- Бренд-менеджмент немесе маркетингтік коммуникациялар саласында, ірі компанияларда (FMCG, банк, телеком, IT, консалтинг) 5 жылдық тәжірибесі бар.
- Жұмыс берушіні сыртқы позициялау немесе HR-маркетингтік кампаниялар бойынша табысты жобаларды іске асыру тәжірибесі.
- Медиа, агенттіктермен, өндірістермен және серіктестік алаңдармен жұмыс істеу спецификасын түсіну.
- PR, digital және контент-маркетинг арқылы жұмыс беруші брендінің қалай қалыптасатынын білу.
- Деректерді, нарықты және трендтерді талдай отырып, стратегиялық шешімдер қабылдау қабілеті.