Бас офистің кадрларды сүйемелдеу бағыты
Сізге жүктелетін міндеттер:
- ҚР еңбек заңнамасына және Банктегі ұйымдастырушылық-басқарушылық құжаттармен іс жүргізудің қолданыстағы ережелеріне сәйкес кадрлық істі жүргізу.
- ҚР еңбек заңнамасына, Банктің қағидалары мен нұсқаулықтарына сәйкес жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан шығару, көтермелеу, үстемақы төлеу, сыйақы беру, тәртіптік жаза қолдану және еңбек демалысына шығару туралы бұйрықтарды уақытылы ресімдеу.
- Жұмыскерлердің дербес деректерін «Colvir» БҚ-да қызметкерлер модулі бағдарламасындағы «Қызметкердің карточкасына» енгізіп, жұмыскерлер деректерінің өзектілігін қамтамасыз ету.
- Еңбек шарттарын, оларға жасалған қосымша келісімдерді және жұмыскерлердің материалдық жауапкершілігі туралы шарттарды ресімдеу.
- Бас офис табельшілерінің еңбек тәртібі ережелерінің орындалуы мен жұмыс уақытының есебін жүргізуіне мониторинг жүргізу.
Біздің сізден күтетініміз:
- Жоғары білімі болу.
- Ұқсас бағыттағы кадрлық іс жүргізу саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
- ҚР Еңбек кодексін баптар бойынша білу, жұмыс уақытының табелін жүргізу, әскери есеп, жұмыс уақытының балансы, ауысымдық кестелермен жұмыс істеу және тәртіптік жаза қолдану тәртібін білу.