Сіздің міндеттеріңіз:
- Банкте жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу жөніндегі жобалардың жол карталарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
- Банктің ішкі және сыртқы ЖИ-шешімдерін бағалау және таңдау, сондай-ақ тәуекелдер, этика және реттеуші талаптарды ескере отырып, оларды енгізу процесін қолдау.
- ЖИ-governance саясатын (ашықтық, түсіндірілетіндік, аудит және бақылау қағидаттарын қоса алғанда) және басқа да Банктің ішкі нормативтік құжаттарын сүйемелдеу және жетілдіру.
- Деректерді басқару блогымен, IT департаментімен, заң департаментімен және Банктің өзге құрылымдық бөлімшелерімен өзара бірлесіп әрекет ету.
- ЖИ саласындағы трендтер мен нормативтік өзгерістерді бақылау.
- Қызметкерлерді жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану қағидаттарына оқыту.
- Банктің бизнес-процестерін ЖИ көмегімен жетілдіру мүмкіндіктерін іздеу және оларды бизнес-бөлімшелермен бірлесіп іске асыру.
Біздің сізден күтетініміз:
- Жоғары білім.
- ЖИ/ML жүйелерімен (әзірлеу, енгізу немесе аудит) жұмыс тәжірибесі болу.
- Этика, ашықтық, тәуекелдерді басқаруды қоса алғанда ЖИ-governance қағидаттарын білу.
- Реттеуші талаптарды түсіну (мысалы, ЕО AI Act, ҚР заңнамасы және басқа да нормативтер).
- Стратегиялық ойлау және жобаларды басқару дағдылары болу.