Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
KZT/USD
11 желтоқсан 2024
Жаңартылды: 11 ақпан 2025

USD/KZT желтоқсан айына арналған талдау

1 АҚШ доллары үшін теңгенің айырбас бағамы

Басқа да ұқсас жағдайларда, BCC Invest аналитиктерінің Prophet болжамды моделіне сәйкес 2024 жылғы желтоқсанда орташа айлық айырбас бағамы 95% сенімгерлік аралық кезінде 1 АҚШ доллары үшін 511,3 теңге деңгейінде қалыптасады.

«BCC Invest» АҚ ЕҰ (бұдан әрі - BCC Invest) Аналитика және зерттеулер департаменті  Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу және болжау жөніндегі ай сайынғы жұмыс аясында сыртқы және ішкі факторлардың ел экономикасына әсерін қадағалайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) деректері бойынша 2024 жылғы 11 айда АҚШ долларына шаққандағы айырбас бағамы орташа алғанда 464,4 теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (2023 жылдың 11 айы) 1,8% -ға немесе өсім байқалады.

Алайда қазіргі сәтте теңгенің айтарлықтай әлсіреуін байқап отырмыз: 2024 жылғы 11 желтоқсандағы жағдай бойынша ресми бағам бір доллар үшін 508,05 теңгеге жетті.

График. 2024 жылдың басынан 2024 жылғы 11 желтоқсанға дейінгі айырбас бағамының динамикасы

Дереккөз: ҚБ деректері

Оның артында не тұр?

1.Импорттың өсуіне байланысты бағамға жасалған қысым

  Қазақстан экономикасы едәуір дәрежеде тауарлар мен қызметтер импортына тәуелді. Импорттық тауарлар мен халықаралық төлемдерді тұтынудың өсуіне байланысты шетел валютасына ішкі қажеттіліктердің ұлғаюы теңгеге қосымша қысым жасайды.

  ҰСБ мен МКК сыртқы саудасының деректері бойынша  2024 жылғы 9 айда елдің тауар айналымы 104,3 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылғы  9 аймен салыстырғанда 1,1%-ға немесе 1,1 млрд АҚШ долларына артық. Тауар айналымындағы көшбасшылар:

I.Қытай Халық Республикасы – жалпы тауар айналымының 21%-ы,

II.Ресей Федерациясы – 18,7%,

III.Италия – 15,4%.

  Тауар экспорты 61,4 млрд АҚШ долларын, ал импорт 45,1 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстан үшін негізгі сауда серіктестері ЕО, РФ және ҚХР болып табылады, өйткені олар биыл барлық импорттың 72,6%-ын және барлық экспорттың 76,4%-ын құрайды.

2024 жылғы 9 айда тауарлар экспорты 65,4%-ға (немесе 40,1 млрд АҚШ долларына) шикізат тауарлары, 27,6%-ға (немесе 17,0 млрд АҚШ долларына) жартылай фабрикаттар немесе аралық өнімдер және 7,0%-ға (немесе 4,3 млрд АҚШ долларына) дайын тауарлар немесе түпкілікті өнімдер түрінде ұсынылған. Бұл тауарлар экспорты бұрынғыдай елеулі дәрежеде шикізат тауарларына байланысты екенін көрсетеді, бұл ретте дайын өнімнің төмен үлесі шикізаттық емес секторды одан әрі дамыту және экономиканы әртараптандыру үшін экспортталатын өнімнің қосылған құнын арттыру, сондай-ақ оның орнықтылығын арттыру қажеттігін көрсетеді.

  Тауарлар импорты 60,6% (26 млрд АҚШ доллары) дайын өнім түрінде, 34,1% (14,6 млрд АҚШ доллары) жартылай фабрикаттар түрінде және 5,3% (2,3 млрд АҚШ доллары) шикізат тауарлары түрінде ұсынылған. Яғни, қазақстандықтар қосымша құны жоғары тауарларды сатып алады

  Осылайша, Қазақстан шикізатты экспорттайды, ал оны қайта өңдеу мен зияткерлік компоненттер үшін төлей отырып, дайын өнім түрінде қайтарады деген қорытынды шығады. Мұндай модель теңгеге қысымды күшейте отырып, шетел валютасына сұранысты арттырады

  Мұнай, металл және басқа да шикізат тауарларына бағаның құлдырауы бірден валюталық түсімдердің қысқаруына алып келеді. Бұл елдің импортқа деген сұранысты қанағаттандыру қабілетін төмендетеді, бұл теңге бағамының ауытқуына әкеледі. Мысалы, мұнай бағасы төмендеген кезеңде Қазақстанға валюталық резервтерді белсенді пайдалануға немесе бағамды ұстап тұру үшін интервенция жүргізуге тура келеді

  Дүниежүзілік банктің деректері бойынша ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Brent маркалы мұнайдың бағасы төмендеу үрдісіне ие. Корреляциялық талдау Brent маркалы мұнайдың орташа айлық бағасы мен теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айлық айырбас бағамы арасындағы теріс жоғары корреляциялық байланысты (-72,5%) көрсетеді.

График. Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы айырбас бағамының динамикасы және Brent маркалы мұнайдың орта есеппен бір айдағы бағасы

Дереккөз: ҰБ және ДБ деректері

   Дайын тауарлардың импортын төлеу үшін шетел валютасына деген жоғары сұраныс және  дайын өнімнің экспорты арқылы экономиканың оны өтеу қабілетінің әлсіздігі теңге бағамын ерекше әлсіз етеді. Талдау көрсеткендей, сыртқы нарықтардағы ауытқулар елеулі девальвациялық өзгерістерге әкелді.

Ұлттық қордан берілетін трансферттің әсері

Қаржы министрлігінің (бұдан әрі - ҚМ) деректері бойынша 2024 жылғы 11 айда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан (бұдан әрі - ҰҚ) республикалық бюджетке трансферттер көлемі 5,3 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылға арналған трансферттердің жалпы көлемінің 94,5%-ын (5,6 трлн теңге) құрайды.

График. Бір ай үшін орташа алғанда айырбас бағамы мен ҰҚ-дан трансферттердің динамикасы

Дереккөз: ҰБ және ҚМ деректері

Талдау жылдың екінші жартысындағы айырбас бағамының динамикасына трансферттердің шектеулі ықпалын көрсетеді. Осылайша, соңғы айларда трансферттердің жоғары көлемі кезінде айырбас бағамы АҚШ долларына қатысты әлсіреуді жалғастырды. Әлсіреуге әлемдік мұнай бағасының төмендеуі және Дональд Джон Трамптың 47-ші президенттік сайлаудағы жеңісі себеп болды, бұл әлемдік тәжірибеде АҚШ долларын күшейтті.

Корреляциялық талдау корреляция коэффициентін  - 31,3% деп көрсетеді. Басқаша айтқанда, ауыспалылар арасында оң қалыпты корреляциялық байланыс бар. Болжам бойынша, ҰҚ трансферттерінің рекордтық көлемі ұлттық валютаның айтарлықтай әлсіреуінің салдарын сәл төмендетуге мүмкіндік берді, бірақ бұл ретте әсерді толығымен нивелирлей алмады.

Уақыт қатарын қысқамерзімді болжау үшін құралдардың бірі ретінде Prophet алгоритмін пайдалануға болады. Facebook (қазіргі Meta) компаниясының зерттеушілері әзірлеген Prophet алгоритмі маусымдық деректерге және трендтердің күрт өзгеруіне байланысты міндеттерді шешу үшін жасалған.

Prophet — бұл уақыт қатарының қосымша моделі, ол мыналарды ескереді:

•  Ұзақмерзімді трендтер (өсу немесе төмендеу),

• Маусымдық (күнделікті, ай сайынғы, жылдық ауытқулар),

• Ерекше оқиғалар (мерекелер, дағдарыстар, бағаның өзгеруі).

Бұл модель бастапқыда бизнес деректермен жұмыс істейтін аналитиктер үшін әзірленген (мысалы, сатуды, сұранысты немесе валюта бағамын болжау). BCC Invest аналитиктерінің алгоритмі негізінде 2024 жылғы желтоқсандағы орташа айлық айырбас бағамы 1 АҚШ доллары үшін 511,3 теңге деңгейінде болжанып отыр, ықтимал ауқымы 504,5-тен 518,0 теңгеге дейін. Болжам теңгенің әлсіреу немесе нығаю динамикасының ағымдағы үрдісін ескереді.

Маңызды ақпарат. Дисклеймер.

«BCC Invest» АҚ клиенттері үшін тәуекелдер туралы ақпарат»

Маңызды ақпарат:

Бұл материал тек ақпараттық мақсаттар үшін таратылады. Осы материалды тарату инвестициялық кеңес беру жөніндегі қызмет болып табылмайды. Осы материалда көрсетілген ақпарат жеке инвестициялық ұсыным болып табылмайды. Осы материалды алушы шешім қабылдау үшін ұсынылған ақпаратқа ғана сүйенбеуі тиіс. Есептерді, тарихи деректерді және осы материалда қамтылуы мүмкін өзге де ақпаратты «BCC Invest» АҚ қызметкерлері жария дереккөздерден алынған ақпарат пен деректер негізінде дайындады. «BCC Invest» АҚ мұндай ақпараттың толықтығын, дәлдігін және дұрыстығын тексермейді және тексеруге міндетті емес. «BCC Invest» АҚ ұсынатын кез келген ақпаратты клиент тек өз қалауы бойынша және өз тәуекеліне ғана пайдаланады.

«BCC Invest» АҚ ұсынатын ақпарат қандай да бір бағалы қағазды сатып алу туралы ұсыныс және/немесе сату бойынша міндеттеме, мәміле жасасуға түрткі және инвестициялық, салық және заң мәселелері бойынша, оның ішінде жасалатын мәміленің ақпаратты алушының нақты мақсаттарына сәйкестігі туралы мәселе бойынша ақпарат алушыға арналған ұсыным болып табылмайды.

Олар туралы ақпаратты «BCC Invest» АҚ ұсынатын бағалы қағаздармен, оның ішінде шетелдік бағалы қағаздармен, валютамен, базистік активтердің түрлерімен туынды қаржы құралдарымен (бұдан әрі - «Қаржы құралдары») жасалатын операцияларды жүзеге асырғанға дейін аталған ақпаратты алушылар көрсетілген қаржы құралдарын сипаттайтын құжаттармен (эмиссия проспектiсi және т.б.) танысуы қажет және қаржы құралдарымен мәміле жасасқанға дейін өзінің қаржы, заң, салық, бухгалтерлік және өзге де консультанттарымен жан-жақты консультациялар өткізуі тиіс. Қаржы құралдарымен мәміле жасау белгілі бір тәуекелдермен ұштасқан, олар үшін жауапкершілік «BCC Invest» АҚ-қа жүктелмейді, өйткені олар тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс орналасқан және олардың осындай тәуекелдердің салдарын болжау және алдын алу мүмкіндіктері шектеулі немесе мүмкін емес. Ақпарат алушы қаржы құралдарымен мәміле жасау мүмкіндігін дербес бағалауы тиіс. Ақпарат алушы, егер оның экономикалық және заңдық мәні, құжаттамасы, талаптары және оған байланысты тәуекелдері түсініксіз болса немесе ақпарат алушының мақсаттарына, ниеттеріне және болжамына сәйкес келмесе, мәміле жасаспауы тиіс. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасау елеулі қаржылық және өзге де тәуекелдерді тудыруы мүмкін. Ақпарат алушы қаржы құралдарымен мәмілелер жасау мүмкіндігін дербес бағалауы тиіс. Ақпарат алушы, егер оның экономикалық және заңдық мәні, құжаттамасы, талаптары және оған байланысты тәуекелдері түсініксіз болса немесе ақпарат алушының мақсаттарына, ниеттеріне және болжамына сәйкес келмесе, мәміле жасамауы тиіс. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу елеулі қаржылық және өзге де тәуекелдерді тудыруы мүмкін. Осы себептен осы мәмілелер өзіне тиісті тәуекелдерді қабылдауға дайын және оларға байланысты ықтимал қаржылық шығындарды көтере алатын тұлғаларға арналған. Кез келген мәмілені жасағанға дейін ақпарат алушы тиісті мәмілені жасасуға байланысты туындайтын тәуекелдерді түсінетініне және оқиғалардың кез келген даму сценарийі кезінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және өзге де ресурстарға ие екендігіне көз жеткізуі қажет. Қаржы нарығында операция жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде қаржы құралдарына инвестиция жасау күтілетін кірісті алмау, инвестицияланған қаражаттың бір бөлігін немесе тіпті барлығын жоғалту, ықтимал шығыстар мен шығындар тәуекеліне әкеп соғуы мүмкін екенін ескерген жөн. Болжамды оң кірістілік туралы ақпарат тек болжам ретінде ғана бағалануы мүмкін. Инвестициялық қызметтің бұрынғы нәтижелері болашақтағы нәтижелерді айқындамайды, ал активтердің құны  қалай ұлғайса, солай азаюы мүмкін. Шетел валютасын айырбастау бағамының өзгеруі инвестиция құнының азаюына немесе ұлғаюына әкеп соғуы мүмкін. «BCC Invest» АҚ ақпаратты пайдалану негізінде ақпарат алушы алуы мүмкін қаржылық нәтижелерге қатысты кепілдіктер немесе мәлімдемелер бермейді және қандай да бір жауапкершілікті қабылдамайды.

«Мүдделер қақтыңысы»

«BCC Invest» АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға брокерлік қызмет көрсету және номиналды ұстау қызметтерін көрсету туралы шарттардың үлгі нысандарында сипатталған ұқсас қызметтер көрсететінін, сондай-ақ өзге шарттар бойынша үшінші тұлғалардың тапсырмаларын қабылдайтынын және үшінші тұлғалардың мүддесінде және өзінің мүддесінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді және өзге де операцияларды жүргізетінін және кәсіби қызмет түрлерін біріктіру тәртібімен үшінші тұлғаларға өзге қызмет көрсететінін, оның ішінде ақпараттық қызметтер, қаржылық кеңес беру, андеррайтинг қызметтерін, облигация ұстаушылар өкілінің қызметтерін, активтерді сенімгерлікпен басқару және маркет-мейкер қызметтерін ұсынатынын хабарлаймыз.

Жоғарыда көрсетілген қызметті көрсету барысында «BCC Invest» АҚ осындай қызметтер үшін сыйақы алады, бұл «BCC Invest» АҚ пен клиент арасында мүдделер қақтығысының туындауына әкелуі мүмкін.

Егер мұндай мәмілені орындау мүдделер қақтығысының туындауына әкелетін болса, «BCC Invest» АҚ клиентке қаржы құралдарымен мәміле жасауды ұсынбайды..


Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға 10.07.2018 жылғы № 3.2.235/12 мемлекеттік лицензия.

Мобильное приложение для iOS и android
Управляйте деньгами онлайн в своём смартфоне
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды