Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
KZT/USD
18 қыркүйек 2025
Жаңартылды: 18 қыркүйек 2025

Алтын жазғы үзілістен кейін қайта қарқын ала бастады

2025 жылдың екінші тоқсанында алтынға деген сұраныстың артуы мен геосаяси тұрақсыздықтың аясында алтын бағасы жаңа тарихи шектерді бағындырды.

Қыркүйек айының басында бағам алғаш рет бір унция үшін 3 600 АҚШ долларына жетіп, үш жыл бұрынғы шамамен 1 800 АҚШ доллары деңгейімен салыстырғанда екі есеге жуық өсті. Маусым айының соңына қарай алтын бір унция үшін шамамен 3 275 АҚШ доллары деңгейінде саудаланып, тоқсан басымен салыстырғанда 7%-ға, ал бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 25%-ға қымбаттады. Осылайша алтын өсімі бойынша көшбасшылардың біріне айналды: жыл басынан бері оның құны шамамен 25%-ға артып, бірнеше рет жаңа рекорд орнатты. Алтын нарығындағы раллидің негізгі қозғаушы факторлары геосаяси жағдайдың тұрақсыздығы мен монетарлық саясаттың өзгеруі болды.


Атап айтқанда геосаяси тәуекелдердің ушығуы қорғаныс активтеріне сұранысты күшейтті: осылайша маусым айында Таяу Шығыстағы қақтығыс туралы хабар алтын бағасын бір унция үшін 3 435 АҚШ доллары деңгейіне дейін көтерді. Керісінше, шиеленістің бәсеңдеуі және АҚШ Федералдық резервінің қалыпты қатаң ұстанымы нарықты уақытша суытты: ФРЖ мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырып, Таяу Шығыста бітім жарияланғаннан кейін алтын бағасы тоқсан соңында бір унция үшін 3 310-3 275 АҚШ доллары аралығына дейін төмендеді. Сонымен қатар алтын бағасына АҚШ долларының әлсіреуі әсер етті – DXY индексі жылдың бірінші жартысында шамамен 10%-ға төмендеді. Бұл баламалы актив ретіндегі алтынның құнын дәстүрлі түрде ұстап тұрады.


Бағаның өсуіне ықпал еткен негізгі факторлардың бірі – орталық банктердің рекордтық көлемде сатып алу әрекеті. Дүниежүзілік алтын кеңесінің (WGC) деректеріне сәйкес, 2022-2024 жылдары орталық банктер жыл сайын 1 000 тоннадан астам алтын сатып алған. Бұл көрсеткіш алдыңғы онжылдықтағы орташа жылдық деңгеймен (400-500 тонна) салыстырғанда екі есе артық. Ресми сектор тарапынан алтынға деген мұндай бұрын-соңды болмаған сұраныс металл бағасының күрт өсуімен бір мезгілде орын алып, нарықтағы өсу үрдісін одан әрі нығайтты. Орталық банктердің алтынның резервтердегі үлесін арттыруға ұмтылысы бірнеше себеппен түсіндіріледі.

Дереккөз: World Gold Council, Central Bank Gold Reserves Survey 2025, 2025 жылғы 17 маусым

Біріншіден, соңғы жылдары басталған дағдарыстарға (пандемиядан бастап Украинадағы соғысқа дейінгі) байланысты туындаған геосаяси және экономикалық белгісіздік әлі де жалғасып жатыр, бұл орталық банктерді сенімді активтердің көп санына иелік етуге итермелейді.


Екіншіден, макроэкономикалық факторлар да маңызды: инфляцияның өсуі мен пайыздық мөлшерлеме циклдерінің ауысуы жағдайында алтын валюталық және пайыздық тәуекелдерден сақтандыру құралы ретінде қарастырылады. 2025 жылы WGC жүргізген сауалнама нәтижелеріне сәйкес, орталық банктердің басым көпшілігі алтынның дағдарыс кезеңіндегі тиімділігін және құнды сақтап қалу қабілетін алтын резервтерін арттырудың негізгі себептері ретінде атаған. Сонымен қатар алтын портфельді әртараптандыру мен инфляциядан қорғау құралдары ретінде де жоғары бағаланады. 


Сондықтан орталық банктердің 95%-ы жақын арадағы 12 айда әлемдік алтын резервтері өседі деп күтеді (былтыр бұл көрсеткіш 81% болған). Ең таңқаларлығы — респонденттердің рекордтық 43%-ы бір жыл ішінде меншікті алтын-валюта резервтерін ұлғайтуды жоспарлап отыр, сондай-ақ ешбір қатысушы оларды қысқартатынын мәлімдемеген.


Реттеуші органдардың ұзақмерзімді стратегиясы да алтынға қарай бет бұрып отыр. Орталық банктердің шамамен 76%-ы алдағы бес жыл ішінде резервтеріндегі алтын үлесі артады деп болжайды (2024 жылы бұл көрсеткіш 69% болған). Бұл үрдістің екінші жағы – резервтердің біртіндеп дедолларизациялануы: сауалнамаға қатысқандардың шамамен 73%-ы бес жылдан кейін АҚШ долларының әлемдік резервтердегі үлесі қазіргі деңгейден қалыпты немесе айтарлықтай төмен болады деп есептейді.


Бұл долларлық активтерден алтын мен баламалы валюталарға (еуро, юань және т.б.) қарай резервтердің қайта бөлінуі жалғасып жатқанын көрсетеді. Тағы бір маңызды жайт – алтын резервтерін басқарудағы кәсібиліктің артуы: қазіргі кезде орталық банктердің 44%-ы алтын активтерін белсенді түрде басқарады, бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 37% ғана болған. Осы факторлардың барлығы ресми сектор тарапынан алтынға деген тұрақты сұраныстың сақталатынын айқын көрсетеді.  WGC сарапшыларының айтуынша, орталық банктер алтынды резервтердің маңызды бөлігі ретінде мойындауды жалғастырып келеді, сондықтан олардың тарапынан сұраныс «жақын болашақта жоғары деңгейде қалуы ықтимал».


ӨңірЖалпы AUM (млрд)Қорға ағымдар (млн АҚШ доллары)Активтер бойынша көлемі (тонна)Сұраныс (тонна)Сұраныс (активтердің %)
Солтүстік Америка196,37 826,01 857,272,94,09%
Еуропа144,41 420,51 366,524,11,79%
Азия34,57 403,2320,769,927,87%
Басқа7,6334,171,53,65,23%
Жиыны382,816 983,93 615,9170,54,95%
Ғаламдық ағымдар / Оң сұраныс38 410,7
408,611,86%
Ғаламдық ағындар / Теріс сұраныс-21 426,8
-238,2-6,91%

Дереккөз: World Gold Council (2025 жылғы 30 маусым) 2025 жылғы 2-тоқсан


Қазіргі үрдістерге сүйенсек, алтынның келешегі қолайлы, дегенмен бағаға түзету енгізуді жоққа шығармайды. Негізгі факторлар нарықты қолдап отыр: орталық банктер тұрақты ірі сатып алушылар ретінде әрекет етуді жалғастырып, резервтерін алтынға қарай әртараптандырып жатыр. Геосаяси тәуекелдер – өңірлік қақтығыстардан бастап ірі державалар арасындағы сауда қайшылықтарына дейін әлі де шешімін таппады, сондықтан «қауіпсіз айлақ» ретіндегі алтынға деген сұраныс әлсірей қоймас. Бұған қоса әлемдік орталық банктердің ақша-кредит саясатын жұмсарту кезеңіне (мөлшерлемелерді төмендету, қатаңдатуды уақытша тоқтату) көшуі алтынды сақтау құнын азайтады, ал бұл тарихи тұрғыда бағалы металл бағасының өсуіне алып келеді. Сонымен қатар алтынның қазіргі бағасы ең жоғарғы шектерде тұр, сондықтан бағаның құбылмалылығы сақталуы мүмкін. Геосаяси жағдай уақытша жақсарған немесе доллар нығайған жағдайда, баға кері шегінуі ықтимал, мұндай құбылыс маусым айының соңында байқалған болатын.

Алтын бұрын көрсетілген траекторияға жетті. Жыл басында алтын бағасының 3 000-3 200 АҚШ доллары деңгейіне өсуі, ал жартыжылдық қорытынды бойынша аздаған түзетуден кейін бағамның бір унция үшін 3 500 АҚШ доллары деңгейіне оралуы болжанған еді – қазір нарық 3 600 АҚШ долларына жетті. Егер мемлекеттік институттар мен инвесторлар тарапынан капитал ағымы, орталық банктің жұмсақ риторикасы және жоғары геосаяси белгісіздік үйлесімі сақталса, жыл соңына қарай алтын бағасы бір унция үшін шамамен 4 000 АҚШ долларына жетеді деп болжанып отыр.

Жалпы үрдіс өсім жағына қарай бағытталған – жиынтық сұраныс алтын нарығына сенімді қолдау көрсетіп отыр, ал 2025 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша алтын өзінің сенімді қорғаныс активі ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтты.

ФРЖ мөлшерлемесінің төмендеуі болжалы мен геосаяси шиеленіс аясында алтын бағасы қымбаттап, бір унция үшін 3700 АҚШ долларынан асты. Төмендеген кірістілік пен сақтандыруды іздеудің үйлесімі алтынды портфельдердің басты «қауіпсіздік жастығына» айналдырады: нақты кірістілік азайған сайын алтынның әртараптандырудағы рөлі күшейе түседі. BCC Invest сарапшыларының пікірінше, алтын бағасы бір унция үшін 3800-4000 АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін.

Мобильное приложение для iOS и android
Управляйте деньгами онлайн в своём смартфоне
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды