Кепілдіктер: | Принципалдың Опциондық келісім аясында өз міндеттемелерін орындау міндеттемелері бойынша Банк Бенефициарға шығарған төлем кепілдігі |
Мақсатты топ: | Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) ұйымдық-құқықтық нысандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері |
Кепілдік валютасы: | Теңге |
Бенефициар: | «Baiterek Venture Fund» АҚ |
Кепілгер: | «Банк ЦентрКредит» АҚ |
Принципал: | «Baiterek Venture Fund» АҚ-тың қаржыландыру бағдарламасына қатысатын Банк клиенті |
Бенефициардың қатысу үлесі: | қоса алғанда 49% дейін |
Сыйақының ақырғы мөлшерлемесі | Капиталдандырусыз жылдық 8%-дан аспауы тиіс |
Бенефициардың Принципалға инвестициялау мерзімі |
1. 1 жылдан 10 жылға дейін – инвестициялық жобалар үшін 2. 1 жылдан 5 жылға дейін – экспорттық операциялар мен айналымдағы капиталды толықтыру үшін |
Банк кепілдігінің мерзімі | Кепілдік мерзімі инвестициялау мерзіміне 6 ай қосқандағы мерзімді құрайды |
Бенефициардың инвестицияларын пайдалану мақсаты |
1. Инвестициялық жобаларды іске асыру 2. Экспорттық операцияларды іске асыру 3. Айналымдағы капиталды толықтыру (ағымдағы қызметті қаржыландыру) 4. Қаржы институтының алдындағы қаржылық берешекті өтеу (бірақ бір Принципалдағы инвестиция сомасының 30%-нан аспауы тиіс) |
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.