Size is font:
A A A
Site color:
Ц Ц Ц
Show images:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Size is font:
A A A
Site color:
Ц Ц Ц
Show images:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Log In
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC Business
Аудит
Guide
26 November 2024
Updated: 10 June 2025

Аудит – бұл тәуелсіз маман компанияның қаржылық есептілігінің шынайылығын және оның бухгалтерлік есебінің Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін тексеретін процесс. Ол қысқа мерзімді қызмет түріне жатады және кәсіби пайым, тәжірибе мен скептицизмге негізделе отырып, тиісті әдістемелерді пайдалану, ХҚКК, ХАС, ХҚЕС және басқаларды қоса алғанда барлық аудит стандартын сақтау арқылы жүзеге асырылады.

Міндеттері  

Аудиторлық тексеру заңнамалық актілердің, кредиторлардың , инвесторлардың, құрылтайшылардың, акционерлердің, сондай-ақ өз бастамасы бойынша жүргізіле алады. Аудиттің алдындағы міндеттер: 

  • Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;
  • Компания қызметінің болашақ бағыттарын анықтау, сондай-ақ оның қаржылық өсу резервтеріне талдау жүргізу;
  • Бухгалтерлік есеп жүйесін бағалау;
  • Қателіктердің алдын алу және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Онлайн-открытие счёта для бизнеса

Используйте доступные возможности
в несколько кликов

Аудит түрлері:

Олар міндетті және бастамашылық болады. Аудиторлық тексеру жүргізілуі міндетті компаниялардың тізбесі «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы №304 заңының 5-бабының 2-тармағында көрсетілген. Бастамашылық аудит субъектінің қалауы бойынша ұйымдастырылады 

Аудитке қойылатын талаптар 

Қазақстан Республикасында түрлі заңды тұлғалар үшін аудит жүргізуге қатысты талаптар белгіленген: 

  1. Жария компаниялар. Олар үшін жыл сайын тәуелсіз ұйым тарапынан міндетті аудит жүргізу және аудиттен өткен қаржылық есептілікті реттеуші органдарға жария түрде ұсыну талабы қойылады. 

  1. Жеке компаниялар. Олар аудиттен өткен есептілікті жариялау міндетінен босатылады, бірақ келісімшарт талаптары бойынша мүдделі тараптарға ұсыну міндеттемесі туындауы мүмкін. 

  1. Мемлекеттік кәсіпорындар. Оларға қатысты тәуелсіз ұйым арқылы жыл сайын аудит ұйымдастыру талап етіледі. Тексеру нәтижелерінің ашықтығы мемлекеттік бақылау деңгейіне байланысты белгіленеді 

Үш данада жасалған аудиторлық қорытындыға аудитор қол қоюы және жеке мөрімен куәландыруы, сондай-ақ аудиторлық ұйым басшысының қолы және мөрімен расталуы тиіс.

Поиск по сайту
Cookie settings
Always active