Size is font:
A A A
Site color:
Ц Ц Ц
Show images:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Size is font:
A A A
Site color:
Ц Ц Ц
Show images:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Log In
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC Business
Акционерлік қоғам
Guide
25 November 2024
Updated: 10 June 2025

Акционерлік қоғам – бұл өз қызметін жүргізу үшін қаражат тарту мақсатында акция шығаратын заңды тұлға. Оның құрылтайшылары ретінде жеке/заңды тұлғалар, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті атқарушы органдар, ҚР Ұлттық Банкі және Үкімет бола алады. 

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II заңына сәйкес бұрын қолданылған ашық және жабық акционерлік қоғам ұғымдары алынып тасталды. Олардың орнына халықтық акционерлік қоғам ұғымы енгізілді, оның акционерлерінің саны 500-ден асады, сонымен қатар ағымдағы қаржы жылы ішінде заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1 000 000 еселенген мөлшерінен кем емес меншікті капиталы бар қоғам.  

Акционерлік қоғамның құқықтары: 

  • Акционерлер мүлкінен оқшауланған өз мүлкіне иелік ету;
  • АҚ нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, облигациялар мен басқа да бағалы қағаздарды шығару;
  • Өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапкершілік көтеру.

Онлайн-открытие счёта для бизнеса

Используйте доступные возможности
в несколько кликов

АҚ органдары  

Олар: 

  • Жеке тұлға немесе алқалы орган түріндегі атқарушы орган;
  • Акционерлердің жалпы жиналысы болып табылатын жоғарғы орган;
  • Басқару органы – директорлар кеңесі;
  • ҚР заңнамасына және қоғамның жарғысына сәйкес өзге де органдар.


АҚ акциялары 

Акционерлік қоғам құжатсыз нысанда жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Бұл акциялар бөлінбейді және егер заңда өзгеше қарастырылмаса, иесіне осы түрдегі акцияларға иелік ететін басқа акционерлермен тең құқықтар береді.

Поиск по сайту
Cookie settings
Always active