Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар 2026-06-05 00:30:58

ЦентрКредит Банкі және e-Residency сервисі ҚР бейрезиденттеріне премиум картаны қашықтан ресімдеу мүмкіндіктерін кеңейтеді

ЦентрКредит Банкі Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне e-Residency Қазақстан сервисімен жұмыс істеу барысында мүмкіндіктерді кеңейтеді. Енді пайдаланушылар қашықтан ЖСН мен eSIM (қазақстандық телефон нөмірін) алып, Mastercard #BlackEdition премиум цифрлық картасын аша алады және банк қызметтерін пайдалана алады.  

 

Цифрлық сценарий 

 

bcc.kz қолданбасында e-Residency мәртебесін және премиум картаны ресімдеу жолы:  

  

1-қадам. bcc.kz қолданбасын орнатыңыз

«e-Residency арқылы тіркелу» батырмасын басыңыз  

 

2-қадам. bcc.kz қолданбасындағы батырма арқылы e-Residency қолданбасын жүктеп алыңыз  

деректерді толтырып, төлем жасаңыз және e-Residency сервисі арқылы ЖСН мен eSIM алыңыз  

 

3-қадам. bcc.kz қолданбасына оралыңыз  

деректерді растау үшін биометриядан өтіп, сауалнаманы толтырыңыз  

 

4-қадам. Mastercard #BlackEdition цифрлық картасын ашыңыз   

және банк қызметтерін пайдалана бастаңыз  

 

Процесс толықтай қашықтан жүзеге асырылады, банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ және клиенттерге тиімді.  

 

ЖСН және eSIM ала отырып, e-Residency бағдарламасында тіркелу құны – 299 АҚШ доллары. Цифрлық картаны шығару 2026 жылғы 1 шілдеге дейін тегін.  

 

Балама тәсіл 

Сонымен қатар картаны e-Residency қолданбасы арқылы да ресімдеуге болады. Бұл жағдайда ЖСН мен eSIM алып, e-Residency бағдарламасында тіркелгеннен кейін серіктес банктердің тізімінен ЦентрКредит Банкін таңдап, bcc.kz қолданбасында қашықтан тіркелуден өту және Mastercard #BlackEdition премиум цифрлық картасын ресімдеу қажет.  

 

ЖСН және eSIM ала отырып, e-Residency бағдарламасында тіркелу құны – 499 АҚШ доллары. Цифрлық картаны шығару тегін. 

 

Банктің цифрлық экожүйесін дамыту  

e-Residency сервисімен интеграция – ЦентрКредит Банкінің цифрлық қызмет көрсету арналарын дамыту және елден тыс жерде орналасқан клиенттерге банк өнімдерін ұсыну стратегиясының бір бөлігі. 

 

Картаны ашу үшін сілтеме арқылы өтіңіз:

Өзге жаңалықтар
Алаяқтардан қалай қорғануға болады: кеңестер мен маңызды байланыс нөмірлері
Жаңа қорғаныс шаралары: банк деректерін үшінші тұлғаларға бергені үшін белгіленетін қылмыстық жауапкершілік
2026-06-04 13:51:19
#bccpay картасы бойынша тегін аударым лимиті ұлғайды
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді