Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Жаңалықтар 2025-07-23 05:26:25

Банк ЦентрКредит кеңейтілген ESG деректерімен тұрақты даму жөніндегі екінші есебін жариялады

Банк ЦентрКредит өзінің екінші қаржылық емес есебін жариялады. Құжат АРРФР ұсынымдарына және халықаралық стандарттарға — GRI, SASB, IFRS S1 және S2 сәйкес дайындалған. Есепте тұрақты дамудың негізгі бағыттары қамтылған: мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл, қызметкерлерді дамыту, адам құқықтарын сақтау, қоршаған ортаға әсерді азайту және экономикалық дамуға қосқан үлес. 2024 жылға арналған есепте ақпаратты жариялау ауқымы мен тереңдігі едәуір кеңейтілді – құжат банк қызметімен қатар, оның еншілес ұйымдарына қатысты деректерді де қамтып, ESG тәсілдерінің бүкіл Топ деңгейінде іске асырылып жатқанын көрсетеді. 

2024 жылдың басты жетістіктерінің қатарында 2030 жылға дейінгі жаңартылған ESG стратегиясының қабылдануы, Орталық Азия банктері арасында алғашқы болып Климаттық стратегияның әзірленуі, парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша мақсаттар мен «жасыл» қаржыландыру көлемін арттыру жоспарлары бар. 2024 жылы өткізілген халықаралық S&P Global Corporate Sustainability Assessment бағалау нәтижесінде банк тұрақты даму саласындағы басқару жетілдіру деңгейі жоғары банктердің әлемдік топ 10%-на енді. 

Есепте банктің стратегиялық ESG бастамалары мен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі туралы ақпарат берілген. Негізгі бағыттардың қатарында экологиялық және мәдени жобалар, білім беру қолдауы, цифрлық инклюзия және гендерлік теңдік бар. Бұл жобалардың көпшілігі банк қызметкерлерінің белсенді қатысуымен және ЮНЕСКО сияқты серіктестермен бірлесе жүзеге асырылады. Әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға 6,6 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Сонымен қатар, банк халықаралық ұйымдармен әріптестікті дамыту мен ЕҚДБ-ның GEFF II сияқты «жасыл» қаржыландыру бағдарламаларына қатысуды жалғастыруда. 

«Жасыл офис» бағдарламасы аясында экологиялық бастамалар жүзеге асырылуда: энергия және ресурстарды үнемдеу шаралары енгізіліп, ел бойынша кеңселерде қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесі кеңейтілді. Алғаш рет жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды растайтын IREC сертификаттары сатып алынды. 

Адами капиталды дамытуға ерекше назар аударылды. 2024 жылғы жағдай бойынша банкте 7 692 қызметкер жұмыс істейді, олардың 66,3%-ын әйелдер құрайды. Есепті кезеңде BCC Academy және Көшбасшылық мектебі сияқты білім беру жобалары іске қосылып, 200-ден астам оқу бағдарламасы өткізілді. 

Өткен жылы сияқты, есеп халықаралық KPMG аудиторлық компаниясымен ISAE 3000 стандартына сәйкес шектеулі растаудан өтті, бұл ұсынылған ақпараттың шынайылығы мен ашықтығын растайды. 

2024 жылға арналған тұрақты даму есебінің толық нұсқасы мен ESG Databook құжатын Банк ЦентрКредиттің ресми сайтынан табуға болады. 

 

*ISAE3000 халықаралық аудит стандартының талаптарына сәйкес шектеулі сенімділік 

ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы. 

Өзге жаңалықтар
2025 жылдың 12 ақпанынан бастап "Касса 24 (Astana Plat)" комиссия алады
2025-07-21 10:45:00
2025 жылғы 22 шілдеде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі
2025-07-21 09:28:49
Цифрлық премиум карталарын ашуғаарналған тарифтердітөмендету 
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды