Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Жаңалықтар 2025-09-02 16:42:00

S&P ЦКБ рейтингі бойынша болжамын көтеріп, банктің ESG бағасын жақсартты

Болжам — «Позитивті», ESG бағасы — 75 балл

28 тамызда S&P Global Ratings агенттігі ЦентрКредит Банкі рейтингін «Тұрақты» болжамнан «Позитивті» болжамға дейін өзгертті. Агенттік Банктің ұлттық шкала бойынша рейтингін «kzA+» деңгейінен «kzAA-» деңгейіне дейін көтерді. Сонымен қатар ЦКБ эмитентінің ұзақмерзімді және қысқамерзімді кредит рейтингтері «BB/B» деңгейінде расталды.

Банктің операциялық көрсеткіштері тұрақты. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза пайда 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 70%-ға өсті. Меншікті капиталдың рентабельдігі (ROE) соңғы бірнеше жыл ішінде орта есеппен тұрақты түрде 35%-дан асып отырды (2025 жылдың бірінші жартыжылдығында — 43%).

25 тамызда ЦКБ S&P Global агенттігінен жаңартылған ESG бағасын алды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға жақсарып, 61 балдан 75 балға дейін өсті. Бұл банктің тұрақты даму саласындағы айтарлықтай ілгерілеуін растайды.

Осы жылғы шілде айында банк ҚНРДА талаптарына, сондай-ақ халықаралық GRI, SASB, IFRS S1 және S2 стандарттарына сәйкес әзірленген өзінің қаржы саласынан тыс екінші есебін ұсынды. Құжат ашылатын ақпараттың ауқымын кеңейтіп, ESG-тәсілдердің жүзеге асырылуын жан-жақты көрсетуге мүмкіндік берді.

ЦКБ көлемі жағынан Қазақстандағы үшінші коммерциялық банк болып саналады. 2025 жылғы 1 шілдедегі жай-күй бойынша оның нарықтағы үлесі жиынтық активтер бойынша шамамен 11%, ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 12%. 2025 жылғы тамыз айының басында банк мемлекеттен алынған көмектің барлығын мерзімінен бұрын өтеді.

ҚР ҚНРДА 03.02.2020ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия

Өзге жаңалықтар
Алаяқтардан қалай қорғануға болады: кеңестер мен маңызды байланыс нөмірлері
Жаңа қорғаныс шаралары: банк деректерін үшінші тұлғаларға бергені үшін белгіленетін қылмыстық жауапкершілік
2025-11-10 10:40:00
#BlackEdition: оле-оле-оле!
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді