Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Жаңалықтар 2025-04-28 15:50:00

ҚБТУ-да ЦКБ қолдауымен ақпараттық қауіпсіздік бойынша CTF турнирі өтті

2025 жылғы 26 сәуір күні Алматыда ЦентрКредит Банкі мен Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) қолдауымен Infosecday 2025 атты ақпараттық қауіпсіздік бойынша CTF турнирі өтті. Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен және Қырғызстаннан келген 180-нен астам студент пен жас маман қатысты. Қатысушылар ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсетуге бірегей мүмкіндік алды.

Infosecday аясында өткен CTF турнирінде қатысушылар ақпараттық қауіпсіздікке қатысты нақты тапсырмаларды шешті. Олардың қатарында осалдықтарды талдау, криптография және бағдарламалық қателерді пайдалану сияқты күрделі міндеттер болды. Турнирдің жүлде қоры – 1 миллион теңге.

«Іс-шараның мақсаты — студенттерді біріктіру және бағдарламалық жасақтаманы қауіпсіз әзірлеудің маңызын түсіндіру. Қауіп-қатерлер санының артуы жағдайында деректерді қорғау аса өзекті бола түседі. Бұл ретте өнімді жоспарлаудан бастап оны өндірістік ортаға енгізуге дейінгі барлық кезеңде бағдарламалық өнімдерді қалай қауіпсіз әзірлеуге болатынын түсіну маңызды. CTF турниріне қатысу практикалық дағдыларды дамытуға, командалық жұмысты жақсартуға және стратегиялық ойлауды қалыптастыруға көмектеседі. Біздің мақсатымыз — болашақ мамандар арасында қауіпсіз әзірлеу мәдениетін қалыптастыру. ЦентрКредит Банкі білім мен жас таланттарды белсенді қолдайды, себебі студенттер — бұл саланың келешегі», — деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Дмитрий Шапошников.

Сонымен қатар іс-шара аясында саланың жетекші сарапшылары сөз сөйлеп, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өз тәжірибелері мен білімдерін бөлісті. Спикерлер қазіргі қауіп-қатерлер, деректерді қорғау әдістері және бағдарламалық жасақтаманы қауіпсіз әзірлеу дағдыларын дамытудың маңыздылығы туралы айтты. Олардың баяндамалары іс-шараның маңызды бөлігіне айналып, қатысушыларға кәсіби дамуға қажетті құнды білім берді.

«Ең алдымен, студенттерге арналған осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін ЦентрКредит Банкіне алғыс айтамыз. Бүгінгі Infosecday — бұл командалар арасындағы жарыс қана емес, сонымен қатар жас мамандар мен өз саласының кәсіби мамандары арасында тәжірибе алмасу алаңы. Қатысушылар болашақ кәсіби өсуіне көмектесетін құнды инсайттар ала алады. Соңғы жылдары ақпараттық қауіпсіздік саласын таңдайтын студенттердің саны артып келеді, ал мұндай іс-шаралар олардың кәсіби дамуына бастар маңызды қадамға айналып отыр», — деп атап өтті ҚБТУ Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің деканы Азамат Иманбаев.

Infosecday 2025 турнирінің жеңімпаздары анықталды: 1-орынды AITU және Satbayev University студенттерінен құралған Friends Team командасы иеленді, 2-орын — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Mimicats командасына, ал 3-орын — Инновациялық техникалық колледждің Arrsi командасына бұйырды. Командалар ақпараттық қауіпсіздік саласындағы тапсырмаларды, соның ішінде осалдықтарды талдау мен криптография бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

ЦентрКредит Банкі ерекше көзге түскен әрі дарынды студенттерге компанияда тағылымдамадан өту мүмкіндігін ұсынады. Бұл қатысушыларға ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мансабын бастауға және елдегі жетекші қаржы ұйымында практикалық тәжірибе алуға бірегей мүмкіндік береді.

Өзге жаңалықтар
2025 жылдың 12 ақпанынан бастап "Касса 24 (Astana Plat)" комиссия алады
Атырау қаласындағы №0206 бөлімшесінің кассаларының уақытша жабылуы
2025-04-29 14:40:00
2025 жылғы 29 сәуірде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды