Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар 2026-05-06 14:20:00

ISO 20022-ге көшу: валюталық төлемдердің жаңа стандарты

2026 жылғы 8 мамырдан бастап ЦентрКредит Банкі жаһандық өзгерістер аясында төлем ақпаратын алмасудың жаңа стандарты – ISO 20022-ге көшеді. Бұл стандарт бұрын қолданылған SWIFT MT форматын алмастырады және мәліметтерді неғұрлым нақты әрі құрылымдалған түрде жіберуге мүмкіндік береді.

ISO 20022 – бұл бүкіл әлемдегі банктер мен төлем жүйелері қолданатын бірыңғай халықаралық қаржылық хабарлама тілі. Жаңа формат төлем туралы көбірек ақпарат беруге мүмкіндік береді, қателер мен кері қайтарылған төлемдер санын азайтады, сондай-ақ халықаралық аударымдардың жылдамдығын арттырады.

Жаңа стандартқа көшуге байланысты валюталық аударымдарды ресімдейтін кезде келесі: бенефициардың резиденттік елі және алушының толық мекенжайы (елі, қаласы, көшесі, үйі нөмірі және т.б.) қосымша мәліметтерді көрсету қажет болады. Вcc.kz қолданбасында бұл өрістер міндетті түрде толтырылуы тиіс.

Алдын ала төлеуші мен алушының деректемелерінің дұрыстығын тексеруді, сондай-ақ ақша алушыдан толық мекенжайын нақтылап алуды ұсынамыз. Жаңа стандартқа өтетін кезеңде уақытша техникалық шектеулер болуы мүмкін, соның ішінде жүйе немесе кейбір қызметтердің қысқа уақытқа қолжетімсіз болуы ықтимал.

ISO 20022-ге көшу халықаралық ақша аударымдарын жылдам, нақты және түсінікті етеді. Сонымен қатар, ол әлемдегі барлық банктерге ортақ бірдей ақпарат алмасу ережесін енгізеді.


Өзге жаңалықтар
Алаяқтардан қалай қорғануға болады: кеңестер мен маңызды байланыс нөмірлері
Жаңа қорғаныс шаралары: банк деректерін үшінші тұлғаларға бергені үшін белгіленетін қылмыстық жауапкершілік
2026-05-05 12:00:00
Халықаралық аударымдарға ISO 20022
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді