Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар 2026-02-26 10:45:00

2026 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке кәсіпкерлерге қолданылатын салық режимдері: не өзгерді және бизнес не істеуі керек?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін ЖК-лерге қолданылатын арнаулы салық режимдерінің (АСР) жекелеген түрлері бойынша жаңартылған ережелер күшіне енді. Төменде негізгі өзгерістер және бизнеске арналған практикалық чек-парақ ұсынылады.

1. 2026 жылы АЕК мөлшері – 4 325 ₸.

2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимі үшін төлемдер мобильді қолданба арқылы есепке алынады/есептеледі, чек беру міндетті.

3. Жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін ЖК үшін 910.00 нысаны бойынша жартыжылдық мерзім (15/25 тамыз және 15/25 ақпан) сақталады.

4. B2B сегментінде жеңілдетілген режимде жұмыс істейтін жеткізушілермен есеп айырысқан кезде КТС бойынша шегерімдерге қатысты маңызды шектеу енгізіледі.

5. ҚҚС және ЭШФ бойынша жеңілдетілген режим бойынша жаңа ережелер енгізіледі: ЭШФ «ҚҚС-сыз» ресімделеді және режимге өткен кезде ҚҚС бойынша есептен алып тастау тәртібіне қатысты талаптар қойылады.

1) Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қолданылатын АСР: есепке алу, чек және төлем мерзімдері

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимінде:
  • салық салу объектісі – күнтізбелік айдағы табыс, бұл табыс кассалық әдіспен (нақты алу бойынша) есепке алынады.
  • ЖТС пен әлеуметтік төлемдерді есептеу мобильді қолданба арқылы жүргізіледі, төлемді қолма-қол ақшалай да, қолма-қол ақшасыз да қабылдауға болады, алайда әрбір төлем бойынша чек қалыптастыру міндетті.
  • төлем мерзімдері: ЖТС – есепті айдан кейінгі айдың 15-іне дейін; әлеуметтік төлемдер – есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін.

2) Жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін ЖК: шекті көрсеткіштер мен дедлайндар

  • 910.00 нысаны бойынша салық кезеңі – жартыжылдық.
  • бухгалтерлік есеп жүргізілмеген кезде қойылатын талап – жылдық айналым 135 000 АЕК-тен аспауы тиіс (2026 ж. 583 875 000 теңге).
  • 910.00 нысанын тапсыру/төлеу мерзімдері:
  • 1-жартыжылдық: тапсыру 15 тамызға дейін; төлеу 25 тамызға дейін.
  • 2-жартыжылдық: тапсыру 15 ақпанға дейін; төлеу 25 ақпанға дейін.

3) B2B сегменті: ШОБ-тан сатып алған кездегі КТС шегерімдері

  • 2026 жылдан бастап жалпыға бірдей белгіленген режимде (ЖБР) жұмыс істейтін компанияларға арналған жаңа талап күшіне енді:
    жеңілдетілген салық режимін қолданатын ШОБ-пен жасалған мәмілелер бойынша шығындар КТС шегеріміне жатқызылмайды (КТС бойынша салық базасын азайтпайды).
  • Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ды қолданатын тұлғалармен жасалған мәмілелер бойынша шегерімге қатысты шектеу жоқ.

4) Жеңілдетілген салық режимі бойынша ҚҚС және ЭШФ, ескерілетін жайт

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • жеңілдетілген салық режимінде жұмыс істейтін салық төлеушілер тауарлар мен қызметтерді өткізу айналымы бойынша ҚҚС төлеуші болып танылмайды. Егер кәсіпкер бұрын ҚҚС төлеуші болған болса және жеңілдетілген режимге өтсе, онда: ҚҚС бойынша есептен шығуы; тауар қалдықтары бойынша тарату есептілігін тапсыруы тиіс.
  • жеңілдетілген режимде ЭШФ-ны «ҚҚС-сыз» белгісімен ұсыну міндеті сақталады. Бұл ретте таныстырылымда ерекше жағдайлар да бар (мысалы, электронды төлем жасалған және/немесе БКМ чегі болған/арнайы қолданба арқылы ресімделген кезде жеке тұлғаларға сатуға қатысты жеке талаптар белгіленген).

Бизнес дәл қазір не істеуі керек?

Егер сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған болсаңыз:

  • Табыс есебінің (кассалық әдіс) дұрыстығын және барлық төлем бойынша чек қалыптастырылуын тексеріңіз.
  • Төлем мерзімдерін бақылауға алыңыз: ЖТС келесі айдың 15-іне дейін, әлеуметтік төлемдер 25-іне дейін.
  • Сіздің мәртебеңіз режим талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз (ЖК тіркелмеген жеке тұлға).

Егер сіз жеңілдетілген салық режимде жұмыс істейтін ЖК болсаңыз:

  • 910.00 нысаны бойынша есеп тапсыру күнтізбесін бекітіңіз: 15/25 тамыз және 15/25 ақпан.
  • Айналым лимитін (135 000 АЕК) және табыс есебінің дұрыстығын тексеріңіз.
  • ЭШФ-ның «ҚҚС-сыз» шығарылуын теңшеңіз және ерекшеліктерге жататыныңызды не жатпайтыныңызды анықтаңыз.
  • Егер бұрын бөлшек салықтың АСР-ын қолданған болсаңыз, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында хабарлама беріңіз. Әйтпесе автоматты түрде ЖБР-ге ауысу қаупі бар.

Егер сіз ШОБ-тан сатып алатын ЖБР-де жұмыс істейтін компания болсаңыз:

  • Жеткізушілерді қайта қарап шығыңыз: жеңілдетілген режимдегі контрагенттерді айқындап, КТС бойынша шегерім шектеуінің мәміле экономикасына әсерін бағалаңыз.
  • Шарттар мен сатып алу регламенттеріндегі жеткізушінің салық режимі құжаттарына/растауларына қойылатын талаптарды жаңартыңыз.
Өзге жаңалықтар
Алаяқтардан қалай қорғануға болады: кеңестер мен маңызды байланыс нөмірлері
Жаңа қорғаныс шаралары: банк деректерін үшінші тұлғаларға бергені үшін белгіленетін қылмыстық жауапкершілік
2026-02-26 10:40:00
POS-терминал бойынша тарифтерді өзгерту туралы хабарлама
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді