2024 жылғы 11 желтоқсанда Алматыда TURAQTY JOL ұлттық әлеуметтік эконауқанының V мерейтойлық циклінің қорытындысы таныстырылды. Жоба 20 000-нан астам адамды және 3 500 тікелей қатысушыны қамтыды. Науқан аясында байқауға 400-ден астам өтінім келіп түсті, 100-ден астам көшет отырғызылды және қайта өңдеуге жіберілген 4 тонна қалдық жиналды.
Іс-шараға экология, орнықты даму және медиасфера саласындағы жетекші сарапшылар, бизнес, қаржы секторы өкілдері және экологиялық стартаптардың авторлары қатысты. Талқылау барысында білім беру саласына және қоғамдық тәжірибеге экологиялық қағидаттарды енгізу мәселелері, сондай-ақ орнықты даму бағытындағы алдағы қадамдар туралы тақырыптар қозғалды.
Табыстың жарқын оқиғаларының бірі Carbonick экологиялық идеялар фестивалі жеңімпаздарының командасы болды. Команданың өкілі Фатима Бакирова: «TURAQTY JOL-дың арқасында біз жасыл сутегін өндіру бойынша жобаны әзірлеуді бастадық, бұл жобаны 2024 Invention Convention China халықаралық фестивалінде ұсындық», – деп атап өтті.
Жобаны іске асыруда серіктестер тарапынан қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Экологиялық науқанның бас серіктесі ЦентрКредит Банкі орнықты даму ссаласындағы бастамаларды іске асыруға белсенді түрде ықпал етеді. ЦентрКредит Банкінің орнықты даму жөніндегі дирекциясының (ESG) басшысы Арнур Ибраев: «ЦентрКредит Банкі климаттық стратегияның міндеттерін іске асыра отырып және жауапты кредит беру қағидаттарын ұстана отырып, өз қызметіне орнықты даму қағидаттарын белсенді түрде ықпалдастырады. Мұндай тәсіл реттеушінің талаптарына сәйкес келіп қана қоймай, халықаралық қаржы институттарынан қор жинауға жағдай жасай отырып, банктің нарықтағы позициясын нығайтады. Біз үшін бұл заманауи стандарттарға сәйкес келу ғана емес, сонымен қатар клиенттер мен серіктестерге жаңа мүмкіндіктер ашатын едәуір бәсекелестік артықшылық».
Іс-шараны қорытындылай келе, ұйымдастырушылар келесі жылға жоспарларымен бөлісті. Экологиялық науқан аясында Республикалық ғылым мен шығармашылық синергиясы фестивалін, сондай-ақ экологиялық мәселелерге назар аудару үшін жас мамандарды даярлауға көмектесетін Ecomedia Camp сияқты жаңа бастамаларды іске қосу жоспарланып отыр.