Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) салық салу ережесіне өзгерістер енгізілді.
2025 жылғы 15 шілдедегі №208-VIII ҚР Заңымен Салық кодексінің 48-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізілді. Негізгі өзгеріс — БЗТ түрінде кірістерге стандарт салық шегерімдерін қолдану бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды.
Егер сіз 2021 жылғы 1 қаңтар мен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында БЗТ алған болсаңыз және стандарт шегерімдерді қолдануға құқығы бар тұлғалар санатына жатсаңыз (ҚР СК 346-бабының 1-тармағының 2 және 3-тармақшалары), бірақ шегерімдерді толық қолданбаған болсаңыз — 2025 жылдың соңына дейін БЗЖҚ-ға өтініш беріп, растайтын құжаттарды (БЗЖҚ автоматты түрде алатын құжаттарды қоспағанда, мысалы, мүгедектік туралы мәліметтер) ұсына аласыз.
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді, оған сәйкес:
ҚР жеке тұлға резиденттеріне БЗЖҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ), жеке табыс салығынан (ЖТС) толық босатылады.
ҚР бейрезиденттері бойынша ЖТС ұстау сақталады.
01.01.2026 жылғы жай-күй бойынша кейінге қалдырылған ЖТС бойынша барлық міндеттеменің күші жойылады.
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енгенге дейін БЗТ бойынша 10% ЖТС қолданыстағы нормаларға сәйкес (01.01.2026 жылдан бастап күшін жоятын Салық кодексі) ұсталады. Кейінге қалдырылған ЖТС ай сайын тең үлестермен 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ұсталады (353-1-бап, 2-тармақ, 2-тармақша) немесе алушы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса (353-1-бап, 6-тармақ), төлемдер еңбек сіңірген жылдары үшін жүргізілсе (353-1-баптың 7-тармағы), «ЖТС-ны біржолғы ретпен ұстап қалу» тәсілі таңдалған болса, біржолғы түрде ұсталады.
Зейнетақы жинақтарымен операция жүргізген кезде осы өзгерісті ескеруді сұраймыз.
Біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) салық салу ережесіне енгізілген өзгерістер туралы толығырақ: https://www.enpf.kz/ru/