Орта бизнес бойынша кредиттік тәуекелдерді бағалау бағыты
Сіздің міндеттеріңіз:
- Клиенттердің кредит төлеуге қабілеттілігін талдау:
- Орта бизнес клиенттерінің қаржылық жағдайына кешенді талдау жасау.
- Қаржылық есептілікті, бухгалтерлік құжаттарды және өзге де ақпарат көздерін талдау.
- Кредиттік тәуекелдерді бағалау:
- Кредиттік тәуекелдерді бағалау модельдерін әзірлеу және қолдану.
- Дефолт ықтималдығын және кредит бойынша шығындарды анықтау.
- Кредиттік ұсыныстарды дайындау:
- Кредиттік лимиттер мен кредиттеу талаптары бойынша ұсыныстарды қалыптастыру.
- Кредит комитетіне арналған есептер мен таныстырылымдарды дайындау.
- Кредиттік портфельге мониторинг жүргізу:
- Кредиттік портфельдің жай-күйін үнемі бақылау және ықтимал тәуекелдерді анықтау.
- Қарыз алушылардың қаржылық жағдайындағы өзгерістерді және олардың кредиттік тәуекелдерге ықпалын талдау.
- Басқа бөлімшелермен бірлесіп әрекет ету:
- Ішкі және сыртқы нормалардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тәуекел-менеджмент, заң және комплаенс бөлімдерімен бірлесе әрекет ету.
- Клиенттердің қажеттіліктерін түсіну және оларға оңтайлы шешімдер ұсыну үшін бизнес бағыттармен жұмыс жүргізу.
Біздің сізден күтетініміз:
- Жоғары экономикалық және/немесе техникалық (математикалық) білімі.
- Банктік саладағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл.
- Кредит беру процестерін, кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жүргізуді, кәсіпорын қызметінің қаржылық жағдайын талдауды және инвестициялық жобаларды талдауды білу.
- Microsoft Office бағдарламаларында жұмыс істеу дағдылары болу.
- Банктің барлық кредиттік операциялары мен кредиттеу процедураларын білу.
- Нормативтік құқықтық құжаттарды және ҚР банк заңнамасын білу.
- Банк қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді білу.
- Қарым-қатынас жасау, командада жұмыс істей білу, ынталы, жоғары іскерлік және жеке қасиеттері болу.