Бүгін сауда жасап, 180 күнге дейін пайызсыз төлеңіз
Кредит картасы бойынша негізгі борыш 180 күн ішінде (жеңілдік кезеңі аяқталғанға дейін) өтелсе, пайыз есептелмейді. Осы кезде жасалған барлық сатып алу қолданыстағы жеңілдік кезеңіне қосылады – қарыз өтелгенше ол жалғыз болады.
Қолма-қол ақша алу және аударымдар үшін жеңілдік кезеңі қолданылмайды – пайыз бірінші күннен бастап есептеледі. Жаңа жеңілдік кезеңін ашу үшін борышты толық өтеу қажет
Қолма-қол ақша алу немесе аударым жасау кезінде, тіпті ЖК қолданыста болатын кезең ішінде, пайыз тек алынған/аударылған сомаға есептеледі. ЖК ішіндегі барлық саудаға пайыз есептелмеуі үшін кредит картасы бойынша борышты 180 күн ішінде толықтай өтеу қажет
180 күн өткен соң негізгі борыш өтелмесе, келесі айда ЖК ашылған күннен бастап есептелген пайыз есептен алынады. Одан кейін пайыз ай сайын есептеледі
Берешек мерзімі кешіктірілген (ЕАТ енгізілмеген) кезде жеңілдік кезек мерзімінен бұрын аяқталады, ал пайыз ЖК ашылған күннен бастап есептеледі. Жаңа ЖК ашу үшін кредит картасы бойынша борышты толықтау өтеу қажет

Ақшаңызды депозитке салып қойыңыз, ал күнделікті шығындарға #180 картасын қолданыңыз. Ақшаңыз жұмыс істеп, сізге кіріс әкеле береді
#180 картасымен банк қаражатын жарты жыл бойы пайызсыз пайдалануға болады. Жоспарлы немесе күтпеген шығын үшін өте ыңғайлы
Шұғыл түрде бір нәрсе сатып алу қажет болса, өз ақшаңыздың орнына #180 картасын қолданыңыз. 3 млн ₸ дейінгі лимит жинақ ақшаңызды сақтауға көмектеседі
#180 картасымен төлеңіз, ал өз ақшаңызды депозитте сақтаңыз. Қаржыны басқарудың ақылды жолы
Карта санаты | кредит картасы |
Карта түрі | цифрлық |
Валютасы | KZT |
Картаның қолданыс мерзімі | 5 жыл |
Картаны шығару | 0 ₸ |
Ай сайын қызмет көрсету | 0 ₸ |
Кредит лимиті | 3 000 000 ₸ дейін |
Пайызсыз жеңілдікті кезең | 180 күнге дейін |
Картаны қайта шығару | қолданыс мерзімі аяқталған соң – 0 ₸ |
ЦентрКредит Банкінің банкоматтарынан қолма-қол ақша алу | айына 500 000 ₸ дейін — 0% |
Қазақстандағы басқа банктердің банкоматтарынан қолма-қол ақша алу | айына 300 000 ₸ дейін — 0% |
bcc.kz қолданбасында картаға ақша аудару | жеке ақша — 0% |
Басқа банкке ақша аудару | айына 300 000 ₸ дейін — 0% |
Картаны bcc.kz мобильді қолданбасы арқылы ашуға болады.
Жоқ, карта тек виртуалды форматта ұсынылады.
Қазіргі уақытта картаны Қазақстан Республикасының резиденттері ғана пайдалана алады.
Картаны жабу үшін банк бөлімшесіне бару қажет.
#180 картасы – бұл қолма-қол ақшасыз сауда жасауға (Retail-транзакциялар) арналған, 180 күндік жеңілдікті кезеңі бар кредит картасы.
Жеңілдікті кезеңді сақтау үшін:
- ай сайын негізгі борыштың кемінде 5%-ын төлеңіз;
- Cash-транзакциялар (бар болса) бойынша пайызды төлеңіз;
- 180 күннің соңында жеңілдікті кезең аясында пайдаланылған қарызды толығымен өтеңіз.
- Осы талаптар орындалған кезде ритейл-транзакциялар бойынша пайыз есептелмейді.
Үзінді көшірмені банк бөлімшесі арқылы алуға болады.
Жоқ, бұл карта бойынша сақтандыру қарастырылмаған.
Ең төменгі төлем — бұл ай сайын төленуі қажет міндетті сома. Ол негізгі борыштың 5%-ын және карта бойынша есептелген сыйақыны қамтиды. Төлемді белгіленген мерзімге дейін жасау қажет.
Берешек сомасы ұсынылғаннан кейін сізге ең төменгі төлемнің мөлшері мен төлеу мерзімі көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Қазіргі уақытта кредит лимитін арттыру қарастырылмаған, бірақ болашақта мұндай мүмкіндік жоспарланып отыр.
Ұсынылатын төлем (міндетті емес төлем) — бұл ең төменгі төлемнен жоғары сома, ол қарызды біркелкі өтеуге және жеңілдікті кезеңнің соңғы айындағы жүктемені азайтуға көмектеседі.
Қарыз толық өтелмеген жағдайда, жеңілдікті кезең аяқталған соң ол ашылған күннен бастап бүкіл кезеңге пайыз есептеледі.
Егер төлем мерзімі кешіктірілсе, жеңілдікті кезең тоқтатылады,
және ол ашылған күннен бастап берешектің барлық сомасына пайыз есептеледі.
Иә, көбірек соманы енгізуге болады, ол берешекті ішінара мерзімінен бұрын өтеуге жұмсалады.
Жоқ, төлем мерзімін кешіктірген жағдайда, жеңілдікті кезең тоқтатылады. Жаңа жеңілдікті кезеңді ашу үшін қазіргі берешектің барлығын, соның ішінде кешіктірілген төлем мен мерзімін кешіктіру басталған күнге дейін есептелген пайызды толық өтеу қажет.
Жеңілдікті кезең — бұл банк кредит лимитін пайдаланғаныңыз үшін пайыз есептемейтін уақыт кезеңі.
Жеңілдікті кезеңді сақтау үшін ай сайын ритейл-транзакциялар бойынша негізгі борыштың кемінде 5%-ы көлемінде ең төменгі төлемді төлеу қажет, сондай-ақ, егер бар болса, кэш-транзакциялар бойынша есептелген сыйақыны өтеу қажет. Жеңілдікті кезең аяқталғанға дейін барлық қолданылған қарыз толық өтелуі тиіс.
Жоқ, 180 күндік жеңілдікті кезең ашылған сәттен басталады
және қарыз толық өтелгенге дейін барлық кейінгі транзакцияларға қатысты қолданылады.
Жеңілдікті кезең ритейл-сауда жасау үшін сақталады, алайда алынған қолма-қол ақша сомасына пайыз есептеле бастайды. Тек осы бөлікті өтеу мүмкін емес, себебі берешекті өтеген кезде FIFO принципі қолданылады — бірінші кезекте ең алғашқы операциялар өтеледі. Жаңа жеңілдікті кезеңді ашу үшін бүкіл берешекті толық өтеу қажет.
Иә, сіз бүкіл қарызды мерзімінен бұрын өтей аласыз. Бұл жағдайда қолданыстағы жеңілдікті кезең аяқталады және келесі сауда жасаған кезде жаңа жеңілдікті кезең басталады.
Сізге жеңілдікті кезеңнің ашылғанын растайтын және оның аяқталатын күні көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Иә, хабарлама жеңілдікті кезең сәтті аяқталған кезде де, оның талаптары сақталмаған жағдайда да жіберіледі.
Карта бойынша бөліп төлеу қарастырылмаған. Алайда 180 күндік жеңілдікті кезең қарастырылған, осы кезең ішінде сіз ұсынылған төлемдерді төлеп, берешекті біртіндеп өтей аласыз.