Мемлекет қолдауымен оқуға ақша жинаңыз
Жылына қосымша 7% мемлекеттік сыйақы алуға құқығы бар басым салымшылар:
Мөлшерлеме | 13,2% (СЖТМ 14,0%) |
Салым мерзімі | 36 ай |
Салым валютасы | KZT |
Ең кіші салым сомасы | 1 000 KZT |
Сыйақыны төлеу кезеңділігі | Ай сайын |
Қосымша жарналарды қабылдау | Рұқсат етіледі |
Ішінара алу | Қарастырылмаған, оқу мекемесінің шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы қаражатты мақсатты алып қою жағдайларын қоспағанда |
Мерзімін автоматты ұзарту мүмкіндігі | Рұқсат етіледі (ең көп дегенде 6 рет) |
Шартты мерзімінен бұрын бұзу мүмкіндігі | Салымшының талабы түскен сәттен бастап 7 күнтізбелік күннен кешіктірмей. Мемлекет сыйлықақысын сақтамай:
|
ҚР Азаматтық Кодексі бойынша депозит (салым) түрі | Мерзімді депозит |
Депозит (салым) бойынша кепілдіктің ең жоғары (шекті) сомасы | Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 000 000 теңге |
"Қаржы орталығы" АҚ МБЖЖ аясында келісім жасасқан оқу орындарының тізімі |
Мемлекет сыйлықақысын есептеу | Ең аз жинақтау мерзімі 1 жыл болғанда 1 қаңтардағы нақты жинақталған қалдыққа жыл сайын есептеледі. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына капиталдандырылады. Мемлекет сыйлықақысын есептеу бойынша ең ұзақ мерзім – 20 жыл |
Мемлекет сыйлықақысының мөлшері | Жылдық 5%, бірақ 100 АЕК-тен аспайды; салымшылардың басым санаты үшін* – жылдық 7%, бірақ 100 АЕК-тен аспайды |
"Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі бойынша 5 жастағы балаларға арналған Бастапқы білім беру капиталы (ББК) | Ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған салымшыға біржолғы түрде есептеледі:
|
Бастапқы білім беру капиталын қабылдау |
|
Міндетті ең аз жарна (ББК-ні сақтау үшін) | Ата-аналардың жыл сайынғы жарнасы – бастапқы білім беру капиталын сақтаудың міндетті талабы: |
AQYL — бұл ҚР азаматы өз атына немесе баласының атына аша алатын білім беру жинақтау салымы. Осы салымдағы қаражатты Қазақстанда және шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім беру ақысын төлеу үшін пайдалануға болады.
bcc.kz арқылы онлайн
bcc.kz қолданбасын жүктеп алып, тіркеліңіз
Басты беттен Жаңа шот немесе өнім блогын таңдаңыз -> Депозит ашу -> AQYL
ҚР азаматтары өз атына немесе баласының атына аша алады.
Салымшының білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген қолданыстағы бір ғана салым шарты болуы мүмкін.
Толықтыру жолдары:
1. bcc.kz қолданбасында онлайн өз шоттарыңыз арасында ақша аудару бөлімінде. Ақша әп-сәтте түседі.
2. Kassa24 жүйесі, Cash-in банкоматтары және ЦентрКредит Банкінің АТТ арқылы. Ол үшін салымшының ЖСН мен шоттың соңғы төрт санын енгізу қажет. Ақша 15 минутта түседі, ең көп сомасы – 1 терминалға 500 000 теңге (40 купюра).
3. біздің банкіміздің бөлімшесіндегі касса арқылы қолма-қол ақшамен. Бұл жағдайда үшінші тұлға толықтыра алады.
Сыйақы мына формула бойынша есептеледі:
салым сомасы X айына салым бойынша пайыз есептелген күндер саны X номиналды пайыздық мөлшерлеме / 365 күн.
Иә, ЦентрКредит Банкі – ҚР жеке тұлғаларының депозиттеріне міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы.
ҚР Заңына сәйкес салымшыларға ұлттық валютамен ашылған депозит бойынша кепілдікті өтеу мөлшері:
● 10 000 000 ₸ — мерзімді депозит бойынша
● 20 000 000 ₸ — жинақ депозиті бойынша
● ең көбі 5 000 000 ₸ — шетел валютасымен ашылған депозит бойынша
Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша нақты жинақталған қалдыққа жылдық 5% және 7% мөлшерінде, бірақ 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде есептеледі. Бұл ретте жинақтаудың ең аз мерзімі – 1 жыл. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына капиталдандырылады. Мемлекет сыйлықақысын есептеу бойынша ең ұзақ мерзім – 20 жыл.
Жылдық 7% мөлшеріндегі мемлекет сыйлықақысы басым санатқа жатқызылған салымшылардың пайдасына ашылған депозиттерге есептеледі:
1) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде кәмелетке толған балалар, бірақ әрі кеткенде 23 жасқа толғанға дейін;
2) мүгедектер;
3) төрт және одан көп баласы бар көпбалалы отбасылардан шыққан балалар;
4) аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар.
Жылдық 5% мөлшеріндегі мемлекет сыйлықақысы халықтың қалған санаттарының депозиттеріне есептеледі.
AQYL депозитінен білім беру қызметтерінің ақысы банк бөлімшесіне растайтын құжаттарды ұсынған кезде салымшының өтініші бойынша банк бөлімшесінде төленеді.
ҚР-да білім беру ақысын төлеу:
- Білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт
- Төлем құжаты
Шетелде білім беру ақысын төлеу:
- Білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт
- Төлем құжаты
- Шетелдік оқу орнына қабылданғаны туралы құжат
(егер құжат шет тілінде болса, нотариатты куәландырылған аудармасымен)
Шетелдік ЖОО-ға түскені туралы құжаттар ұсынылғаннан кейін (төлем бірнеше бөлікпен немесе толығымен жүзеге асырылады) және алғашқы төлем жасалған соң, депозит мемлекеттік сыйлықақы төлеуден шығарылады. Депозит автоматты түрде жабылады, қалдық болған жағдайда, ол депозит бойынша ағымдағы шотқа төленеді.
«AQYL» депозитінен бүкіл оқу кезеңіне төлем жүргізгеннен кейін, салымшы немесе оның заңды өкілі мемлекет сыйлықақысын сақтай отырып, осы соманы алуға құқылы.
AQYL депозитіндегі қаражатқа мүлікке иелік етуге уақытша шектеу қоюға, мүлікпен мәміле жасауға және басқа операция жүргізуге шектеу қоюға, сондай-ақ ақшаға тыйым салуға немесе өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
1) 20 жыл өткен жағдайда;
2) салым шартының қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда;
3) салымшы қайтыс болған; сот салымшыны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған, не қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап.
1) салым шарты салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелер пайдалану мақсаты сақталмай тоқтатылған жағдайда;
2) салымшы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік жыл өткен, егер осы үш жыл ішінде салымшы оқудан шығарылған білім беру ұйымына қайта қабылданбаған не басқа білім беру ұйымына оқуға түспеген жағдайда;
3) жинақтау мерзімі 1 жылдан аз болған кезде мемлекет сыйлықақысының төлену фактісі анықталған жағдайда;
4) салымшының ҚР азаматтығын жоғалтқан жағдайда;
5) мемлекет сыйлықақысының артық есептелу фактісі анықталған жағдайда.
ББК ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған салымшыға 60 АЕК, жетім балаларға – 120 АЕК мөлшерінде есептеледі:
1) ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 қаңтардан бастап 30 маусымға дейін (қоса алғанда) 5 жасқа толған балаларға – ағымдағы күнтізбелік жылғы 31 тамызға дейін;
2) ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) 5 жасқа толған балаларға және ағымдағы жылы 5 жасқа толған, бірақ бастапқы білім беру капиталы есептелмеген балаларға – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылғы 28 ақпанға дейін.
Бір салымшыға ББК-ні қайта есептеуге жол берілмейді.
ББК ең төменгі жарнаны жыл сайын енгізген кезде салымда сақталады.
Салым бойынша ең төменгі жарна жыл сайын ББК есептелген күннен бастап және салымшы он сегіз жасқа толғанға дейін не ол қатысушы-білім беру ұйымына немесе шетелдік білім беру ұйымына қабылданғанға дейін енгізіледі.
Басым санатқа жатқызылған салымшылар үшін жыл сайынғы ең төмен жарнаның мөлшері:
1) мүгедек балалар мен жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардан шыққан балалар үшін – кемінде 12 АЕК;
2) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жалпы орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанында білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға олар кәмелетке толғаннан кейін оқу орнын бітіретін уақытқа дейін, бірақ әрі кеткенде жиырма үш жасқа толғанға дейін – бір отбасының балаларына арналған барлық салым немесе сақтандыру шарты бойынша жиынтығында кемінде 12 АЕК.
Жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болып саналатын салымшылар жыл сайынғы ең төменгі жарнаны төлеуден босатылады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген басым санаттарға жатпайтын балалар үшін – кемінде 24 АЕК.
Есептелген ББК келесі жағдайларда қайтарылады:
1) салымшының жыл сайынғы ең төмен жарнаны енгізбеу фактісі анықталған жағдайда;
2) салымшы немесе пайда алушы ҚР азаматтығын жоғалтқан жағдайда;
3) салым шарты салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелер пайдалану мақсаты сақталмай тоқтатылған жағдайда.
bcc.kz арқылы онлайн.
18 жасқа толмаған жеке тұлғалар үшін депозитті тек банк бөлімшесінде жабуға болады.
Мемлекеттік сыйлықақы сақталмаған жағдайда:
• салымшының/заңды өкілінің бастамасы бойынша;
• салымшы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап 3 күнтізбелік жыл өткен соң;
• жинақ ақша мерзімі Заңда белгіленген мерзімнен қысқа болған кезде мемлекеттік сыйлықақының төленгені анықталған жағдайда;
• салымшы Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан жағдайда;
• мемлекеттік сыйлықақының артық есептелгені анықталған жағдайда.
Мемлекеттік сыйлықақы сақталған жағдайда:
• барлық оқу кезеңі үшін білім беру қызметтерінің ақысы төленгеннен кейін салымда қаражат қалған жағдайда;
• білім беру гранты тағайындалған жағдайда;
• салымшы қаза болған, сот оны хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп таныған, не қайтыс болды деп жариялаған немесе салымшының денсаулық жағдайына байланысты оқуын жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда.