Балалардың болашақ білім алуына арналған мемлекеттік төлем бағдарламасы
Жыл сайын қаражат «БЖЗҚ» АҚ-тағы жинақ шотқа аударылады.
Төлем «Ұлттық қор – балаларға» арнайы шотына аударылады
2006 жылдан бастап туған Қазақстан азаматтары 18 жасқа толғанда беріледі
2024 жылдан бастап 2006 жылы және одан кейін туған қазақстандықтар Ұлттық қордан төлем алады. Соңғы 18 жылдағы қор кірісінің 50%-ы бағдарлама қатысушылары арасында бөлінеді.
Өтінімді bcc.kz қолданбасы арқылы немесе банк бөлімшесінде беруге болады. Егер өтінімді заңды өкіл (мысалы, қамқоршы) берсе, растайтын құжаттармен банк бөлімшесіне жүгінуі қажет. Өтінімде төлемнің мақсатын көрсету және құжаттарға ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.
Төлемді Ұлттық банк есептейді. Сома барлық қатысушы үшін бірдей және БЖЗҚ-дағы шотқа АҚШ долларымен аударылады. Соманы enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен білуге болады.
Қаражатты Қазақстанда немесе шетелде білім алу ақысын төлеуге, сондай-ақ білім беру депозитін толықтыруға пайдалануға болады. Оқу ақысын төлеу үшін банк бөлімшесіне жүгіну керек. Ал салымды bcc.kz қолданбасы арқылы толықтыруға болады.
Бұл төлем мақсатына байланысты: Қазақстанда білім алу ақысын төлеу үшін оқу орнымен жасалған шарт және төлем құжаты; шетелде білім алу ақысын төлеу үшін шарт, оқу орнына қабылданғанын растайтын құжат және төлем құжаты; білім беру депозиті бойынша бәрін онлайн жасауға болады, құжаттар қажет емес.
Қаражат шотқа түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде пайдаланылуы тиіс. Егер бұл мерзім ішінде үлгермесеңіз, ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.
Егер адам ҚР азаматтығынан шықса, ол төлем алу құқығынан айырылады, ал оның үлесі қалған қатысушылар арасында қайта бөлінеді.
Жоқ, мақсатты төлемдерге салық немесе басқа да шектеулер салынбайды, олар бұғатталмайды.