Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Карталар
Карталар
Кредиттік карта
Дебеттік карталар
Балаларға арналған карта
Зейнетақы картасы
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Кредиттік карта
#картакарта #180
Дебеттік карталар
#bccpay #GoldCard
Балаларға арналған карта
#bccjunior
Зейнетақы картасы
#Үлкенгеқұрмет

TOM / SPOT

Болашақ валюталау күнімен жүргізілетін операциялар

TOM мәмілесі

есеп айырысу мәміле жасалғаннан кейінгі келесі жұмыс күні жүзеге асырылатын белгілі бір валютаны басқа валютаға сатып алу/сату мәмілесі, бұл ретте төлем валютасы, сомасы, бағамы мен күні мәміле жасалған сәтте бекітіледі

SPOT мәмілесі

есеп айырысу мәміле жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күні жүзеге асырылатын белгілі бір валютаны басқа валютаға сатып алу/сату мәмілесі, бұл ретте төлем валютасы, сомасы, бағамы мен күні мәміле жасалған сәтте бекітіледі

Артықшылықтары

Баға туралы хабарлама

Ең жақсы талаптарда валютаны уақытында айырбастаңыз

Комиссия алынбайды

Комиссиясыз сауданың артықшылығы – ең көп пайда, ең аз шығын

Неттинг негізінде жасалатын мәмілелер

Мәміле жасаған кезде шотыңызда толық соманы ұстау талап етілмейді, қамтамасыз ету сомасын (мәміле сомасының 25%-ы) енгізу жеткілікті

Тиімді әрі ыңғайлы

Болашақ валюталау күнімен мәміле жасау мүмкіндігі:
TOM – 1 жұмыс күні
SPOT – 2 жұмыс күні

Ұсынылатын валюта жұптары
USD/KZT, EUR/KZT, RUB/KZT, GBP/KZT.

Тәуекелді төмендету

Банк stop out бағамы түрінде қаржылық қауіпсіздік қорын ұсынады, жоғары нарықтық құбылмалылық жағдайында да тұрақтылық пен бақылауды қамтамасыз етеді

FX ақша айырбастау

bcc.kz қолданбасында тиімді бағам және жылдам ақша айырбастау

Документтер

Инструкция
Толығырақ

Жиі қойылатын сұрақтар

TOM/SPOT өтінімін жұмыс күндері Астана уақытымен сағат 10:30-дан 18:00-ге дейін беруге болады.
Мысалы: Егер сіз SPOT мәмілесін сәрсенбі күні жасасаңыз, мәміле бойынша есеп айырысу жұма күні өтеді. Егер SPOT мәмілесі бейсенбі күні жасалса, ол бойынша есеп айырысу дүйсенбі күні жасалады.

Қолжетімді валюта жұптары: USD/KZT, EUR/KZT, RUB/KZT, GBP/KZT.

Ең аз сомасы - 10 000 USD, ең көп сомасы - 500 000 USD

Комиссия жоқ.

Сіз валюталық жұп пен валюталау күнін таңдағанда, жүйе қамсыздандыру сомасы мен Stop out жабу бағамын сізге автоматты түрде есептеп, көрсетеді. Мәміле жасалған сәтте қамсыздандыру сомасы арнайы шотқа есептен шығарылады және мәміле орындалғанға дейін тоқтатып қойылады.

Стоп-аут (ағылш. stop out) – бұл нарықтағы оқиғалар клиент үшін қолайлы сценарий бойынша дамымаған жағдайда, TOM/SPOT мәмілесін мәжбүрлі түрде жабу.

Егер нарықтағы баға Stop out деңгейіне жетсе, Банк клиенттің ықтимал шығындары мен залалдарын қысқарту үшін TOM/SPOT мәмілесін бір жақты тәртіппен жабады.

Есеп айырысу мәмілені валюталау күні өтеді: егер бұл TOM мәмілесі болса, келесі жұмыс күні, ал егер SPOT мәмілесі болса, мәміле жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күні.

Мәмілені жабудың 2 тәсілі бар:

1. Сіз мәмілені жүйе ұсынған бағам бойынша мәміле жасалғаннан кейін кез келген күні немесе Астана қ. уақытымен сағат 16:00-ге дейін есеп айырысу күні қарсы мәмілемен өз бетіңізше жаба аласыз. Мысалы, егер сіз 200 000 АҚШ долларын сатып алуға мәміле жасасаңыз, сәйкесінше, мәмілені жабу үшін жүйе ұсынған бағам бойынша 200 000 АҚШ долларын сатуға мәміле жасайсыз.

2. Егер сіз мәмілені өз бетіңізше жаппасаңыз, онда ол есеп айырысу күні Астана қ. уақытымен сағат 16:00-де қолданыста болатын FX-ақша айырбастаудың онлайн бағамы бойынша автоматты түрде жабылады.

Мәміле FX-ақша айырбастаудың онлайн бағамы бойынша жабылады.

Өтінімдеріңізді өтінімдер тарихынан көруге болады.

Мәміле бойынша есеп айырысу валюталау күні Астана қ. уақытымен сағат 16:00-ден 17:00-ге дейінгі уақыт аралығында жүргізіледі.

iOS және Android жүйелеріне арналған мобильді қосымша
Смартфоныңызда ақшаны онлайн басқарыңыз
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді