SPO Secondary Public Offering дегенді, яғни акциялардың "қайталама жария орналастырылуын" білдіреді. Анықтамадан бұл операцияның мәні айқын. SPO басталған кезде акционерлік қоғам биржада әлдеқашан ұсынылған. Бұл – компания әлдеқашан акцияларды бастапқы жария орналастыру рәсімінен өткен (IPO-Initial Public Offering) деген сөз.
Компанияның негізі 1996 жылы қаланған. Акциялардың 90% “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ-қа тиесілі.
1 482 ₸
Өтінімдерді қабылдау – 2023 жылғы 16 қазан мен 2 қараша аралығы
2023 жылғы 6 айда –
23 млрд ₸
2014 жылы 25,9 млн акция
1 акция үшін 505 ₸
Standard&Poor’s – BB+/ тұрақты
Moody’s – Ваа2/тұрақты
FitchRatings – BBB-/ тұрақты
Комиссия – 0%
SPO Secondary Public Offering дегенді, яғни акциялардың "қайталама жария орналастырылуын"
білдіреді. Бұл – компания әлдеқашан акцияларды бастапқы жария орналастыру рәсімінен
(IPO-Initial Public Offering) өткен деген сөз. IPO өткізгеннен кейін белгілі бір уақыттан кейін кейбір
акционерлер өздерінің бағалы қағаздарын сатқысы келуі мүмкін. Егер олар
өз пакеттерін ашық нарықта сатуға ұсынатын болса, SPO деген осының дәл өзі болады.
IPO өткізген кезде компания алғаш рет акциялардың ашық нарығына шығады. Биржада бағалы
қағаздарды орналастырудың негізгі мақсаты – бизнесті дамыту үшін қаражат тарту. Қайталама
орналастыруды бастау туралы шешімді ұйым емес, жекелеген акционер немесе акционерлер
қабылдайды. Компания SPO өткізу арқылы free float үлесін арттырады (акционерлердің саны
артып, акциялар өтімді болады)
SPO, KEGOC үшін, компанияға қаржылық позицияларын нығайтуға және энергетикалық инфрақұрылымды
жаңғыртуға және дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін
басым қадамдардың бірі болып табылады. Басты мақсат – активтерді басқару айқындығы мен тиімділігін
түбегейлі түрде арттыру.
KEGOC Қазақстандағы барлық магистральдық желілерге ие, оларсыз еліміздегі электр энергетикасы
секторы толыққанды жұмыс істей алмайды. Бұл - Қазақстан капитал нарығында бәсекелес
табыстылықты қамтамасыз ететін сенімді инвестициялық құрал. Сонымен қатар жаңа реттеушілік
өзгерістерге байланысты, сондай-ақ электр энергиясы нарығының өсіп келе жатқанына байланысты
KEGOC құнының айтарлықтай өсу әлеуеті бар. IPO-ға шыққан сәттен бастап
KEGOC-тың бір жай акциясы үшін дивиденд 847 теңгені құрап, бір акцияның құны 505 теңгеден 2023 жылы 1580 теңгеге дейін үш есеге өсті. 2022 жылы KEGOC компаниясының акционерлеріне жасаған төлемдердің мөлшері таза пайданың 112,8%-нан астамын құрады (30,17 млрд теңге). Компанияның Дивидендтік саясатымен таза пайданың кемінде 60%-ын дивиденд төлеміне жіберу айқындалды. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында компания 20,2 млрд теңге мөлшерінде дивиденд төлейтін болады.
SPO-ға қатысу үшін BCC.KZ мобильді қосымшасының басты бетіндегі «Инвестициялар» батырмасын басып, SPO KEGOC тарауына өтіп (немесе SPO KEGOC баннерін басып), брокерлік шот ашып немесе оны толықтырып, содан соң өтінімді толтыру қажет. Қатысу туралы өтінімде акцияларды сатып алу сомасын енгізіп, өтінім беруді SMS-код арқылы растау қажет. Өтінімнің орындалуының нәтижесінде қор биржасында қорытынды шығарудан кейін сіздің брокерлік шотыңызға акциялар бөлінеді.
ЦентрКредит Банкінің BCC.KZ мобильді қосымшасында брокерлік шоты бар кез келген клиенті
KEGOC жай акцияларының листингі Қазақстандық қор биржасында (KASE) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында (AIX) өткізіледі.
Листинг простых акций KEGOC буде происходить на Казахстанской фондовой бирже (KASE) и бирже
Международного финансового центра «Астана» (AIX)
SPO KEGOC акцияларын сатып алу туралы өтінімдерді жинау 2023 жылғы 16 қазанда басталып, қоса алғанда 2023 жылғы 2 қарашаға дейін жүргізіледі. Содан соң KASE және AIX сауда жүйелерінде KEGOC акциялары бойынша есептеулер жүргізу күндері қосымша хабарланады.
Сіз SPO-ға шектелмеген мөлшерде өтінім бере аласыз. Алайда, өтінімдер сомалар бойынша қосылмайтынын ескеру қажет. Мысалы, сіз әрқайсысы 2 000 теңгелік 4 өтінім бердіңіз, орналастыру бағасы 1 482 теңгені құрайтын болады. Акцияларды үлестіргеннен кейін сізге 4 өтінім бойынша 4 акция есептеледі. Егер сіз орналастыру бағасы 1 482 теңге болған кезде 8 000 теңгеге 1 өтінім берсеңіз, сізге 5 акция есептеледі. Ақшалай қаражаттың қалдығы сіздің брокерлік шотыңызға қайтарылады.
SPO KEGOC орналастырылу бағасы – бір жай акция үшін 1 482 теңге.
SPO-ға қатысу туралы BCC.KZ мобильді қосымшасы арқылы өтінім бергеніңізде комиссия 0% құрайды.
Қанағаттандырылатын өтінімдер бойынша акцияларды үлестіру аяқталған соң, бағалы қағаздар орталық депозитарийдегі қосалқы шотқа есепке алынады. Компанияның акциялары BCC.KZ мобильді қосымшасының "Инвестициялар" тарауындағы сіздің брокерлік шотыңызға есепке алынады.
SPO-ға қатысуға берген өтініміңіздің мәртебесін кез келген уақытта BCC.KZ мобильді қосымшасының "Тарих" тарауында тексеруге болады.
Инвесторлардың барлық өтінімдері сатып алушының деректері мен сатып алынуы жоспарланған акциялар
саны көрсетілетін, акцияларды сатып алуға берілетін өтінімдердің бірыңғай тізілімі болып табылатын "Өтінімдер кітабын" құрамдайды
Әрине, өтінімді "Өтінімдер кітабы" жабылған сәтке дейін өшіруге болады. Бірақ "Өтінімдер кітабы" жабылғаннан кейін өтінімді өшіру үшін кеш болады.
SPO-ға қатысуға өтінім беруіңіз үшін сіздің BCC.KZ мобильді қосымшасындағы брокерлік шотыңызда жеткілікті мөлшерде ақшалай қаражат болуы қажет, әйтпесе сіз SPO-ға қатысуға өтінім бере алмайсыз.
Сіздің ақшалай қаражатыңыз, қанағаттандырылмаған өтінімдер бойынша, BCC.KZ мобильді қосымшасындағы "Инвестициялар" тарауындағы брокерлік шотқа оралады.
Қанағаттандырылатын өтінімдер бойынша акцияларды үлестіру аяқталған соң, бағалы қағаздар орталық депозитарийдегі қосалқы шотқа есепке алынады. Компанияның акциялары BCC.KZ мобильді қосымшасының "Инвестициялар" тарауындағы сіздің брокерлік шотыңызға есепке алынады.
Компанияның дивидендтік саясатымен таза табыстың 40%-нан кем емес мөлшерде дивиденд төлеу
қарастырылған. KEGOC оларды акционерлерге жылына екі рет төлейді. Бұл ретте қолданыстағы заңнама,
Эмитенттің жарғысы мен дивидендтік саясаты есепті кезеңдегі таза табыстың 100%-на дейін дивиденд
төлеуге жұмсауға мүмкіндік береді. Компания,ақшалай қаражат компанияға әріқарайғы даму үшін қажет
және дивиденд төлеу жүзеге асырылмайды деген шешім қабылдауы мүмкін екенін ескерген жөн.
Егер мұндай ұстанымды Директорлар кеңесі мен Акционерлердің жалпы жиналысы қолдаса, онда есептік
кезең бойынша дивидендті жою туралы шешім заңды болып саналады. 2022 жылдың қорытындысы
бойынша KEGOC бір акция үшін 116,03 теңге мөлшерінде дивиденд төледі. Біле жүріңіз, 2023 жылдың
алғашқы жартыжылдығында KEGOC компаниясы 20,2 млрд теңге сомасында дивиденд төлейтін болады.
Акциялар BCC.KZ мобильді қосымшасындағы брокерлік шотыңызға есепке алынған соң бірден, биржаның
жұмыс уақытында – жұмыс күндері, Астана уақытымен сағат 11:30 бен 17:30 арасында.
KASE жергілікті қор биржаларында акциялар құнының өсуінен алынған табысқа да, дивиденд бойынша
алынған табысқа да салық салынбайды. Алайда салық декларациясында бұл табыс туралы есеп беру
қажет. Мысалы, егер сіз KEGOC акцияларын сатудан табыс тапсаңыз, келесі жылы декларация тапсырып,
табыс туралы есеп беруіңіз керек, ал бұл кезде салық нөлге тең болады
Иә, қатыса алады.